Қазақстан республикасы білім және ғылым минстрлігі


Сегізінші бағыт - дене тәрбиесі, салауатты өмір салты



бет33/140
Дата08.11.2023
өлшемі1,15 Mb.
#190205
түріОқулық
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   140
Байланысты:
Қазақстан республикасы білім және ғылым минстрлігі-emirsaba.org
қазақ тілі адебиет ұбт дайндк, №9 САБАҚ. ШЕШІМІ. ЫҚТИМАЛДЫЛЫҚ, 6c, бірінші бжб
Сегізінші бағыт - дене тәрбиесі, салауатты өмір салты. Бұл бағыттың мақсаты: салауатты өмір салты, дене дамуы және психологиялық денсаулық сақтау дағдыларын ойдағыдай қалыптастыру, денсаулыққа зиян келтіретін факторларды анықтау біліктілігі үшін кеңістік орнату. Бағалау критерийлері (қарым-қатынасы арқылы):денсаулық жағдайының скринингіне; әлеуметтік мақсаттар мен рухани қажеттіліктерге; теріс ықпалдарға қарсы тұрудың тиімді тәсілдерін меңгеруге; табиғи қабілеттерді орынды пайдалануға; денсаулық сақтауға және нығайтуға, қауіпсіз және жауапты мінез-құлыққа; өмірдегі жаңа жағдайларға сабырлылығы; қауіпсіздік пен өмір сүру әрекетін қамтамасыз етуге; денсаулық сақтау ортасын құруға; жаңа ортаға бейімделуге ықыласын және даярлығын көрсетуі. Іске асыру механизмдері: сабақтар, оқу пәндері, қосымша білім беру, волонтерлық қозғалыстар; дене тәрбиесі және салауатты өмір салты сабақтары, спорттық секциялар мен үйірмелер, ақпараттық-ағарту курстары, экологиялық форумдар, ғылыми жобалар, туған өлкеге жасаған экспедициялар, туристік жорықтар, сенбіліктер, репродуктивті денсаулық, нашақорлық, маскүнемдік, темекі тарту және АҚТҚ алдын алу жөніндегі семинар-тренингтер; денсаулық фестивальдері, спартакиадалар, қауіпсіздік бағдарлары; ақпараттық-диагностикалық материалдарды дайындау және тарату; «сенім қызметтерін» ұйымдастыру; мектепті, ауданды, қаланы көгалдандыру және абаттандыру, жасыл желек отырғызу, «Жасыл ел» қозғалысына қатысу және т.б. арқылы жүзеге асырылады.


Бағыттары

Зерттеуші ғалымдар


1

Қазақстандық патриотизм және азаматтық тәрбие, құқықтық тәрбие бойынша

К.Құнантаева, И.Б. Мадин, С.Ешімханов, И.Р. Халитова, С.Ғаббасов, Ә.Жұмаханов, Е.Ө. Жұматаева, С.Т.Иманбаева, А. Бейсембаева, Р.Мұратханова, Н.Ә. Мұхамединова, Р.А.Жанабаева, С.Ешiмханов, Е.Ө. Жұматаева, М.В.Зима, Д. Құсайынова, Ж.Бөжиг, И.И.Валеев, Волков Г.Н., Джаңабаева Р.А., Ромашов Н., Нұрмұқашева С., Храпченков В.Г.,Омар Е.О. т.б.


2

Рухани-адамгершілік тәрбие мәселесіне байланысты

Қ.Б.Бержанов, С.Мусин,Қ,Б.Сейталиев, Э.А.Орынбасарова, А.А.Калюжный,А.Н.Ильясова,Р.К.Төлеубекова,


Ш.Жұматаева,Ш.Майғаранова,А.А.Бейсенбаева,А.Ким,
Н.С.Алқожаева,А.Е.Дайрабаева,Ж.Б.Қоянбаев,Р.М. Қоянбаев т.б.

3

Ұлттық тәрбие

А.Э.Измайлов, Г.Н.Волков, Гашимов А.Ш., К.Пирлиев,


С.Қалиев, Қ.Жарықбаев, Қ.Бөлеев, Ғаббасов С., Кенжеахметұлы
С., К.Қожахметова Ш.Т.Таубаева,Ә.Табылдиев,
С.Т.Иманбаева,Г.Қ.Шолпанқұлова,Д.А.Нұрғалиева т.б.


4

Отбасы тәрбиесі

С.Қоңырбаева, Г.Байдельдинова, Н.Тригубова, Б.Мұқанова, А.Капенова, А.Шумебаева, Г.Сейдалиева, К.Құмаржанова, Ж.Торыбаева т.б.


5

Еңбек, экономикалық және экологиялық тәрбие

Ә.С.Бейсенова, А.С.Иманғалиев, Л.Х.Мажитова, О.У.Мұсабеков, Б.А.Абдыкаримов,Г.А.Уманов, Г.Т.Хайруллин, М.А.Құдайқұлов, К.Ә.Дүйсенбаев, К.Өстеміров, Р.А.Дәрменова, С.А.Жолдасбекова, Н.Б.Рахметова, Х.Қ. Шалғынбаева т.б.


6

Көпмәдениетті және көркем-эстетикалық тәрбие

Ж.Ж.Наурызбай, Ұзақбаева С.А., Дүйсембінова Р.Қ., Б.А.Жетпісбаева, М.Қ.Қаламқалиев, Юнусова М.С., М.Р.Балтабаев, С.Қ.Абильдина, З.Б.Қабылбекова, Г.К.Тлеужанова, М.М. Абсаттова, Т.Ш.Оралбекова , Қ.Базарбаева т.б.


7

Зияткерлік тәрбие, ақпараттық мәдениет тәрбиесі

Г.Қ.Нұрғалиева,Ф.Ш.Оразбаева,С.Т. Иманбаева,


А.Е.Берікханова,Г.К.Шолпанқұлова,Т.Қ.Ауелғазина,
К.З. Халыкова, Д.А.Нұрғалиева,С.Махмутов т.б.

8

Дене тәрбиесі, салауатты өмір салты

М.Тәнікеев, Б.Төтенаев, Ж. Бөжиг т.б.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   140




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет