Қазақстан республикасы білім және ғылым минстрлігі



бет113/141
Дата11.09.2024
өлшемі480,73 Kb.
#204178
түріОқулық
1   ...   109   110   111   112   113   114   115   116   ...   141
Байланысты:
Иманбаева С.Т., Майгаранова Ш., т.б. Т рбие ж мысыны теориясы м

Диагностикалық – отбасында шешілмеген күрделі мәселелерді, ата-ананың құндылық бағдарын және мәдени деңгейін анықтау.
Консультация жүргізу– мектепте ата-аналардың түрлі сұрақтарына жауап беру түрлерін ұйымдастыру.
Ата-аналардың тілегі бойынша белгілі бір оқыту формалары мен әдістерін ұйымдастыру.
Мониторинг кезеңі.Ата-аналардың тілегінің қаншалықты жүзеге асқанын, жүргізілген педагогикалық жұмыстардың ата-анаға пайда келтіргенін бақылау және жетілдіру.
1. Отбасын әлеуметтік-педагогикалық тұрғыдан ағарту кезеңі.
- ата-ананың баламен қарым-қатынасын реттеу үшін оларды балалармен бірге үйірмелік, спорттық т.б. жұмыстарға қамту.
- ата-ананың баламен қарым-қатынасын дамыту үшін баламен отбасында мәдени қарым-қатынас орнату жайлы әңгіме өткізу;
- ата-ана мен балалардың бірімен-бірінің сыйластығын арттыру мәдениетін қалыптастыру.
2. Бала, ата-ана және мектептің өзара құқықтық әрекеттестігі:
- бала мен үлкендердің өз құқықтарын білуін қамтамасыз ету;
- «Мектеп өмірінің кодексін» жасап, оны талқылауға ата-аналарды кеңінен араластыру.
Осы бағдарламаны жүргізу үшін сынып жетекшісі ата-аналармен түрлі сабақ формаларын: әңгіме, дәріс, іскерлік ойындар өткізеді. Мектепте педагогтар арасынан өз бастамаларымен арнайы топ құрып, бұл жұмысты қызықты етіп өткізуге болады. Алдыңғы қатарлы тәжірибені талдау барысында, оны жетілдіріп, барлық педагогтардың ортақ тәжірибесіне айналдырған абзал.
Отбасында ата-аналар мен бала арасындағы қайшылықтарды болдырмау мақсатында мектеп пен отбасындағы қарым-қатынас пен ынтымақтастықты арттыру көзделеді. Ата-аналармен педагогикалық сабақ жүргізу барысында олармен ынтымақтастықты арттыру үшін сауалнама жүргізіп, алдағы жұмыстардың бағытын анықтауға болады.
3. Ата-аналар жиналысын өткізу тақырыптары:
«Сіздің балаңыздың туған күні», «Біз айтатын өнегелі сөздер», «Біз балаларды туған елін сүюге үйретеміз бе?», «Осы заманға адамның өміріндегі күрделі және өткір мәселелер», «Қазіргі заман адамдарының өмірлік құндылықтары», «Өмірдің адамгершілік заңы», «Адам - өз өмірі жайлы», «Экологиялық зардаптар» т.б.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   109   110   111   112   113   114   115   116   ...   141




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет