Алтыншы бағыт-көпмәдениетті және көркем-эстетикалық тәрбие.Бұл бағыттың мақсаты: Білім беру ұйымдарының білім беру кеңістігін тұлғаның өзін-өзі сәйкестендіруінің көпмәдениетті ортасы ретінде құру, тұлғаның қоғамдағы жалпы-мәдени мінез-құлық дағдыларын қалыптастыру, оның өнердегі және болмыстағы эстетикалық нысандарды қабылдау, меңгеру және бағалау әзірлігін дамыту. Бағалау критерийлері (қарым-қатынасы арқылы):қоғамда және қоғамдық орындардағы жалпыға ортақ мінез-құлық нормаларына; қарым-қатынас мәдениетіне; сөз мәдениетін сақтауға; эстетикалық түсініктерді жетілдіруге; көркемдік мәдениет саласында эстетикалық мұраттарға, өнердегі және болмыстағы мінсіз сұлулыққа шығармашылық қабілеттер қалыптастыруға; ойлауға және шығармашылық қиялға, шығармашылық қызметке мәдениетаралық әрекетке; мемлекеттік тілді, орыс және ағылшын тілдерін білуге; толеранттылық пен ғаламдық пікір қалыптастыруға; көпмәдениетті тұлға қалыптастыруға қызығушылық, ұмтылыс танытуы. Іске асыру механизмдері: сабақтар, оқу пәндері, қосымша білім беру, сабақтан тыс іс-әрекеттер; үйірмелер, әдеби клубтар және т.б.; театрларға, мұражайларға, көркемсурет көрмелеріне, галереяларға, тарихи орындарға саяхаттар; шығармашылық кештер, оқушылар жұмысының көрмелері, байқаулар; белгілі тұлғалармен, өнер қайраткерлерімен және т.б.кездесулер; Қазақстан халқы Ассамблеясымен және этномәдени орталықтармен ынтымақтастық; білім беру ұйымдарында Қазақстан халқы Кіші Ассамблеяларын құру арқылы жүзеге асырылады.
Жетінші бағыт - зияткерлік тәрбие, ақпараттық мәдениет тәрбиесі.Бұл бағыттың мақсаты: әрбір тұлғаның зияткерлік мүмкіндігін, көшбасшылық қасиеттерін және дарындылығын дамытуды қамтамасыз ететін уәждемелік кеңістік құру; балалар мен жастардың тұлғалық ұстанымдарын жандандыру, ақпаратпен жұмыс жасауда функционалдық дағдыларын, ақпараттық өзара әрекеттесуде этикалық нормалары мен құндылықты мақсаттарын қалыптастыру. Бағалау критерийлері (қарым-қатынасы арқылы):өмір бойы білім алуына; өздігімен білім алуы және алған ақпаратты пайдалану біліктілігіне; сыни тұрғыдан ойлау, талдау және алған ақпаратты тиімді пайдалану қабілетіне; зерттеушілік және жобалық қызмет біліктерін, инновацияға қабілеттілікті меңгеруіне; пікірталас жүргізу дағдыларына; жасампаз қызметке; топтағы жұмысқа, корпоративтік рухты нығайтуға; ақпараттың түрлі дереккөздеріне; қажетті ақпарат алу арналары мен іздестіру жолдарына; өз қызметінің түрлі салаларынан алынған ақпаратқа; Интернет-қауымдастығына қосылу дәрежесіне; Интернеттегі девиантты мінез-құлыққа қарсылық білдіру; ақпарат дереккөздерін таңдау және талдау жасау, өздігімен іздестіру жолдары мен тәсілдеріне; Интернет-сауаттылыққа; жауапкершілікті мінез-құлыққа және туындаған ақпараттық нәтижеге; ақпараттық қызметте және байланыс жасауда этикалық нормаларға ұмтылуы және қызығушылығын білдіру. Іске асыру механизмдері: сабақтар, оқу пәндері, қосымша білім беру, сабақтан тыс қызмет, элективті курстар, үйірмелер және қызығушылығы бойынша сабақтар, мектептік және желілік дебат турнирлері, оқушылардың бірлескен жобалық жұмыстары; зияткерлік ойындар, байқаулар, тренингтер, викториналар, олимпиадалар, ғылыми-техникалық конференциялар; дарынды мамандармен және замандастарымен кездесулер, рефераттар, ғылыми-зерттеу, ғылыми-тақырыптық ақпараттық жобалар, шығармашылық жұмыстар, баяндамалар, мәлімдемелер, мектептік және студенттік медиа-орталықтар, БАҚ, сайттар, кітапханаларды дәріптеу; психометриялық және социометриялық тесттер мен әдістемелер; көшбасшылықты дамыту жөніндегі бағдарламалар және т.б. арқылы жүзеге асырылады.