В.А.Караковскийдің тәрбиелік жүйесі.В.А.Караковскийдің тәрбиелік жүйе ұғымы педагогикалық әрекеттің неғұрлым іргелі факторларының бірін: мектепті өзін-өзі реттеу мен өзін-өзі ұйымдастыруды, өзіндік қызмет етуді әлеуметтік тұрғыда іске асырады. Тәрбиелік жүйе отбасындағыдай мейірімді қатынасқа сәйкес, мектеп-отбасы-әлеуметтік орта бірлігінде іске асуын қамтиды.
Ж.Ж.Наурызбайдың тәрбиелік жүйесі. Ғалым көп ұлтты Қазақстан халықтары үшін ұлттық болмысты қалыптастырудың негізгі жолын атап көрсетеді. “ …бүгінгі таңда біз ұлттар мен ұлыстардың, әсіресе, білім беру саласындағы этникалық сұраныстарды жүзеге асыру мәселелерін терең ойластыруымыз керек. Бұл арада ұлттық сана-сезімді қалыптастырудың, мәдениеттілік мүдделердің құралы болып табылатын білім беру ісі алдында басты-басты үш қызмет тұр. Олар: табыстаушылық(ұлттық мәдениетті өркендету, сақтау және дамыту); даралаушылық (адамның, этникалық топтың немесе этностың ұлттық мәдени қажеттіліктерін, жеке тұлғаның ерекшеліктерін айқындау); ынтымақтастырушылық (мәдениеттердің өзара бірлігін, кірігуін, байытуын, жеке тұлғаның әлемдік және ұлттық мәдениет жүйесіне ұмтылысын қамтамасыз ету). Адамгершілік құндылықтары қалыптасқан мәдениетті тұлғаны қалыптастыру үшін: тілдік сана, тарихи сана, географиялық сана, көркемдік сана қажет деп, әр ұғымға бүгінгі күн тұрғысынан түсініктеме береді.
Кесте 5 – Мәдениетті тұлғаның көрсеткіші (Ж.Наурызбайдың тұжырымы бойынша)
Тілдік сана
|
Ана тілін, мемлекеттік және шетел тілдерін білу ғана дүниенің бар құбылысын, бояуын, әуенін санаға құю.
|
Тарихи сана
|
Этникалық және мемлекеттік сананың негізі. Ұлттық ой-сана, этностың мыңдаған жылдық аңыз-әпсанасы бейне-белгілері, наным-сенімдері халықтың тарихын білу арқылы ерекшеленеді. Тарихи сананы қалыптастыру тарихи танымның дұрыс қалыптасыуына тәуелді.
|
География-лық сана
|
…Планеталық, ғаламдық, экологиялық саналар деңгейіне самғаумен бірге кіндік кескен жер, туған өлке, Отан, өз шаңырағын қастерлеу сезімімен қатар тыныстау парыз.
|
Көркемдік сана
|
Ұшқыр қиял, нәзік сезім, әсемдікке құштарлық, әдемілікті бағалай білу, көркемдік талғам, өнер туындыларына тәнті болу қасиеттері.
|
Жоғарыда атап көрсетілген тілдік сана, тарихи сана, географиялық сана, көркемдік санамен бірге қоғамның дамуы сол қоғам мүшелерінің біліктілігі мен білімділігіне байланысты деп атап көрсетеді. “Біліктілік – адамның өмір жолында көргені мен естігенінің тиімдісін көңілге тоқудың, ал білімділік - тікелей оқудан құралмақ. Мұның біріншісінің сапасы тәрбиеге, халықтық салт-дәстүр, әдет-ғұрыпты, тілді біліп өсу деңгейіне қатысты болса, екіншісі – білім нәрімен ауыздандыратын оқулықтардың сапасына тәуелді екені белгілі”,-деуі теориялық білім мен тәлімдік тәжірибелерді өзара жинақтай және кіріктіре отырып, толықтай тәрбие жүйесін (адамгершілік, ақыл-ой, дене, эстетикалық, экономикалық, экологиялық, т.б.) тұтас қамти отырып, әлемдік өркениет көшіне лайықты тұлға тәрбиелеу бүгінгі қоғамның негізгі ұстанымы деп бағалайды.
Достарыңызбен бөлісу: |