М.Құрсабаевтың тәрбиелік жүйесі. Еліміз егемендік алғаннан кейін1991 жылы сыныптан тыс уақытта жүргізілетін 41 бағыттан тұратын “Атамекен” бағдарламасы тәрбиелік жүйесін республика мектептерінің оқу тәрбие жүйесіне енгізілді. Бағдарлама мектептің тәрбие жүйесіне “Шежіре”, “Салт”, “Бабалар өсиеті”, “Сөнбес жұлдыздар”, “Дәстүр” атты т.б. бағыттар негізінде енгізіле отырылып, мектеп оқушыларының ұлттық дүниетанымын қалыптастыруда, салт-дәстүр мен әдет-ғұрыпты,шежіре мен тарихты тануға ықпал етеді.
Мектептегі тәрбие жүйесі, біріншіден жүйенің қалыптасуынан, екіншіден әр ұжымның іс-әрекетінің мазмұнын нақтылаудан, үшіншіден, жаңашыл үдерістерді пайдалану барысында жүйені қалыптастырудан тұрады.
Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар
Тәрбие жүйесі, тәрбиелік жүйе, тәрбие жұмысының жүйесі ұғымдарының мағынасын қалай түсінесіз?
А.С.Макаренконың тәрбиелік жүйесі мазмұнына тоқталыңыз.