ҚОҒАМНЫҢ САЯСИ ЖҮЙЕСІ: ҰҒЫМЫ, ҚҰРЫЛЫМЫ ЖӘНЕ ҚЫЗМЕТІ.
1. Саяси жүйе ұғымының қалыптасу генезисі.
2. Саяси жүйенің құрылымы және қызметі.
3. Саяси жүйенің түрлері (типологиясы).
1. Саяси жүйе ұғымының қалыптасу генезисі.
Саяси жүйе ұғымының қалыптасу генезисі. Саяси жүйе теориясы 1950жылдың ортасынан бастап қалыптаса бастады. Оның қалыптасуына негіз болған екі көзқарасты айтуға болады: Бихевиористік, жүйелік жөне құрылымдылық-функцияналдық көзқарас. Бихевиористердің түсінігінше саясат- ол ең алдымен адамдардың саяси өмірдегі саяси әрекеттері. Сондықтан,бихевиористік көзқарастың өзіндік ерекшеліктері ретінде мыналарды айтуға болады.
1.Саяси мінез- құлықты саяси зерттеудің негізгі объекті ретінде қарастыру;
2.Статистикалық және сандық көрсеткіштерді максимальды түрде қолдану;
3.Саяси жағдайларды түсіндіруге қабілетті теорияларды жасау