Саяси жүйенің ақпаратты-коммуникативтік элементіне келетін болсақ, ең алдымен олар саяси жүйенің саяси емес әлеуметтік институты болып табылады. Бұның маңызы сонда, өйткені халық өкімет органдарының ісіне белгілі-бір хабар-ошар, информация болғанда ғана саяси тұрғыдан баға бере алады. Сондықтан да бұқаралық ақпарат құралдарын "төртінші өкімет« немесе биліктің төртінші иегері " деп те атайды. Оның себебі:
1. ол саяси ақпараттарды өз бетінше дайындайтын мекеме;
2. ол халық бұқарасына басқаларға қарағанда жақын, олармен жиі араласатын мекеме болып есептеледі;
3. ақпараттың халыққа кеңінен таралу механизмдері жетілген;
Сондықтан ақпарат құралдары халықтың саяси жүйеге деген қатынасымен көзқарасын қалыптастырудың дамыған тұтқасы болып есептелінеді.
оған жататындар: өкіметке ақпарат беру каналдары, яғни мәжілістерде іс-әрекетті ашық баяндау процесі, істерді тексеру немесе тергеу комиссиясы, қажетті топтармен жасырын (конфиденциальный) кеңестер, сондай-ақ, бұқаралық ақпарат құралдары(телевидение, радио, газеттер мен журналдар, кітаптар) т.б