Қазақстан Республикасы білім және ғылым



бет9/78
Дата12.09.2022
өлшемі2,01 Mb.
#149261
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   78
Байланысты:
ЕТ Aubakirov Et jane Et onimderi
ТПК ЛЕК №2 старый
Дәрумендер жиынтығы. Барлық ет өнімдері сияқты жылқы еті де ағзаға биологиялық ролі зор В1 тобындағы дәрумендерді жеткізуші болып табылады. Ақуыздардың, майлардың, көмірсулардың алмасуына қатысады, жүйке жүйесінің, ас қорыту, қан түзілу, сондай-ақ әртүрлі ферменттер қызметін реттеп отыратын заттардың құрамына кіреді және ұлпалардың тыныстануына ағзаның қышқылдану - қайта қалпына келу реакциясында елеулі рөль атқарады. Жылқы еті А дәруменіне бай өнімдер қатарына қосылады. Бұл дәрумендер дайын күйінде тек май өнімдерінде ғана ұшырасады, ал сәбіз, асқабақ, қызанақ сияқты өсімдіктерде оның өзі каротиндер түрінде ғана болады. Жылқы майында А дәрумені дайын күйінде де, каротин түрінде де кездеседі. Бұл жылқы майында сарғыш түс беріп тұрады. А дәрумені тапшы болған жағдайда жас ағзаның өсуі баяулайды, ал ересек ағзаның терісі, көз жанары дертке шалдығады.
Жылқы етінде сиыр етіне қарағанда РР витамині көбірек болады. Бұл витамин жөніндегі қажеттілік негізінен әдетте ағзада РР витаминдері түзілетін өз құрамында триптофан толымсыз аминдік қышқылдары көп ет өнімдерінің есебінен қанағаттандырылады. Көбіне дәнді дақыл, өсімдік өнімдерімен тамақтанған кезде бұл витаминге тапшылық пайда болады, оны клиникалық жағдайға терінің пелларгой ауруына шалдығуынан айқын аңғаруға болады.
Минералдық заттармен жабдықтаушы. Ет өнімдері сияқты жылқы еті де жүйке, жүрек, қан тамырлары жүйелерінің қалыпты жұмыс істеуіне қажетті, сүйек ұлпасының негізін құрайтын, ағзадағы энергетикалық алмасуға қатысатын кальциді, фосфорды ағзаларға жеткізіп отыратын жабдықтаушы. Сонымен қатар, жылқы еті - натрий, магний, хлор сияқты микроэлементтердің де қайнар көзі. Бұл элементтер қанға қажетті қорған жасауға, қан қысымын реттеп отыруға, жүйке және бұлшық ет ұлпасының қызметіне, ас қорытатын
ферменттердің түзілуі мен олардың белсенділігін арттыруға қатысады. Жылқы етінде сиыр етіне қарағанда калий де, темір де, мыс та, мырыш та, кобальт та көп.
Алмасу процестеріне дем беруші. Жылқы етінде сиыр етіне қарағанда сүт, аконит, лимон, янтарь сияқты органикалық қышқылдар көп болады. Бұл қышқылдарда заттар алмасуын шапшаңдату, ас қорыту мөлшерінің қызметін жақсарту қабілеті бар, олар ішек-қарындағы микрофлоралардың құрамын өзгерту арқылы ішектегі ыдырау үрдісін азайтады. Айтулы қышқылдар жылқы етінің қасиетін танытады, сол себептен де ас қорыту ағзалары ауырған кезде жылқы етін диетикалық терапия ретінде қолдануға әбден болады.

Кесте 2


Бірінші категориялы жылқы етінен жасалған халық тағамдарының химиялық құрамы мен қоректілігі

Тағам

Құрамы

Қоректілігі, ккал

су

протеин

май

күл

Жал

8,9

7,2

80,3

3,6

7470

Қарта

26,8

8,4

61,3

3,5

6050

Қазы

27,2

12,3

56,7

3,8

5730

Жая

24,8

21,6

51,0

2,6

5620

Шұжық

39,1

16,9

39,0

5,0

4320

Әсіп

63,0

20,1

15,0

1,9

2220

Сонымен жылқының еті мен майы аса бағалы диетикалық өнім. Жылқы еті сіңімді, оңтайлы теңестірілген аминдік қышқылдар құрамы бар толыққанды ақуыздарға бай келеді, оның бұлшық еттер арасындағы майлы шелі аз болады. Сонымен қатар, липотроптық, антиарогендік, өт айдағыштық қасиеті айқын, кенеулігі төмен диетикалық өнім болып табылады.Жылқы етінің қосымша майлы шелі толымсыз майлы қышқылдарға, оның ішінде ағзадағы заттар алмасуына маңызды роль атқаратын эссенциялық әрқилы толымсыз майлы қышқылдарға да бай келеді. Сондай-ақ, витаминдердің, өмірлік аса қажетті минералдық элементтер мен органикалық қышқылдардың мол болуы жылқы етінің тағамдық және биологиялық құндылығы мен қасиетін арттыра түседі. Жылқы етінің бұл қасиеті клиникада кейбір ауруларды емдеген кезде, ойдағыдай пайдаланылып жүр.




    1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   78




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет