1. Тауар ақпаратының түрлері мен формалары
Тауарлы ақпарат деген коммерциялық іс-әрекеттің субъектілері мен тұтынушылар үшін арналған тауар туралы мәлімет. Өндірушілер тауарлы ақпараттың алғашқы көздері және сатылатын тауарлар туралы сатушы мен сатып алушыларды хабардар ету қызметін жүзеге асырушы боп табылды. Бөлу каналдары бойынша тауар қозғалысының жылдамдығы, өткізу интенсивтілігі, сатуды ынталандыру, тұтынушылық талғамдарды қалыптастыру және тауардың өмірлік циклы ақпараттық қызметтің сапасынан тәуелді.
Тауарлы ақпаратты пайдалану мақсатына қарай 3 түрге бөленеді: негізгі, коммерциялық және тұтынушылық.
Негізгі тауарлы ақпарат дегеніміз нарықтық қатынастар субъектілері үшін арналған және идентификациялау үшін шешуші мәнге ие тауар туралы негізгі мәлімет. Негізгі ақпартқа тауардың атауы мен түрі, оның сорты , нетто-салмағы, өндіруші кәсіпорынның атауы, шығарылған күні және сақтау мерзімі.
Коммерциялық тауарлы ақпарат дегеніміз өндіруші, жеткізуші мен сатушы үшін арналған және негізгі ақпаратты толықтыратын тауар туралы мәлімет. Бұл ақпаратқа делдал – кәсіпорын, тауар сапасы туралы нормативтік құжаттар, СЭҚ ТН бойынша өнімдердің ассортименттік нөмері және т.б. мәлеметтер кіреді. Мысалы, коммерциялық ақпарат ретінде штрих кодты айтуға болады.
Тұтынушылық тауарлы ақпарат дегеніміз тұтынушылық талғамдарды қалыптастыруға арналған тауар туралы мәлімет. Осы ақпарат тауардың аса тартымды тұтынушылық қасиеттері туралы мәліметтерді қамтиды, яғни тағам құндылығы, құрамы, пайдалану және эксплуатациялау тәсілдері, қауіпсіздігі және сенімділігі және т.б. тауарда және орамасындағы әсем суреттері тұтынушылардың эмоционалдық қабылдауды күшейту үшін арналған.
Тауарлы ақпараттың формалары:
сөздік;
цифрлік;
суреттік;
символдық; штрихтік.
Сөздік ақпарат дегеніміз белгілі бір тілде жазылатын қарапайым адамдар оқи алатын қысқаша мәтін.
Цифрлік ақпарат дегеніміз көбінесе, сөздік ақпаратты толықтыру үшін және тауар туралы сандық сипаттамасы қажет кезде қолданылады. Мысалы, өнімнің нөмері, кәсіпорын, нетто-салмағы, ұзындығы, мерзімі және т.с.с.
Суреттік ақпарат дегеніміз көркем және графикалық суреттер көмегімен тауар туралы мәліметтерді көрушілік және эмоционалды қабылдауды қамтамасыз етеді. Бұл ақпарат сөздік немесе цифрлік ақпаратты тек толықтырады.
Символдық ақпарат дегеніміз ақпараттық белгілер көмегімен берілетін тауар туралы мәлімет. Ақпараттық белгілер деген тауардың жеке немесе жалпы сипаттамаларын идентификациялау үшін арналған шартты белгілер.
Ақпаратық белгілердің формалары: - тауарлы; - шығарылған орынның атауы; - сапа белгілері; - штрих код; - компоненті; - өлшемдік; - эксплуатациялық; - манипуляциялық; сақтандырушы; - экологиялық.
Штрихтік ақпарат (немесе штрих код) деген штрих және сан күйінде кодталған, тауар туралы ақпаратты есепке алу және идентификациялау үшін арналған белгілер. Штрих Код – автоматты идентификациялаудың кең тараған құралдарының біріт. АИ – ң өзге құралдарына цифрлік, магниттік, радиожиелік, дыбыстық және визуалдық идентификация(магниттік карточка және т.с.с.) жатқызылады. Оны кең пайдаланудың себептері :
Штрих кодтың қосымша функциялары:
есептегіш құрылғылар көмегімен тауарларды автоматты түрде идентификациялау;
тауар қорларын автоматты түрде есепке алу және бақылау;
тауар қозғалысын оперативті басқару;
сатып алушыларға қызмет көрсету деңгейін жоғарлату; - маркетингтік зертеулерді ақпаратпен қамтамасыз ету.
Ақпараттық технологиялардың дамуы, өндіріс және сауда сфераларында ЭВМ –ды кең қолданылуына байланысты Штрих кодты енгізу қажеттілігі туындады. Штрих кодтың 2 түрі бар:
еуропалық EAN; американдық UPC.
Достарыңызбен бөлісу: |