Қазақстан республикасы білім және ғылым



бет20/44
Дата06.02.2022
өлшемі1,04 Mb.
#80043
түріСабақ
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   44
Байланысты:
Латин

Жоспары:

  1. Ветеринариялық терминология, термин, номенклатура

  2. Зат есімнің катeгориялары (тектік түр, септік және жіктелу)

  3. Зат есімнің сөздік формасы

  4. Септеулер



Термин (лат. terminus - шекара, шeгі) - арнайы ғылыми мағынаны анықтайтын сөз немесе сөз тіркесі. Қазақша баламасы - атауыш. Терминге тән қасиет бір мағыналылық (monosemia - моносемия, monos бір, біреу; semion - белгі)
Ветеринариялық терминология - ветеринария саласына қатысты процесстердің, құбылыстардың, заттардың ғылыми атауларының жиынтығы
Ветеринариялық терминология үш терминологиялық топтардан тұрады:

  1. анатомиялық

  2. клиникалық

  3. фармацевтикалық

Терминология ғылыми түсініктер туралы ілім. Номенклатура - атаулар жиынтығы, белгілі бір ғылым ауқымында қолданынылып жүрген атауыштар мен катeгориялардың жиынтығы. Қазіргі қезде медицина мен ветеринарияның терминологиялық қоры 500 мың терминді құрайды (тарихи анықтама: eгер X ғасырда медициналық бір мың термин болса, 1850 жылы алты мыңға жуық, ал 1950 жылы 45 мың терминге жеткен). Анатомиялық терминдер жеке сөздерден немесе сөз тіркестерінен тұрады. Мысалы: vertebrаe - омыртқа немесе articulatio temporo-mandibularis - самай төменгі жақ буыны
Терминге қажетті нақтылықты көрсету үшін оның құрамына анықтауыш кіреді. Ол жеке бір сөзге емес, толық сөз тіркесіне қатысты болады. Мысалы: сүйек миы - medulla ossium - қызыл не сары болады, сондықтан да бұл терминнің толық аталуы medulla ossium rubra - сүйектің қызыл майы және medulla ossium flava - сүйектің сары майы.
Анықтауыштың екі түрі бар: 1. Келісілген - анықталатын зат есіммен тектік түрде және септікте келісілетін сын есім: musculus rectus - тік ішек. Eгер зат есімнің бірнеше келісілген анықтауышы болса, онда бірінші болып ағзаға тиістілігін анықтайтын, оның артынан көлемін анықтайтын немесе тұрған жерін анықтайтын анықтауыштар тұрады; conchae nasalis dorsalis et ventralis - дорсальды және вентральды мұрын кеуілжірлері.
2. Келісілмeген - genetivus септігінде тұрған зат есімнің басқа бір зат есімді анықтауы, мысалы: columna vertebrarum - омыртқаның бағанасы, facies cerebrum — мидың қабаты.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   44




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет