Қазақстан республикасы білім жәНЕ



Pdf көрінісі
бет16/51
Дата26.09.2019
өлшемі8,78 Mb.
#48889
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   51
Байланысты:
2 - filosofiya t l alar bejnes nde


Әдебиет

 

1.  Шығыс философиясы. /«Мәдени мұра»,ОҚ.«Жазушы»,—Алматы: 2009. 

316-324 беттер 

2.  Ефремова Н.В. О единстве философии и религии согласно Ибн-Рушду // 

Вера и знание в контексте диалога культур. Сравн.филос. —М: 2008.  

3.  Ибн  Рушд/  «Әлемдік  философиялық  мұра»,  20-томдық,  5-том. 

Ортағасырлық діни философия. —Алматы: 2005. 439-495 б.б. 

4.  Ибн  Рушд.  Рассуждение,выносящее  решение  относительно  связи 

между  философией  и  религией  //Антология  мировой  философии. 

Т.1.,Ч.2., «Мысль», —Москва: 1969. 

5.  Сагадеев А.В. Ибн Рушд(Аверроэс). —Москва: 1993. 

6. 

Ибн-Рушд.  Терістеуді  терістеу  /Опровержение  опровержения 

(фрагменты).  Перевод  А.И.Рубина  и  А.В.Сагадеева  //Избранные 

произведения  мыслителей  стран  Ближнего  и  Среднего  Востока  IX—

XIV вв. —Москва: 1961, с. 399—554.

   

     


 

154 

 

ӘБУ ЗЕЙД ӘБДРАХМАН ИБН 



МҰХАММЕД ИБН ХАЛДУН ӘЛ-

ХАДРАМИ ӘЛ-ЭШБИЛИ 

 

(27 мамыр, 1332ж, Тунис –17наурыз, 



1406ж, Каир; 732 – 808 хиджра ж.) 

 

         —  араб-мұсылман  философы,  кәсіпқой 



тарихшы, әлеуметтік ойшыл, қоғамдық және 

мемлекеттік қайраткер.  

          Елші,  Мысырда  жоғары  қазы  болды. 

Әке-шешесі 

андалусиялықтар. 

Тунисте 


Құран, 

хадистер, 

құқық, 

грамматика, 



пиитика және т.б. оқыған, Феседе  Әбу-Инан 

сұлтанның  жанында  қызмет  еткен.  Өзінің 

кейбір  көзқарастарына  байланысты  кейін  

Испанияға  кетуге  мәжбүр  болады  (1362);  Кейінгі  жылдары    Ибн-Халдун  ел 

билеушілерінің хатшысы (хат жазушысы) болып қызмет етеді. 

         1382  жылы  ол  Каирде  тұрады,    сонда  профессорлық  дәрежеге  ие 

болады, содан кейін маликиттердің жоғарғы кадиі болып сайланады (шариғат 

соты). Әділдікті әрдайым өзінің өмірлік қағидаты еткен оның жаулары да аз 

болмады,  оны  кейбір  қаскүнемдер  өзін  айыпты  етсе,  енді  бірде  оның  ар 

тазалығына  еш  шүбә  келтірмегендер  қайтадан  осы  лауазым  бойынша 

жұмысқа  шақыртты.  Ақсақ-Темір  (Тамерлан)  мысырлық  сұлтанаттың 

иелігіндегі  Сирияға басып кіргенде, Ибн-Халдун, Ибн-Арабшахтың айтуына 

қарағанда, 

өзінің 


билеушілерінің 

басы-қасында 

болып, 

өзінің 


ақылдылығымен көзге түсіп, атақты қолбасшы Темірланның көңілінен шықса 

керек  және  ол  дереу  Каирға  өзінің  бұрынғы  қызметіне  (жоғарғы  кадийлік) 

жіберіледі (1400). 

Философиялық шығармалары: 

«Өмірбаян», «Мухассалдың мәні», «Үлкен тарих», «Муккадима» және т.б. 

 

Философиялық көзқарастары: 

        Ибн  Халдун  өз  іліміндегі  экономикалық  теориясында  жеке  меншік 

проблемасын әзірледі, материалдық ынталандыру қажет деп есептеді, салық 

салу проблемалары бойынша өте маңызды жобалар әзірледі. 

        Әсіресе  Ибн  Халдунның  өркениет  туралы  теориясына  қосқан  үлесі  өте 

маңызды. Өркениеттердің құлдырау және құру себептерін аша отырып, Ибн 

Халдун  өркениет  құриды,  ал  мәдениет  қалады  деген  қорытындыға  келеді. 

Өркениет  қандай  да  бір  қоғам  дамуының  жоғары  сатысы  болып  табылады, 

бірақ одан соң, заңды түрде, гүлденуден кейін күйреу басталады. Ибн Халдун 

мәдениет  пен  өркениеттің  қатынасын  тарихи  жағынан  бір-біріне  жағдай 

жасайтындар ретінде қарастырады. 

       Ибн Халдун әділетсіздік өркениеттердің күйреуіне әкеледі деп есептейді. 



155 

 

 Ибн Халдун өркениеттерді жіктей отырып, асабийаның әртүрлі деңгейлерін 



көрсетеді.  Мысалы,  ең  жоғарысы  -  бәдәуилерде,  көшпелілерде.  Көшпелілер 

мәдениетінде  асабийа  экономикалық,  әлеуметтік,  аумақтық,  тарихи 

жағдайларға  ғана  емес,  сондай-ақ  көшпелінің  өнегелілік  қасиеттеріне 

(мурувва)  қарай  өте  жоғары  дамуға  қол  жеткізеді.  Ең  жоғары  өркениет- 

исламдық  өркениет.  Әділеттілік  туралы  Құдайлық  заңдарға  негізделген, 

ислам  мемлекетін  басқаруға  енгізілген  ислам  ұстанымдары    мұсылман 

мәдениетінің  бұрын  болып  көрмеген  гүлденуге  қол  жеткізуіне  мүмкіндік 

береді. 


       Ол  мемлекеттердің  құлдырау  себептерін  ашып  көрсете  отырып, 

сыбайлас–жемқорлық  тәртіпті  адамдардың  ынтымақтастық  сезімін  жоққа 

шығарады  деп  есептеді.  Бюрократтық  аппараттың  сыбайлас  жемқорлығы 

және  «дәулеттілердің  билігі»  еңбек  өнімділігінің  төмендеуіне,  халықтың 

наразылығына,  қоғам  берекесінің  кетуіне,  мемлекеттің  ішкі  және  сыртқы 

қарыздарына әкеп соғады. 

       Ол  «билікті  қолдарына  толық  шоғырландыруға  қол  жеткізген  билеуші 

тап  уақыт  өте  келе  өсе  түседі  және  өз  қажеттіліктерін  арттыра  түседі,  бұл 

оның  қоғамдық  ресурстардың  сарқылуына,  шаруашылық  белсенділіктің 

құлдырауына,  халықтың  кедейленуі  мен  азғындауына,  қуаттылықты 

жоғалтуға  барабар  бейімделу  қабілетін  төмендетеді.  Бұндай  жағдайларда 

сыртқы бәсекелестері мен өз халқының алдында қуаты мен берекесін көрсету 

әрекеттері,  сыбайластарды  сатып  алу  режимінің  күйреуі    мен  биліктің 

алмасуын кейінгіге қалдыра алады, бірақ бөгет бола алмайды» деп есептейді. 

        Халдунның  саяси  және  экономикалық  сценарийі  асабийа  баяғыдан  тек 

жекелеген  адамдарға  ғана  асабийа  болып  табылатыны  қоғамның  заманауи 

модельдерінен  айқын  көрінуде.  Заманауи  тарихи-әлеуметтанушылық  ілімде 

оның теориясы мемлекеттер дамуының болашағын көру үшін өте өзекті. 

       Ибн  Халдун  асабийа  ынтымақтастық,  топтасқандық,  әріптестік  ретінде 

әділеттілік, жауапкершілік ұстанымдарында құрылуы тиіс, әйтпесе мемлекет 

бұзылуға «дайын» болады деп есептеді.  

        

Әдебиет: 

 

1.  Шығыс философиясы./«Мәдени мұра» сер., ОҚ. «Жазушы», —Алматы: 

2009. 326-330 бет 

2.  Бациева  С.М.  Историко-социологический  трактат  Ибн  Халдуна 

«Мукаддима». «Наука», —Москва: 1965, 66-бет. 

3.  Ибн 

Халдун  /«Әлемдік  философиялық  мұра».  20-т,  5-том. 

Ортағасырлық діни философия. «Жазушы», —Алм.: 2005. 525-557 б. 

4.  Игнатенко А.А. Ибн Хальдун. — Москва: 1980.    

5.  Григорян  С.Н.  Из  истории  философии  Средней  Азии  и  Ирана  (VII  -

XIIв.в.). —Москва: 1960. 115-бет. 

6.  Философия и религия на зарубежном Востоке.—Москва: 1985. 

7.  Степанянц М.Т. Восточная философия.—Москва: 1997. 


156 

 

          Мұсылмандық  зерттеумен  айналысқан  тарихи-философиялық  және 



мәдениеттанымдық еңбектерге қарағанда ислам әлемінің данышпандары ерте 

грек  ғылымы,  философиясымен  қатар  Алдыңғы  Азия,  Орталық  Азия  және 

Шығыс  мәдениеті  мен  философиясын  қабылдай  отырып,  философиялық 

дәстүрлерді  одан  әрі  жалғастырды.  Егер  ортағасырлық  Батыс  Европада 

христиандық дінді идеологияландыру, философиялық интоксикациялау және 

негіздеу  үдерісі  жүріп  өтсе,  ал  мұсылман  аймағында,  әсіресе  VII-X 

ғасырларда  философия  мен  ғылым  өзінің  гүлденген  кезеңін  бастан  кешірді. 

Бұл 


кезеңде 

ғылымның 

мынадай 

салалары 

қарқынды 

дамыды: 


тригонометрия, алгебра, оптика, психология, астрономия, химия, география, 

зоология,  ботаника,  медицина.  Арнайы  білім  салаларының  дамуына  әл-

Фараби, әл-Хорезми, әл-Бируни, ибн Сина, Омар Хайям және т.б. ойшылдар 

өздерінің үлестерін қосты. 

         Мұсылман  әлемінің  философтары  мен  ғалымдары  Батыстың  ғылымы 

мен  философиясы  қалыптасуына  дүниетанымдық  және  теориялық  зор 

ықпалын  тигізді.  Батыс  мұсылмандық  Шығыс  арқылы  алғаш  рет  антик 

мәдени 


мұрасымен, 

сонымен 


бірге 

Шығыс 


мәдениетінің 

озық 


жетістіктерімен  танысты.  Бұл  ғылыми,  теориялық  жетістіктер  мен 

философиялық  жаңашылдықтарды,  прогресшіл  рационалистік  философия 

мен  ғылыми  шығармаларды  мұсылман  әлемінің  ойшылдары  араб  тілінде 

жазғанымен, олардың көбі этникалық шығу тегі жағынан араб емес, түркілер 

және парсылар болды. 

          Осылай, Батыс әлемі Шығыспен рухани диалогы нәтижесінде ерте грек 

дүниесімен  қатар,  шығармашылық  және  жаңашылдық  идеялар  мен 

концепцияларға  толы  шығыстық  мәдениеттің  есігін  ашты  (Ғабитов  Т. 

Философия.  «Раритет»,  —Алматы:  2004  /Мұсылман  әлемінің  философиясы. 

33-бет). Қорыта келгенде, ортағасырлық мұсылман философиялық тұлғалары 

мен ғалымдарының көзқарастары Шығыс пен Батыс философиясының ілгері 

дамуына айтарлықтай өз әсерін тигізді. 

 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

157 

 

 



 

 

       

4 – БӨЛІМ 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ҚАЙТА ЖАҢҒЫРУ КЕЗЕҢІНІҢ ФИЛОСОФИЯСЫ 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

158 

 

         XV ғасырда басталған бұл дәуірге Шығыс пен Батысты сауда жолымен 



байланыстырып келген Жібек жолы Шыңғысхан басқыншылары Орта Азия, 

Таяу Шығыс, Шығыс Европа елдерін жаулап алған соң өз маңызын жойып, 

Батыстың  Шығысқа  жол  іздестіруі  және  жаңа  географиялық  ашылымдарға  

байланысты  су  жолдарының  дамуына  себеп  болды.  Сол  іздестіру 

нәтижесінде  Америка  ашылды,  оңтүстік  Африка  арқылы  Үндістанға, 

Қытайға  су  жолы  ашылып,  ірі  теңіз  саяхатшылары  қайтадан  Батыс  пен 

Шығыс  арасындағы    сауда  жолын  жандандырды.  Соған  сәйкес,  енді  сауда 

жолдары  сөнген  Орта  Азия  мен  Таяу  Шығыс орнына  Португалия,  Испания, 

кейін  Нидерланды  мен  Англия  дамыған  ірі  елдерге  айналды.  Бұл  елдерде 

бұрынғы  ғасырлар  бойы  замоктарда  орналасқан  феодалдық    ыдыраушылық 

орнына бір орталыққа бағындырылған корольдік үкіметтер келді. Алыстағы 

әр елдермен араласу – ол елдердің тілін, мәдениетін білуді қажет етті. Шығыс 

пен батыс байланысы мәдениеттің, ғылымның дамуына жеткізді. Жан-жақты 

білімді адамдар дүниеге келді. Осы дәуірде олар орта ғасырлық діни ұғымдар 

мен  схоластикаға  негізделген  идеология  шеңберін  бұзып,  ертедегі  грек-рим 

мәдениетіне бет бұрды. 

 

        Соған  сәйкес  ғылым  өкілдері  инквизиция  жасаған  сұмдық  азаптарға 



қарамастан  табандылық  пен  ерлік  көрсетіп,  жаңалықтар  ашты.  Мәселен, 

протестантизм дінінің бастаушысы Кальвин испандық дәрігер Серветті адам 

денесінде  қан  айналымы  болтынын  ашқаны  үшін,  тірідей  екі  сағат 

шыжғырып  өлтіртті.  Сондай-ақ  инквизиция  Джордано  Бруноны  Рим 

алаңында  тірідей  өртеп  өлтірді.  Өлер  алдында  Джордано  былай  деп  өсиет 

қалдырды:  «Мейлі  мені  өртеп  өлтірсін,  бірақ  менің  өлімім  адам  баласын 

жарқын  болашаққа  апаратын  жолдарға  бөгет  бола  алмайды».  Николай  

Коперник  өлім  табытына  жатар  алдында:  «Бәрібір  жер  айналып  тұр»  деген 

екен.  Бұл  кезде  ғалымдар  Жер  Күнді  айналып  қозғалатын  гелио-центрлік 

жаңалық  ашты.  Пантеистік,  Натурфилософиялық  бағыттың  негізін  Николай 

Кузанский  салды.  Ол  философтяның  негізгі  мәселесін  идеалистік  тұрғыдан 

шешті.  Дүниенің  бәрін,  адамды  да  Құдай  жаратты,  деді,  бірақ  пантеистік 

пікірді  дамыта  отырып,  сайып  келгенде,  ол  Жаратушының  рөлін  жоққа 

шығарды. Өйткені, пантеизм құдайды табиғатпен алмастырды. Ол кеңістіктің 

шегі бар, дүниенің жаратылған уақыты бар деген схоластикалық діни пікірге 

күмән  келтірді,  дүниенің  шексіздігін  ауғыздады.  Таным  алдымен  сезімнен 

басталады,  одан  соң  оны  ойлаумен  толықтырады.  Бұл  екі  процесс  ұдайы 

бірлікте,  ақыл  (Интеллект)  бәрінен  жоғары  тұрады  деп  есептеді  (Кішібеков 

Д., Сыдықов Ұ. Философия. «Қарасай», —Алматы: 2008).  

          Сондай-ақ,  Қайта Жаңғыру кезеңінің философиясында реформациялық 

бағыт  та  кең  өріс  алып,  бірнеше  тұлғалар  тарих  сахнасына  шықты..  Олар 

(М.Лютер, Ж.Кальвин, У.Цвингли және Т.Мюнцер) шіркеулік идеологияны, 

дінге  сенушілер  мен  Шіркеу  арасындағы  қатынасты  қайта  қарастыру, 

өзгертуді  мақсат  етті.  Оған  басты  себеп:  феодализм  дағдарысы,  сауда-

өндірістің  дамуы,  феодалдық  ыдыраудың  әлсіреуі  және  европа 

мемлекеттерінің қалыптасуы. 

 


159 

 

НИКОЛАЙ КУЗАНСКИЙ (КРЕБС)  



 

(1401ж., Мозелдегі Куза – 11 тамыз,  

1464ж., Тоди, Умбрия) 

 

        —  кардинал,  XV  ғасырдағы  ірі 



неміс ойшылы, философ, теолог, ғалым, 

математик,  шіркеулік -  саяси  қайраткер. 

Діндар,    пантеизм  өкілі,  жалпы  қайта 

жаңғыру заманының диалектигі.  



Философиялық шығармалары: 

 «Ғалымдық  білімсіздік»,  «Ғалымдық 

білімсіздік  апологиясы»,  «Мүмкіндіктің 

болмысы  туралы»,  «Жер  шарының 

айналуы 

туралы», 

«Құдайдың 

көріпкелділігі туралы» және т.б. 



Философиялық көзқарастары: 

            Кузанскийдің 

пікірінше,  әлем 

қарама-қарсы  заттардан  тұрады  және  олар,  математикадағы  теңдеудің  екі 

жағындағы  мүшелерінің  бір-біріне  өте  алатыны  сияқты,  бір-біріне  ауысып 

отырады. Ауысқан қарама-қарсылықтардың теңесуі тек Құдайға ғана тән.  

          Жалпы  алғанда,  материалдық  денелер  Құдай  жаратқаннан  кейін  өз 

заңдылықтары  бойынша  дамып,  өзгеріп  отыратын  болғандықтан,  оларды 

танып-білуге  болады.  Бұл  ретте  адамдарға  математикалық  тәсіл  мен 

тәжірибие  көмектеседі.  Кез  келген  теориялар  мен  концепцияларды 

тәжірибиеде  дәлелдеуге,  не  болмаса  теріске  шығаруға  болады.  Адамдар  да 

заттар  сияқты  микрокосмосқа  жатады  және  ол  құдайдың  көрінісі  болып 

табылады.  Бірақ  өзінің  ақыл-ойының,  іс-әрекеттерінің  арқасында  Құдаймен 

қатар тұрады.  

          Осыдан  келіп:  «адам  дегеніміз – оның  ақыл-ойы»  деп  тұжырымдайды. 

Ақыл-ойды  табиғаттың  заңдылықтарын  білу  арқылы  үздіксіз  толықтырып 

отыру қажет. 

                                                              Әдебиет: 

 

1.  Тажуризина  З.А.  Философия  Николая  Кузанского.  /Под  ред. 

В.В.Соколова.—Изд. 2-е, стереотипное. Книжный дом «ЛИБРОКОМ», 

— Москва: 2010. — 152   

2.  Алтай  Ж.,  Қасабек  А.,  Мұхамбетәли  Қ..  Философия  тарихы  /Қайта 

Дәуірлеу философиясы, «Раритет», —Алматы: 2006. 117-118 бет. 

3.  История  культуры  стран  Западной  Европы  в  Эпоху  Возрождения// 

Под.ред. Л.М.Брагиной. ВШ, —Москва: 2001. 

4.  Еремеева  А.И.,  Цицин  Ф.А.  История  астрономии  (основные  этапы 

развития астрономической картины мира). Изд. МГУ—,Москва: 1989. 

5.  Горфункель  А.Х.  Философия  эпохи  Возрождения.  ВШ,—Москва:  1980. 

301-328 беттер 


160 

 

ДЖОВАННИ ПИКО ДЕЛЛА 



МИРАНДОЛА 

 

(24 ақпан 1463ж, Мирандола,  



Модена маңы – 17 қараша 1494ж, 

Флоренцияның жанында) 

 

       —  Қайта  Жаңғыру  кезеңінде  өмір 



сүрген  итальяндық  ойшыл,  алғашқы 

гуманизм бағытының өкілі.  



Философиялық шығармалары: 

       —  өзіне  белгілі  барлық  діни  және 

философиялық 

ілімдерді 

біріктіріп 

эклектикалық «900 тезистер» деген кітап 

жазды. 

«Гептапл» 



(жеті 

күндік 


жаратылу) деген де шығармасы болды. 

Негізгі идеялары: 

 Үш 


дүниенің 

иерархиясы: 

періштелік –аспандық –жердегі; 

 Адамды  қоршаған  дүниеден  бөле  қарастырды  (адам  ғарыштың 

«төртінші дүниесі»); 

 Адамның еркіндікті таңдау мүмкіндігін мойындау; 

 Барлық философиялық ілімдерді біріктіріп «алтын ортасын» табу; 

 

Әдебиет: 



 

1.  Горфункель  А.Х.  Философия  эпохи  Возрождения.  ВШ,—Москва:  1980. 

91-99 бет.  

2.  Иманқұл  Н.,  Бөрібаев  Т.  Іліми  Философия.  /Қайта  өрлеу  заманы 

философиясының  жалпы  сипаты.  Джованни  Пико  делла  Мирандолла 

«Парыз», —Астана: 2009. 52-бет. 

3.  Баткин 

Л.М.  К  истолкованию  итальянского  Возрождения: 

антропология Марсилио Фичино и Пико делла Мирандолы //Из истории 

ренессансного искусства Запада. —Москва: 1980. С.31-70. 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

161 

 

ДЕЗИДЕРИЙ ЭРАЗМ 



РОТТЕРДАМСКИЙ 

 

(28 қазан, 1466, Гауда, Роттердам 

маңында –12 шілде, 1536, Базель) 

 

               — 



нидерландтық 

философ-


гуманист. 

Философиялық шығармалары: 

 «Ақымақтықты 

мадақтау»,  «Аспанға 

жіберілмеген  Юлий»,  «Мақалдар»  және 

т.б.

 

 



         Католик 

шіркеуіне 

бағытталған 

христиандық  гуманизм  бағытының  өкілі, 

жас  кезінде  Нидерланды  монастрінде 

монах  болып,  XV-ғасырдың  соңында 

Лондонда  өмір  сүрді.  Көне  грек  тілінде 

жазылған  көптеген  еңбектерді  латын 

тіліне аударды. 

          Өз 

ілімін  «Христ  философиясы»  деп  атады,  ол  алғашқы 

христиандықтың идеялары мен идеалдарын қайтадан дамытуға бағытталған. 

Роттердамский  адамның  Інжіл  (Библия)  уағыздарына  сүйене  отырып,  өзін 

сол  жоғары  деңгейге  көтере  алатынына  сенімді,  тек  оны  толық  меңгеру 

керек,  дінге  сенушінің  кейпіне  өтірік  ену  дұрыс  емес  дейді.  Бірақ 

Роттердамский  Інжілді  халықтың  арасында  таратушы  ғана  емес, 

рационализмді насихаттаушы, ал бұл діни ілімнің қағидаларына қайшы келіп 

отырды.  Осы  ерекшелік  оның  «Ақымақтықты  мадақтау»  («Похвала 

глупости») еңбегінен байқалады.  

Философиялық көзқарастары: 

        Адамдардың  басым  көпшілігі  ақымақтар,  сондықтан  адам  қоғамы 

ақымақтыққа  толы,  бәрін  жасайтын  ақымақтар  және  ақымақтардың 

арасында. Ақымақтық көпшіліктік, ұйымдық сипатқа ие. Оның көріністерінің 

ең  қайғылысы-  соғыс,  ол  христиандар  ұмтылуға  тиіс  ізгілікті  жоқ  етіп 

отырады.  Осының  бәрі  адамдардың  кім,  қандай  дәрежеге  ие  екеніне 

қарамастан,  ақымақтық  ауруына  душар  болып  отырғанын  дәлелдейді, 

бұлардың  арасында  карольдер  мен  папалар  да  бар.  Эразм  бұл  қағиданы 

Христосқа  байланысты  да  қолданады:  «Христиандық  сенім  ақымақтықтың 

бір  түрі  секілді,  құдайға  ақымақтардың  ұнайтыны  кездейсоқ  емес».  Ол 

дінбасыларды «маса толы батпаққа» және улы өсімдікке теңейді, ақымақтық 

даналықтан күшті деп есептейді. 

         Эразм Роттердамский ақымақтықты даналықтан күшті деп пайымдайды. 

Себебі,  сезімдік  адам  тәнімен  байланысты,  сондықтан  ол  адамның  басында 

жиналған ақыл-ойдан күрделі, яғни, адамға адамгершілікті сақтау қиынырақ. 

Өмір  иррационалды.  Адамның  бақыты  оның  адаспауында  емес,  керісінше, 

адасуында,  даналыққа  ақымақтықты  кішкене  болса  да  араластырып 


162 

 

отыруында.  Бақыт  заттың  өзіне  емес,  адамдардың  ол  туралы  пікіріне 



байланысты. Сол себепті адам өмірі күрделі, түсініксіз, ештеңені білу мүмкін 

емес. Тек «табиғат қана адаспайды», ол адамдарды ақымақтықтан құтқарады, 

ғажайып, керемет күш жоқ, ол тек табиғаттың өзі, бірақ табиғатты да танып-

білу мүмкін емес. 

          Адам  өмірін  бастайтын  да,  аяқтайтын  да  –  Құдай,  бірақ  екі  ортадағы 

өмір  ағымында  адамға  еркіндік  қажет.  Бұл  еркіндік  белгілі  бір  мөлшерде: 

ерікті  ақыл-ой  реттеп  отыруы  қажет.  Шамадан,  мөлшерден  көп  ештеңе 

болмауы  керек.  Роттердамскийдің  өзі  де  осы  принципке  сүйенді.  Тілі  ащы 

болса да, сақ болды. 

Философиялық афоризмдері: 

  Жастықтағы күнәміздің сазайын қартайғанда тартамыз.  

  ...  кез-келген  заттың  екі  жағы бар: өлімнің  артында  өмір,  өмір  –  өлім, 

әдемі – ұсқынсыз, байлық – кедейлік, білімдік – надандық.... 

  Кітапханам қайда болса, менің отаным – сонда. 

  Адамзаттың  ұлы  дүниелерін  қисын  емес,  адамдардың  ессіздігі 

тудырған. 

 

Әдебиет: 



 

1.  Горфункель А.Х. Философия эпохи Возрождения. ВШ, —Москва: 1980. 

— С. 301-328. 

2.  Нұрышева  Г.  Философия.  /Лекциялар  курсы.  Қайта  Өркендеу  дәуірі 

философиясы, Э.Роттердамский. «Зиат-Пресс», —А: 2006. 57-58 бет 

3.  Хёйзинга Йохан. Культура Нидерландов в XVII-веке. Эразм. Избранные 

письма.  Рисунки.  /Сост.,  пер.  с  нидерл.  И  предисл.  Д.Сильвестрова; 

Коммент. Д.Харитоновича. Изд-во Ивана Лимбаха, — СПб: 2009.  

— 680 с 

4.  Коджаспирова  Г.М. История  образования  и  педагогической  мысли: 

таблицы, схемы, опорные конспекты. — Москва: 2003. — С. 48. 

 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   51




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет