Әдебиет:
1. Иммануил Кант. Лекции по этике. «Республика»,— М: 2000. — 431 с.
2. Иммануил Кант. Критика чистого разума. /Пер. с нем. Н.Лосского
сверен и отредактирован Ц.Г.Арзаканяном. Эксмо— М.: 2007. —736 с
3. Алтай Ж., Қасабек А., Мұхамбетәлі К. Философия тарихы /Неміс
классикалық философиясы, «Раритет», —Алматы: 2006. 135-138 б
4. Иммануил Кант. Критика чистого разума. Эксмо,— М; Мидгард,
—СПб: 2007.
235
5. Асмус В.Ф. Иммануил Кант. ВШ—Москва: 2005. — 439 с.
6. Ойзерман Т.И. Кант и Гегель. «Канон+» РООИ «Реабилитация»,
—Москва: 2008.
7. Суслова Л.А. Философия И.Канта (Мет.анализ): УП., ВШ —Москва:
1988. — 224 с.
8. Шульц И. Разъясняющее изложение «Критики чистого разума».
Книжный дом «ЛИБРОКОМ», —Москва: 2010. — 152 с.
9. Шаймерденұлы Е. Ақыл-ой антологиясы. /И.Кант. «Өлке», —Алматы:
2009.
10. 100 этюдов о Канте. Современные тетради, —Москва: 2005. 271 с.
11. Кузнецов В.Н. Немецкая классическая философия: Учеб.. — 2-е изд.,
испр. И доп. ВШ— Москва: 2003.
236
ИОГАНН ГОТЛИБ ФИХТЕ
( 19 мамыр, 1762ж, Бишофсверда
– 27 қаңтар, 1814ж, Берлин)
— неміс философы. Субъективтік
идеализмнің негізін қалаушылардың
бірі
және
неміс
классикалық
философиясы өкілдерінің бірі.
Философиялық
ілімдер
ғылымдар теориясы (ғылымдар туралы
ілім) ретінде қандай да болмасын
білімнің негізін көрсетулері керек
деген пікірді өз ілімінің басты
қағидасы етіп алған ойшыл.
Философиялық шығармалары:
«Ғылым туралы ілім» (1794ж.),
«Адамның міндеті» (1800ж.), т.б.
Фихте «өзіндік затты» танып-білуге болмайды деген пікірді
мойындамайды және оны сынға алады. Оның пікірінше, алғашқы бастама
барлығын қамтитын, анықтаушы нақтылық – абсолюттік «Мен». «Мен»
өзінің дамып отыратын іс-әрекетінің арқасында өзінің алғашқы бастама
кезеңіндегі (сана – субьект) ақыл-ойдың нақтылығына қарама-қарсы жағдай
– «басқа Менге» (табиғат-обьект), одан кейін өз дамуының үшінші сатысы–
екеуінің өзара қарым-қатынасына айналады. Бұл жердегі «Мен» - рух, жігер,
әдептілік, сенім ұғымдары, «басқа Мен» - табиғат және материя ұғымдары
болса, олардың өзара қатынастары синтез – бұрмалаушылыққа қарсы күресіп
жатқан адамның жігерін көрсететін ұғым. «Басқа Мен» (табиғат-обьект)
нақты өмір сүріп қана қоймай, «Менге» әсер етіп, кейбір жағдайларда оның
іс-әрекетін де айқындайды. «Басқа Меннің» (табиғаттың,обьектінің) әсерімен
болған іс-әрекетті біз танып-біле алмаймыз, бірақ бұл «әсерді» тікелей
сезінеміз. Сөйтіп, теориялық іс-әрекеттің негізінде бисаналық іс-әрекеттің
жатқандығын көреміз. Ал «Меннің» іс-әрекеті деп Фихте субьектінің
«әдептілік мінез-құлқын» айтады. Демек, адамның іс-әрекетінің мақсаты –
әдептілік заңдары мен парызыңды орындау. Бұл мақсатты жүзеге асыруда
қоршаған ортамен тығыз байланысты адамның тән табиғатынан туындайтын
оның табиғи қабілеттері қарсы болады. «Менге» қарсы тұрып, оны іс-
әрекетке итермелейтін «басқа Мен» дегеніміз, айналып келгенде, осы.
Фихтенің «басқа Мені», табиғаты, обьектісі Канттың «өзіндік заты»
сияқты санадан тыс өмір сүрмейді, ол – сананың ерекше қызметінің қажетті
туындысы. Бұл қызметтің ерекшелігі: санада осы қызмет жүріп жатқанда,
адамда ол туралы саналы ойлау қабілеті болмайды. Сондықтан да қарапайым
күнделікті сана ол туралы ештеңе білмейді.
237
Сол себепті сананың осы ерекше қызметін қарапайым сана біздің
түйсігіміздің мазмұны, бізге табиғаттан берілген деп ойлайды. Қарапайым
сананың бұл қателігін тек философиялық ойлау ғана түзете алады. Шын
мәнінде, түйсігіміздегі мағлұматтар «Меннің» (сананың) іс-әрекетінен
туындаған «елестету» ғана. Демек, «Меннің» (сананың) бұл іс-әрекеті бірінші
де, «басқа Мен» мен «басқа Меннің» ажыраспас бірлігін байқап «көруге»
болады. Бұл қабілетті Фихте «интеллектуалды интуиция» деп атайды.
Фихтенің пікірінше, әрекетшіл «Мен» әр уақытта да өзінің қарама-
қарсысының әсерімен қозғалысқа және іс-әрекетке түседі. «Меннің» себепсіз
іс-әрекеті – оның қызметі мен алдындағы мақсатының өзара
қарамқайшылықтарын қайта-қайта қалпына келтіру процесі. Басқаша
айтқанда, бір кедергіден өтіп, оны жойған кезде, екіншісі пайда болады,
сөйтіп шексіз кете береді. Өзінің осы тәсілін Фихте «антитетикалық» тәсіл
деп атаған. Бұл тәсілдің ерекшелігі: антитезис тезистен шығарылмайды
(диалектикалық тәсілдегідей), керісінше, антитезис қарама-қарсылық ретінде
тезиспен қатар қойылып, содан кейін барып олар бірігеді. «Антитетикалық»
тәсілді қолдану арқылы Фихте теория негізінен (түйсік, бақылау, қиялдау,
елестету, ойлау тағы басқаша қарастыру негізінде) практикалық ақыл-ойдың
негізгі мазмұнына, қабілетіне қарай ой түзейді. Осының арқасында субьект
рет-ретімен теориялық іс-әрекеттің ең төменгі сатысынан жоғарғы сатысына
дейін көтеріледі де, бұл деңгейде ол ойлау обьектісін өзінің ақыл-ойының
белсенділігінің нәтижесі екенін түсініп-біледі. Сөйтіп, «ғылым туралы ілім»
тәсілі адамзат ақыл-ойының даму жолымен сәйкес келгендіктен, айналып
келгенде, өзінше байланысқан адамзат рухының тарихы болып шығады.
Фихтенің «практикалық философиясының» (этика, құқық және
мемлекет туралы ілім, т.б.) негізгі ұғымы – «бостандық» ұғымы. Ол
«бостандық» ұғымын «қажеттілік» ұғымына қарсы қою арқылы түсіндіруге
тырысады. Спиноза сияқты, Фихте де адам жігері– оның қандай да болмасын
рухани іс-әрекеті себептілікке бағынады деп есептеген. Бірақ осындай
жалпыға бірдей қажеттілік бостандықтың болу мүмкіндігін жоққа
шығармайды. Ал бостандық дегеніміз – қажеттілікті жою емес, керісінше,
жеке адамдардың, адамзаттың заңдар мен мақсаттарға өз еркімен бағынуы.
Басқаша айтқанда, бостандық дегеніміз – қажеттілікті танып-білуге
негізделген іс-әрекет. Өнегелілік және құқықтық мәселелерге тоқтала келе,
Фихте этиканы адамның ішкі дүниесіне бағытталған бостандық деп, ал
құқықты адамдар арасындағы сыртқы қатынастарды реттейтін әлеуметтік
құбылыс деп санайды. Демек, құқық әділеттілік заңдарына емес, адамдар
арасындағы өзара қатынастарға сүйенеді. Ал өзара қатынастардың,
келісімдердің негізі болып қоғамда үстемдік етіп тұрған заңдарға әркімнің
бағынуы саналады.
Философиялық көзқарастары:
Фихте мемлекеттік билікті бөлу идеясын қолдамайды. Жалпы адамзат
меншік иелері және меншігі жоқтар болып екіге бөлінеді. Мемлекет дегеніміз
– меншік иелерінің ұйымы. Демек, мемлекет азаматтардан басқалардың
құқығын мойындауды талап ету үшін, өзінің олардың әрқайсысын меншік
238
иесіне айналдыратындай ұйымдастыру қабілеті болуы керек. Кейінгі
еңбектерінде Фихте мемлекет пен құқықты адамзаттың әдепті өмір сүруінің
бастапқы, бірақ қажетті даму сатысы екенін, ал қоғамда әдептілік заңдары
толық жеңгенде, құқық пен мемлекеттің керегі болмайтыны жайлы пікір
айтады. Фихтенің осы пікірлері өзінен кейінгі ойшылдарға үлкен әсер етті.
Иоганн Готлив Фихте – И.Канттың шәкірті. Оның басты еңбегі –
«Әрқилы жаңалықты сынау тәжірибесі». Ол субъективтік идеалист. Фихтенің
пікірінше, нақты өмір сүретін тек біздің санамыз. Материалдық дүние,
болмыс, табиғат тек біздің санамызда, біздің сезімімізде, елесімізде,
ұғымымызда болады. Оның пікірінше, практикалық істен сана бұрын
басталады. Сана іштен туады. Фихтенің тағы бір пікірі-дөңгелектер туралы
ілім. Қандай да бір шындық болмасын, ол «меннің» жемісі, дейді философ.
Бірақ «меннің» екі түрі бар: жекелік «мен» және абсолюттік «мен». Бұл екеуі
тығыз байланыста. Егер «мен» «мен емеске» бағынышсыз болса, онда
субъект теориялық болады да, ал егер керісінше болса, онда ол практикалық
болады. Ал 1800 жылдан кейін ол «мен еместі» «менге» біржолата
бағындырады. Сондықтан ол И.Кантты, яғни «мен еместі», былайша
айтқанда, санадан тыс «өзіндік затты» мойындағаны үшін сынады.
Идеалистік бағыттың өкілі Ф.Шеллингке Фихтенің әсері зор болды. Бірақ ол
Фихтеден бас тартты.
Философиялық афоризмі:
Барлығын еркін еткісі келген адам ғана ерікті.
Әдебиет:
1. Ойзерман Т.И. Философия Фихте. «Знание»,— Москва: 1962. — 48 с.
2. Алтай Ж., Қасабек А., Мұхамбетәлі К. Философия тарихы. /Неміс
классикалық философиясы, «Раритет», —Алматы: 2006. 138-140 бет
3. Батыс философиясының антологиясы //Ауд.Қ.Әбішев, М.Сәбит,
Ә.Қодар, А.Сағиқызы. Фонд Сорос-Казахстан, —Алматы: 2002.
4. Бур М. Фихте. /Пер. с нем. «Мысль»,— Москва: 1965. — 168 с.
5. Гайденко П.П. Философия Фихте и современность. «Мысль»,
— Москва: 1979.
6. Гайденко П.П. Парадоксы свободы в учении Фихте. — Москва: 1990.
7. Коплстон Ф. От Фихте до Ницше. /Пер. с англ., вступ. Ст. и примеч.
д.ф.н. -В.В.Васильева. «Республика»,— Москва: 2004. — 542 с.
8. Кузнецов В.Н. Немецкая классическая философия: Учеб.— 2-е изд.,
испр. И доп. ВШ— Москва: 2003.
239
ФРИДРИХ ВИЛЬГЕЛЬМ ЙОЗЕФ
ФОН ШЕЛЛИНГ
( 27 қаңтар, 1775ж. – 20 тамыз, 1854ж.)
—
немістің
классикалық
философы.
Йендік
романтиктерге
жақын болды.
Жаңа дәуірдегі идеализмнің
көрнекті өкілі. Канттың, Спинозаның,
Фихтенің
ілімдерінің
кейбір
идеяларын дамыта отырып, өзінің
табиғи
күштер
иеархиясының
спекулятивтік
натурфилософиясы
ілімін қалыптастырды.
Философиялық шығармалары:
«Трансценденталдық
идеализмнің
жүйесі», «Адам бостандығының мәні
туралы» және т.б.
Философиялық көзқарастары:
Шеллингтің пікірінше, материя – дегеніміз рухани зат. Бірақ санасы
жоқ табиғат адам санасының пайда болуынан бұрын өмір сүрген. Санасы жоқ
табиғаттан саналы адамға айналу процесі көптеген бірінен бірі жоғары даму
сатыларынан өтеді. Табиғаттың даму себептерін, оның өзіндегі шындығында
да өмір сүретін, қарама-қайшылықтарды табу арқылы түсініп, зерттеп білуге
болады.
Шеллинг табиғат дамуын кейбір жағдайда диалектикалық тұрғыдан
қарастырғанына қарамастан, оларды шын мәнінде механикалық қозғалыс
немесе механикалық даму деп есептеген. Өзінің осы натурфилософиялық
ілімін Шеллинг трансценденталдық философия ілімімен толықтырады. Бұл
ілім бойынша, субьективтілік – алғашқы бастама, қайнар көз, абсолют
ретінде барлық мәнділіктің, нақтылықтың жалғыз ғана негізі. Бірақ әңгіме
сезінудің, немесе ақыл-ойдың субьективтілігі туралы емес, керісінше,
танымның ерекше құралы – ақыл-ойдың заттарды тікелей бақылауы туралы
болып отыр.
Шеллинг өзінің осы таным тәсілін «Интеллектуалды интуиция» деп
атаған. Эмпирикалық нақтылық заттарында бірде табиғат заттары, бірде рух
көрініс табады. Демек, олар бір-бірімен тепе-тең (тождество) жағдайда
болады. Табиғат пен рухтың тепе-теңдік идеясы Шеллинг философиясының
басты және негізгі проблемасы болып табылады. Бұл мәселені түсіну үшін,
алдымен, абсолюттік ақыл-ой дегеніміз не екенін түсініп алуымыз керек.
Абсолюттік ақыл-ойда субьект пен обьект бір-бірімен ажырамастай бірлікте.
Себебі субьектіде обьектіні ойлайтын да, обьект ретінде субьектіге
байланысты өмір сүретін де – сол абсолюттік ақыл-ойдың өзі. Осындай
абсолютте барлық қарама-қайшылық (субьект пен обьектінің, табиғат пен
240
рухтың, т.б.) жойылып, идеалдылық пен нақтылық тепе-теңдігіне айналады.
Демек, ақыл-ойдың санасы дегеніміз – Құдайдың өзіндік санасы, себебі
Құдайдың өзі – ақыл-ой. Басқаша айтқанда, Шеллинг Құдайды жеке тұлға
ретінде қарастырады. Жеке тұлға Құдай мен жеке тұлға адамның
айырмашылығы: Құдай жеке тұлға, бостандық ретінде шексіз болса, адамда
бұл аталған құбылыстар шектеулі. Жалпы әлемдік нақтылық не табиғат, не
рух ретінде көрінеді. Олай болса, табиғат патшалығы мен рух (тарих)
патшалығы бірінен кейін бірі орналасқан қатар (даму) түзейді, ал олардың
жеке сатылары «потенция» (мүмкіндік) деп аталады. Осы жеке сатылардың –
потенциялардың бір-біріне туысқандық қатынастары, олардың ортақ түрі
абсолютке байланысты. Демек, потенциялар (жеке сатылар) бір-бірінен
туындамайды, керісінше, оларды өзінен абсолют шығарып, өзінің толық
ашылғандығын көрсетеді.
Өзінің соңғы шығармасында Шеллинг дін тарихын метафизика
тұрғысынан қарастырып, дінге және мистикаға бет бұрып, «кездейсоқ
жағдайда ақиқатты философия тұрғысынан ашу» ілімін жұрт алдында
насихаттауға талпынады. Сөйтіп, ол рационализмнің шектен шыққан түрінен
мистика мен иррационализмге бет бұрып, өзінен кейін қалыптасқан
иррационалистік философиялық бағыттың негізін қалаушы болады.
Әдебиет:
1. Кузнецов В.Н. Немецкая классическая философия: Учеб.. — 2-е изд.,
испр. И доп. (гл. III «Шеллинг»). «ВШ»,— Москва: 2003. — С. 159-214
2. Алтай Ж., Қасабек А., Мұхамбетәлі К. Философия тарихы. /Неміс
классикалық философиясы, «Раритет», —Алматы: 2006.140-141 бет
3. Батыс философиясының антологиясы. //Ауд.Қ.Әбішев, М.Сәбит,
Ә.Қодар, А.Сағиқызы. Фонд Сорос-Казахстан, —Алматы: 2002.
4. Лазарев В.В.Шеллинг. «Мысль»,—Москва: 1976.—199 с.
5. Овсянников М.Ф. Эстетическая концепция Шеллинга и немецкий
романтизм //Шеллинг Ф.В. Философия искусства. «Мысль»,— Москва:
1966. — С. 19-43.
6. Каменский З.А. Русская философия начала XIX века и Шеллинг.
–Москва: 1980.- 326 с.
241
ГЕОРГ ВИЛЬГЕЛЬМ ФРИДРИХ
ГЕГЕЛЬ
(27 тамыз, 1770ж, Штутгарт
– 14 қараша, 1831ж, Берлин)
—
неміс философы, неміс
классикалық
философиясының
және романтизм философиясының
жасаушысы.
Диалектикалық
идеализмнің универсальді жүйесін
және
диалектикалық
логиканы
(диалектикалық әдісін) құрды.
Философиялық шығармалары:
«Рух феноменологиясы» (1807),
«Құқық философиясы» (1821), «Дін
философиясы»,
«Философия
ғылымының
энциклопедиясы»
(1816), «Табиғаттың философиясы», «Рухтың философиясы», «Тарих
философиясы», «Лекции по эстетике», «Лекции по истории философии»,
«Логика ғылымы» (1812-1816) және тағы басқа да ғылыми еңбектердің
авторы.
Философиялық көзқарастары:
Гегель өз философиясының бастамасы етіп абсолют идеясын алды.
Абсолют – Құдай барлық заттарда бар, бірақ тек таза ақыл-ойда ғана өзіне өзі
тең болады. Абсолюттік идея – нағыз шындық, болмыс және барлық
материалдық денелердің түп-негізі және мәні. Оның негізгі атрибуттарының
бірі – әмбебап жалпылық. Ол тұрақты және мәңгі. Абсолюттік идеяға
әрекетшілдік тән, себебі ол – таза ақыл-ой, ақыл-ой әрекетшіл болмаса, өмір
сүре алмайды. Осы қасиетінің арқасында ол жай ақыл-ой болып қалмайды,
материалдық денелерге айналады. Бұл процесс төменде көрсетілгендей
жүзеге асады: рух өзінен табиғат туралы таза ойын босатып, заттандырады
және сол заттандырылған табиғаттың өзінде өзінің басқа болмысы ретінде
сақталады. Сөйтіп, ол өзінің диалектикалық мәнін көрсетеді. Таза ақыл-ой
дамуының диалектикасы табиғаттың, қоғамның, адамның ойлау қабілетінің
жалпы заңы болып табылады. Осыдан келіп, Гегель табиғаттың, қоғамның,
адам ақыл-ойының әртүрлі даму кезеңі абсолюттік идеяның әртүрлі даму
сатысына саяды деген тұжырым жасайды. Даму процесі, Гегельдің пікірінше,
белгілі бір кестемен жүзеге асады: тезис (нақтылану), антитезис
(нақтылануды теріске шығару) және синтез (терістеуді терістеу). Айталық,
материалдық денелердің пайда болуы тезис болса, олардың күйреуі –
антитезис, ал күйреп бара жатқан денелердің өзінің кейбір элементтерін
сақтай отырып, басқа бір материалдық денелерге айналуы синтез болады.
Табиғат пен қоғам дамуының қайнар көзі – абсолюттік идеяның өзіндік
дамуы.
242
Дамудың белгілі бір сатысына жеткенде, өзін-өзі заттандырған
абсолюттік идея ұйқыдан оянып, табиғаттағы өзін философия, ғылымдар
арқылы танып-білуге бел байлайды. Бұл процесс абсолюттік идеяның
мақсаттылыққа құштарлығын көрсетеді. Өйткені абсолюттік идеяның әуел
бастан-ақ негізгі мақсаты – ақиқатқа жету, ал ақиқаттың өзі абсолюттік
идеяның өзі болғандықтан, бұл мақсатын жалпы дүниежүзілік тарихтың даму
процесіндегі адамдардың іс-әрекеті негізінде жүзеге асырады. Демек, таным
процесі дегеніміз – антропологиялық адамдарға «таза ақыл-ой санасының
енуі» (феноменология дегеніміз осы) арқасында адамдар танып-білуші –
субьектіге айналып, обьектіні (өзінің басқа түрін) тануға ұмтылады да, өзімен
(абсолюттік идея субьект ретінде) табиғаттың (абсолюттік идея обьект
ретінде) арасында ешқандай айырмашылықтың жоқ екенін байқайды. Ал
обьект табиғат үстіндегі жамылғысын ысырып тастап, өзінің ақылды екенін
түсініп, ақиқат тілімен сөйлей бастайды. Сөйтіп, танып-білуші рух та,
танылуға тиісті рух та өзгереді. Бір жағынан, танылған заңдылықтар,
қасиеттер обьектіні абсолюттік идеяның бұрынғы, «өзінде болған» кезінен
басқаша қылып өзгертсе, екінші жағынан, танымның өзі байып, жаңа сатыға
көтеріледі.
Гегельдің пікірінше, сезімдік тәжірибие арқылы кездейсоқ, бір-бірімен
байланыссыз нақты құбылыстарды ғана танып-біле аламыз. Ал заттарға тән
жалпылықты, мәнді біз тек ақыл-ой күші арқылы ғана білеміз. Онда да,
адамдардың емес, олардан тыс, обьективті рухтың, басқаша айтқанда, жалпы
рухани тәжірибиенің арқасында ғана біле аламыз. Себебі жеке адамның өсіп-
дамуы – жалпы адамзат тарихының рухани дамуы белгілі заңдылықтарға
(таза ақыл-ойдың логикасына) сәйкес өрбіп отыратындықтан, оны жеке
адамдар танып-біле алмайды. Адамзат тарихы, оның заңдылықтары дегеніміз
– қоғамның ілгері қарай дамуы негізінде жеке тұлғалардың ең жоғары
принципі – бостандық идеясына үздіксіз ұмтылуы. Олай болса, дүниежүзілік
тарихтың даму бағытын айқындап, оны жетелейтін ұлы тұлғалар емес,
бостандық идеясы. Гегельдің бұл концепциясы бойынша, бостандық сәулесі
бозарып келе жатқанда тарих басталады. Ол алғаш рет Шығыста көрінді,
бірақ бұл әлі де болса бостандық сәулесі емес еді, ол тек оның бастамасы,
оны сезіну ғана. Себебі азиаттық деспотияда бір адамның (деспоттың) ғана
бостандығы болатын, ал қалған адамдардың ерік-жігерлері, бостандықтары
сол деспоттың ерік-жігеріне, бостандығына бағынышты еді. Бұл – бостандық
идеясының бірінші сатысы.
Бостандықтың екінші сатысында әлемдік рух Шығыстан Эллада
жағына қарай ауысады. Ежелгі Грекияда бостандықты құндылық ретінде
саналы түрде түсініп, соған ұмтылу және бостандыққа, ерікті адамға табыну
ерекше орын алады. Бірақ бұл кезде тек құл иеленушілер ғана бостандыққа
ие болды да, құлдарда бостандық болмады. Басқаша айтқанда, біреулерінің
бостандығы екіншісін одан айырудың арқасында ғана мүмкіндік алды.
Шындап келгенде, мұндай бостандық басқалардың бостандығын жаншудың
жамылғысы еді. Сондықтан олардың бостандығы көп ұзаққа бармады.
243
Бостандықтың үшінші сатысы – герман халықтарының арасында
христиан дінінің таралуынан басталады. Әлемдік Рух Германия шекарасын
өткеннен бастап өзін үйдегідей сезінді. Себебі Германияда адам
бостандықтан бостандыққа ие, ал рухтың бостандығы оның табиғатының
негізгі қасиеті болып саналады деген қағида мойындалады. Бірақ дейді
Гегель, бұл басты қағида әзірше сана арқылы түсінілуде, ал оны жүзеге асыру
тарих деп аталатын ұзақ уақытты талап етеді. Сайып келгенде, Гегельдің
түсінігінше, тарих «кездейсоқтықтың құрбаны» емес, оны таза ақыл-ойда
болған белгілі бір жоспармен әлемдік рух басқарады. Осыдан келіп,
философияның негізгі міндеті – осы жоспарды біліп, тарихтың ішкі
логикасын анықтау. Ұлы жеке тұлғалар өз уақытының жасырын шындығын
алғашқылардың бірі болып, білгендіктердің арқасында ұлы болады. Ал
халық жүйеленбеген қара тобыр. Ол өз мақсатын, мәнін тек мемлекетте ғана
табады. Мемлекет – «Құдайдың қоғамдық әлемдегі іс-қимылы», саналы
түрде жүзеге асатын Рух. Басқаша айтсақ, «таза ақыл-ой» өзін қоғамда
мемлекет арқылы жүзеге асырады. Сондықтан мемлекет – «бостандылықтың
нақтылығы», өзін-өзі қалайтын бостандық. Адамның құндылығы, оның
барлық рухани нақтылығы тек мемлекетке байланысты ғана өмір сүреді.
Адам өмірі өз билігінде емес, себебі ол мемлекет меншігі, сондықтан
мемлекет кез-келген уақытта оның өмірін өзіне қайырып ала алады.
Мемлекет түрлерінің ішіндегі құндысы – конституциялық монархия.
Монархия – ұлт бірлігінің символы, халықтың ерік-жігерінің бейнесі.
Мемлекетті билеуде монархтың жеке басының қасиеттері ешқандай рөл
атқармайды. Одан гөрі, көптеген көмекші шенеуніктерге сүйенген
бюрократиялық сатылап басқару тәсілінің дұрыс істеп тұрғаны әлдеқайда
маңыздырақ. Осы тұрғыдан алғанда, Гегельдің бұл ілімі жалпы тоталитарлық
басқару жүйесінің қалыптасуына тікелей әсер етті ме деп қаласың.Гегель
түсінігінше, «жеке адамдардың бостандығы дегеніміз – жеке меншіктің
бостандығы. Меншіктің мөлшері – жеке тұлға өлшемінің куәсі, оның
еңбегінің, талантының салдары. Сондықтан меншікті теңестіруге болмайды.
Жеке меншік міндетті түрде «аластату» сияқты қоғамдық құбылысты
тудырады, оны біз Германияда қалыптасқан қоғамда өздері өсірген
тұқымдарына, тіккен маталарына, салған суреттеріне ие бола алмай, билік
жүргізе алмай жүрген шаруалардан, жұмысшылар мен суретшілерден көре
аламыз. Олай болатын себебі – олардың өздері шығарған өнімдері билік-
төстейтіндердің меншігі».
Мұндай тығырықтан шығуға бола ма? Гегельдің пікірінше, бостандыққа
ие болу да, қаналу да әр адамның, халықтың ерік-жігеріне байланысты. Егер
олар бостандық үшін күреске шығып, өз құқығңын қорғауға ұмтылса – ол өз
еріктері. Жалпы алғанда, философ тек әлемдік Рухтың ішкі логикасының
қозғалысын ғана танып-білуге тырысады, ол ешқандай да тығырықтан шығу
жолын көрсетпейді.
Гегельдің ілімі XIX-XX ғасырлар философиясына үлкен әсер етіп, осы
кезеңге дейін өз маңызын жойған емес.
244
Философиялық афоризмдері:
Өз еркі жоқ адамға басқалар да бодан болып көрінеді.
Адамның ісі қандай болса, өзі де сондай.
Білімділіктің ең басты факторы туған тілінде сөйлеу мен оны
сыйлаудан басталады.
Махаббаттың шын мәні өз басыңның қамын ойлаудан бас тартуда, сол
арқылы өзіңді-өзің билеуде.
Достарыңызбен бөлісу: |