Әдебиет:
1. Зотов А.Ф., Мельвиль Ю.К. Буржуазная философия середины XIX —
начала XX века: Учеб. Пособие для филос. Фак. Ун-тов. ВШ
— Москва: 1988.
2. Алтай Ж., Қасабек А., Мұхамбетәлі К. Философия тарихы. /Жаңа
Заман философиясы. «Раритет», —Алматы: 2006.130-131 беттер.
3. Шаймерденұлы Е. Ақыл-ой антологиясы. /М.Вольтер. «Өлке», —
Алматы: 2009.
222
ШАРЛЬ-ЛУИ ДЕ СЕКОНДА БАРОН
ЛА БРЭД И ДЕ МОНТЕСКЬЕ
(18 қаңтар, 1689ж. Ла-Бред Жиронда,
Франция – 10 ақпан, 1755ж. Париж)
— француз жазушысы, құқықтанушы
әрі философ, деизм және механикалық
материализм өкілі.
Философиялық шығармалары:
«Фарсылық
хаттар»
романының,
«Римдіктердің ұлылығы мен күйреуінің
себептері
туралы
пікірлер»,
«Энциклопедии, или Толкового словаря
наук, искусств и ремёсел» мақалаларының
авторы.
Философиялық көзқарастары:
Монтескье әр халықтың және елдің заңдарын, саяси өмірін табиғи
және тарихи жағдайлардың ерекшеліктерінен деп түсіндіреді.
Заңдар табиғи және қоғамдық болып екіге бөлінеді. Табиғи заңдарға
әр елдің табиғат ерекшеліктеріне байланысты (ауа-райы, жер-реңі, т.б.)
қалыптасқан психологиялық мінез-құлықтар жатады. Бұл заңдылықтар –
мәңгі, өзгермейді. Осы заңдар негізінде өзгермелі қоғамдық заңдар
қалыптасады. Мемлекеттік басқару ісі билеуші бекіткен қоғамдық заңдар
бойынша жүзеге асырылуы тиіс. Билеу түрінің өзі мемлекеттің жер көлемінің
үлкен-кішісіне қарай әртүрлі болуы мүмкін. Осыған орай Монтескье үлкен
мемлекеттер үшін – деспоттық, орта көлемді елдер үшін – монархиялық, ал
шағын көлемді елдер үшін демократиялық билеудің түрлері тиімді деп
есептейді. Оның пікірінше, билік бөлініп: заң шығарушы, атқарушы және сот
биліктері дербес, бір-біріне тікелей бағынбайтын болып қызмет атқарулары
керек.
Монтескьенің саяси-әлеуметтік ілімдері қоғам дамуының қозғаушы
күштерін айқындауға, қоғамдағы болашақ реформалардың тиімді жолдарын
қалыптастыруға негізделгендіктен, оның біршама ойлары кейінгі
ойшылдарға, саясатшыларға зор әсер етті.
Философиялық афоризмдері:
Балалардың бойында атамекенге деген сүйіспеншілік сезімін оятудың
ең жақсы құралы – бұл сезімнің олардың әкелерінің бойында болуы.
Адамдар да өсімдік тәрізді, жақсы күтілмесе, жайнап өспейді.
Кітапты оқуды жақсы көру дегеніміз – тіршілікте болмай тұрмайтын
жабырқау сағаттарды таптырмайтын рахатқа бөлеу деген сөз.
Бостандық дегеніміз заң бойынша рұқсат етілгеннің бәрін жасау құқы.
Бай адамның жақсы азамат болуы қиынның қиыны.
Билік құмар адам мемлекет мүддесінен гөрі өз пайдасын көбірек
ойлайды.
223
Платон өзінің парызын орындағаны үшін сыйлық алушыларды өлім
жазасына кесу керек деп талап еткен.
Жолдан таюдың екі түрі бар: біреуі –халықтың заңды орындамауы,
екіншісі – заңның халықты бұзуы: соңғысын емдеу қиын, өйткені
дәрінің өзі дімкәс қой.
Адамдар жалпы үміт пен қорқынышқа тым әуес келеді.
Қарама-қайшылық кемшіліктің ғана емес, артықшылықтың ғана
белгісі.
Награда үлестіру іріп-шірудің бір белгісі десе де болады. Ең нашар
императорлар ең көп награда таратушылар ретінде аты шыққан.
Деспот билік құрған жерде жақсы ойлар да, жаман ойлар да бірдей
зиянды. Өйткені, онда бірдеңені сөз етудің өзі басқару қағидатына
қайшы келеді.
Еркін елде көбіне кімнің, нені, қай саққа жүгіртіп, қалай сөз етіп
жүргенінде ешкімнің ісі болмайды. Әйтеуір ауыздарына құм
құйылмаса болды. Өйткені, олардың емін-еркін сөйлеуі сол сөздердің
жамандыққа жетелеуіне жол бермейтін жақсы ахуал туғызады.
Заң аясында және әділдік туы астында жүзеге асырылатын
озбырлықтан асқан қатал жөнсіздік жоқ.
Дүниеде бар нәрсенің бәрінің өз заңдылығы бар.
Меніңше, бірге жиналған жерде ең ұлы адамдар да топастанып қалады
және данышпандар көп болған жерде даналық та аз болады.
Айтары жоқ адам үндемей отыра алса.
Халық өзі қалыптасқан кезде құлдырамайды: ол озық адамдар
азғындық жолына түскенде құрып кетеді.
Әрбір идея оның алдындағысынан пайда болып, өз кезегінде
кейінгісіне түрткі болады ..., міне, сондықтан көңіл әрдайым жаңаны
іздеп, ешқашан қол жеткенді місе тұтпайды.
Дүниедегі ең ұлы нәрсе – бұл өзіңді ұстай білу.
Әдебиет:
1. Ақназаров Х.З. Философия тархынан дәріскер курсы. —Алматы: 1992.
2. Рассел Б. История западной философии. В 2-т.,Т-2—.Москва: 1993
3. Алтай Ж., Қасабек А., Мұхамбетәлі К. Философия тарихы. /Жаңа
Заман философиясы, «Раритет», —Алматы: 2006. 131-бет.
4. Рассел Б. Мудрость Запада. —Москва: 1998.
5. Шаймерденұлы Е. Ақыл-ой антологиясы. /Ш.Монтескье. «Өлке»,
—Алматы: 2009.
6. Реале Д.Антисери Д. Западная философия от истоков до наших дней.
Т-3.новое время. —Спб: 1996
224
ЖАН-ЖАК РУССО
(28 маусым, 1712ж, Женева – 2 шілде,
1778ж, Париж маңындағы Эрменонвиль)
—
француз жазушысы, ағартушы,
ойшыл, композитор.
Ол осы күнге дейін ұстанып отырған,
айталық
Швейцариядағы
сияқты
мемлекеттің
халықты
басшылыққа
алудағы тікелей билік ету формасын
қарастырды.
Француз
ағартушылық
ағымының шеңберінен шыға алмаса да,
оның негізгі идеяларымен келіспейтіндігін
көрсеткен философ-жазушы.
Философиялық шығармалары:
«Теңсіздіктің
себептері
туралы»,
«Қоғамдық келісім туралы», «Эмил немесе тәрбие туралы» және т.б.
Философиялық көзқарастары:
Егер Вольтер адамзат тарихын оның прогресс пен білімділік үшін
күрес тарихы десе, Руссо мәдениеттің прогресімен қатар өнегеліктің
құлдырауы сәйкес келіп отырады дейді. Себебі қоғам неғұрлым ары қарай
дамыған сайын, теңсіздік тереңдей түседі. Ал теңсіздік, өз тарапынан
керенаулықтың, жалқаулықтың, тоқмейілсудің қайнар көзі болғандықтан, ол
адамгершіліктің, мінез-құлықтың азғындауына әкеп соқтырады.
Теңсіздік мәңгі әлеуметтік құбылыс емес, алғашқы қауымдық қоғамда
теңсіздік болмаған, себебі онда меншік болған жоқ, сондықтан барлық
мәселе адамгершілік тұрғысынан шешілді. Ал кейінірек өндірістік
құралдардың жетілуі және жоғары сатыға көтерілуі жеке меншіктің, ал ол
теңсіздіктің пайда болуына себепкер болды.
Әлеуметтік теңсіздікті жоюдың бірден-бір жолы, Руссоның айтуынша,
бәсеке бостандығы арқылы адамдардың табиғи құқықтарының (өмір сүруге,
ерікті болуға, меншік иесі болуға) қанағаттандырылуына мүмкіндік беретін
жағдайлар жасау.
Адам туғанда бас бостандығы бос болып туады, бірақ өз еркімен
«қоғамдық келісімге» бой ұрғаннан кейін, олар өздерінің жекелеген жігер-
еркін біріккен, «ортақ жігер-ерікке» шоғырландырылады. Сөйтіп, мемлекет
пайда болады. Мемлекеттің негізгі міндеті – бейбітшілік пен әділеттілікті
сақтау.
Руссоның теңсіздік, «қоғамдық келісім» туралы пікірлері көп елдің
саяси, рухани өмірінде мемлекеттік құқық, тәрбие т.б. әлеуметтік
құбылыстардың қалыптасуына үлкен әсер етті.
225
Философиялық афоризмдері:
Ең ұлы жақсылықтар мен игі жеңістер атамекенге деген
сүйіспеншіліктің арқасында жасалған.
Жастық шақ – ерлік жасар кезең.
Барлық істе дерлік ең қиыны – басталуы.
Ең зор ізгі ерліктерді Отанға деген сүйіспеншілік туғызған.
Екі жүзді адамның жау болғанынан да дос болғаны қауіпті.
Батырлықты ұятсыздықпен және алаңғасарлықпен шатастырмау қажет.
Адам білмегендіктен адаспайды,
Білгішсінем деп адасады.
... мелодия тек қана еліктірмейді, ол сөйлейді, оның тілі өткір, от-
жалынға толы жай, қарапайым сөзге қарағанда, әлде қайда күштірек
деуге болады.
Жоғары өкімет билігінің қайнар көзі – қашан да халық қана; халықтың
еркінен тыс билік жүргізуге ешкімнің де, ешбір мекеменің де қақы жоқ.
Адасуға мыңдаған, ақиқатқа – бір ғана жол апарар.
Әдебиет:
1. Златопольская А.А. и др. Руссо Ж.-Ж. Издательство: Русской
Христианской гуманитарной академии. —Москва: 2005. — 798 с.
2. Алтай Ж., Қасабек А., Мұхамбетәлі К. Философия тарихы. /Жаңа
Заман философиясы, «Раритет», —Алматы: 2006.132-бет.
3. Батыс философиясының антологиясы. //Ауд.Қ.Әбішев, М.Сәбит,
Ә.Қодар, А.Сағиқызы. Фонд Сорос-Казахстан, —Алматы: 2002.
4. Бейсенов Қ. Философия тарихы. —Алматы: 1992.
5. Дворцов А.Т. Жан Жак Руссо. «Наука», —Москва: 1980. 112 с.
6. Занадворова Т.Л. Сентиментализм Ж.-Ж.Руссо. —Челябинск, 1983.
7. Шаймерденұлы Е. Ақыл-ой антологиясы. /Ж.-Ж.Руссо. «Өлке»,
—Алматы: 2009.
8. Занин С.В. Общественный идеал Жан-Жака Руссо и французское
Просвещение XVIII века . «Мир», — СПб: 2007 . — 535 с.
9. Длугач Т.Б. Три портрета эпохи Просвещения. Монтескье. Вольтер.
Руссо (от концепции просвещенного абсолютизма к теориям
гражданского общества). Изд-во Инситута философии РАН
(ИФРАН), —Москва: 2006 . — 249
226
ЭТЕНЬ БОННО ДЕ КОНДИЛЬЯК
(30 қыркүйек 1715ж, Гренобль, Франция
– 3 тамыз 1780ж. Лаи-ан-Валь, Франция)
— аббат, француз философы.
Оның ағасы – белгілі Мабли аббат, әрі ол
атақты д'Аламбердің туысы болып келеді.
Біраз
уақыт
энциклопедистердің
ортасында да болды, 1768 жылы ол
француз академиясының мүшесі болып
сайланды.
Философиялық шығармалары:
«Опыт о происхождении человеческих
знаний», 1746), «Трактат о системах»,
1749), «Трактат об ощущениях», 1754)
және «Трактат о животных», 1755).
Өз өмірінің соңында логикадан еңбек жазып қалдырды («Язык
исчислений»), кейін ғана ол жарыққа шықты. Инфант дон Фердинанд
Людовик XV–нің немересін тәрбиелеуде, Кондильяк алтытомдық «Курс
занятий по обучению принца Пармского» атты еңбек жазды, онда тіл білімі,
әдебиет, риторика, философия тарихынан көптеген мағлұматтар бар.
Философиялық көзқарастары:
– Ол көбіне таным мәселесіне көп көңіл бөлді:
дүниені танып-білуге болады;
адам қоршаған дүниені өзінің таным қабілетіне, яғни сезімі, ақылына
сай тани алады;
қоршаған дүние – барлық білім көзі; таным негізінде сезімдік қабылдау
жатыр;
сезімдік қабылдау болмай, рационалдық таным өзінше дербес бола
алмайды; т.с.с. деп санады.
Әдебиет:
1. Кондильяк Э. Б. Сочинения в 3-х томах. /Пер. с фр.; общ. ред. и примеч.
В.М.Богуславского. «Наука», — Москва: 1980—1983.
2. Иманқұл
Н., Бөрібаев Т. Іліми Философия. /XVIII-ғ.француз
ағартушылық философиясы. Этьенн Кондильяк. «Парыз», —Астана:
2009. 67-бет.
3. Реале Д.Антисери Д. Западная философия от истоков до наших дней.
Т-3.новое время. —Спб: 1996
4. Батыс философиясының антологиясы. //Ауд.Қ.Әбішев, М.Сәбит,
Ә.Қодар, А.Сағиқызы. Фонд Сорос-Казахстан, — Алматы: 2002.
5. Рассел Б. Мудрость Запада. —Москва: 1998.
227
ЖАН МЕЛЬЕ
(15 маусым 1664ж. – 17 маусым 1729ж)
—
француз
арасынан
шыққан
философ-материалист, атеист, утопистік
коммунист, өзі католик шіркеуінің
діндары (священник).
Философиялық көзқарастары:
Ешқандай да тылсым күш (Құдай)
жоқ;
Материядан тәуелсіз идея болмақ
емес, жан да мәңгі емес;
Дүние
ерекше
субстанция
–
материядан тұрады;
Материя барлық мәнділіктің, заттар
мен құбылыстардың себепшісі, ол
мәңгі, жаратылған жоқ, материя
ұдайы қозғалыста болады;
Материя жай бөлшектерден құралған, олардың комбинациясынан
заттар құралады;
Таным – материяның өзін-өзі бейнелеуі;
Білім көзі – сезім;
Әлеуметтік-саяси көзқарастары:
Әлеуметтік антогонизмнің себептері – жеке меншік, ол дене еңбегін
жақтырмайтын адамның «жаман қасиетінен» туындайды;
Абсолютизмді құлату керек, жеке меншік пен мемлекетті жою керек;
Әдебиет:
1. Поршнев Б.Ф. Мелье. —Москва: 1964.
2. Иманқұл
Н., Бөрібаев Т. Іліми Философия. /XVIII-ғ.француз
ағартушылық философиясы. Жан Мелье. «Парыз», —Аст.: 2009.67-б.
228
ГАБРИЭЛЬ БОННО ДЕ МАБЛИ
(14 наурыз1709ж, Гренобль
– 2 сәуір 1785ж, Париж)
—
аббат,
философ,
жазушы,
тарихшы, француз ағартушысы және
әлеуметтік-утопистік бағыттың көрнекті
өкілі. Мабли Кондильяктің ағасы және
Д'Аламбердің туысы болып келеді.
Философиялық шығармалары:
«Публичное право Европы» (1748), «О
правах и обязанностях гражданина»
(1758, опубл. 1789), «Беседы Фокиона об
отношении морали к политике» (1763),
«Сомнения, предложенные философам-
экономистам о естественном и необходимом порядке политических обществ»
(1768), «О законодательстве, или принципы законов» (1776), «Принципах
дипломатии» (1757), «Об изучении истории» (1783), «О действии и влиянии
страстей в обществе», «О политических болезнях и о врачевании их» және
т.б. халықаралық құқық, әлеуметтік-саяси, тарихи еңбектердің авторы.
Негізгі ұстанған идеялары:
Материализмді де, деизмді де қабылдамады;
Материалистер, атеистер, деистер қоршаған дүние мен адамға жалаң,
механикалық көзқараспен қарайды, ал мораль, рухани дүниеге көңіл
бөлмейді;
Декарттың дуалистік метафизикасын қолдады;
Әлеуметтік-саяси көзқарастары:
Адам табиғатының өзі оның бірігуіне, қоғамда өмір сүруіне жетелейді;
Философияның басты міндеті мораль мен әдептілікті зерделеу, осы
мақсатта мемлекет қолдайтын дін де қызмет етуі тиіс;
Алғашқы қауымдық құрылысты адамзаттың «алтын ғасыры» деп
санады;
«адамзаттың алтын ғасыры», алғашқы қауымдық коммунизмнің
жойылуы және қоғамдағы бақытсыздық пен қайшылықтың себебі жеке
меншік пен адамдардың тапқа бөлінуі болды;
Бірақ іс жүзінде коммунизм орнамайды, өйткені адам табиғаты солай,
ол байи берсем, ала берсем дейді, сондықтан жеке меншік, тапқа
бөлінушілік мәңгі, адам өзінің сорлылығынан биік көтеріле алмайды;
Әдебиет:
1. Волгин В.П. Развитие общественной мысли во Франции. — М: 1977.
229
Қорыта айтқанда, француз ағартушылары – (XVIII-ғасыр, Ф.А.Вольтер,
Ш.Л.Монтескье, Ж.-Ж.Руссо және т.б.) өздері қойған: қоғам мен табиғаттың
арақатынасы, қоғамның қозғаушы күші, теңсіздіктің себептері, т.б. сол
сияқты сұрақтарға терең де қанағаттанарлықтай жауап бермесе де, өздерінен
кейінгі, әсіресе неміс ойшылдарын осы қойған сұрақтарға басқа қағидалар
негізінде болса да, жауап іздеуге итермелейді. Мысалы, француз
ағартушылары адамды табиғаттың және қоғамдық өмірдің жемісі деп қарап,
ал қоғамдық өмірдің өзі адамдардың материалдық (өрескел саудагерлік
мағынасында) іс-әрекетінің нәтижесі деген тұжырымға келсе, неміс
ойшылдары бұл идеядан бас тартып, қоғамның да, адамның да табиғаты
рухани іс-әрекет негізінде қалыптасады дейді. Француз ағартушылары қоғам
дамуының өзегін саналылықтың, білімділіктің өсуімен байланыстырып,
«әлемді пікір билейді» десе, неміс ойшылдары, әсіресе Гегель бұл идеяны әрі
қарай дамытып, пікірлер идеялар әлемін билеп қана қоймайды, оны дүниеге
келтіреді дейді.
Француз ағартушылары: адам туғанда басы болса, етікті болып туады,
бірақ ол ылғи да шынжыр тұсаудан шыға алмағанына қарамастан, ең жоғары
құндылық, барлық мәдени жетістіктерді жаратушы десе, неміс ойшылдары,
әсіресе Кант бұл пікірді жалғастырып: жеке тұлға – қоғам дамуының өзіндік
мақсаты, ал мәдениет – оның өз мүмкіндіктерін жүзеге асыру құралы,
сондықтан барлық әлеуметтік және әдептілік-этикалық қатынастарды
жетілдіру қажет деп, ал Шиллер «Әлемді әдемілік (көркемдік) құтқарады»
дейді. Бұл жерде Шиллер бұл тезисті деспотизм күйрегенге дейін, сол
деспотизм өнердің, эстетиканың әсерімен «адамның өзінде» күйреуі керек
деген мағынада қолданып отыр (Алтай Ж., Қасабек А., Мұхамбетәлі К.
Философия тарихы/ Жаңа Заман философиясы.«Раритет», —Алматы: 2006.
133-134 беттер). Адамның ақыл-ой бостандығы үшін күресте Ағартушылық
деп аталатын кең ауқымды философиялық ағымды тудырған ұлы
тұлғалардың еңбектері кейінгі кезеңдерде де өзінің жалғасын тапты.
230
НЕМІСТІҢ КЛАССИКАЛЫҚ ФИЛОСОФИЯСЫ
231
XVII ғасырдың аяғы – XIX ғасырдың бірінші жартысы неміс
топырағында да философия кеңінен дамыған ерекше кезең болды. Ол кезеңді
Ф.Энгельс «немістің классикалық философиясы» деп атады. Ол кезеңді
бастап берген – И.Кант болса, оны Л.Фейербах философиясы аяқтады, ал
шырқау шегі Г.Гегель философиясы еді. Ол кезеңнің өкілдері болғандар:
И.Фихте, Ф.Шеллинг, байқап отырғанымыздай, философтар да ғалымдар
сияқты, басқа да мәдениет өкілдері секілді тарихта жоғарыда айтылғандай
топтанып, шоғырланып кезедеседі. Ол тегін емес. Әрине, оған себеп -
объективтік жағдай.
Философтар да тарихи қажеттіліктен дүниеге келеді. Соның бір дәлелі –
классикалық XVII - XVIII ғасырлардағы ағылшын, француз жағдайлармен
салыстырғанда. XIX ғасырлардағы Германия әлі нағыз ортағасырлық,
феодалдық ел болатын. Революциялық жағдай бұл кезде әлі туындамаған еді.
Сондықтан неміс арасынан шыққан философиялық тұлғалар жалпы
философиялық мәселелермен айналысты. Олар дворяндар емес, жай қала
халқынан (бюргер) шықты. Олар өз заманының білімді адамдары қатарында
болды (Кішібеков Д., Сыдықов Ұ. Философия. «Қарасай», —Алматы: 2008).
Сөйтіп, олар философия ғылымының болашақта жаңа қарқынмен дамып,
қалыптасуына үлкен үлестерін қосты.
232
ИММАНУИЛ КАНТ
(22 сәуір, 1724ж, Кёнигсберг,
Пруссия – 12 ақпан, 1804ж, сонда)
—
неміс
философы,
неміс
классикалық
философиясының
көшбасшысы, Ағартушылық және
Романтизм
кезеңдерінің
бел
ортасындағы философ.
Философиялық шығармалары:
«Әлемнің
әмбебаптық
табиғи
тарихы мен теориясы», «Практикалық
ақыл-ойды сынау», «Таза ақыл-ой
шеңберіндегі дін» және т.б.
Әдетте, Кантты «сыни кезеңге
дейінгі» және «сыни кезеңдегі» деп
екіге бөліп қарайды.
Сыни кезеңге дейінгі Канттың Күн жүйесінің аса зор газ тектес
тұмандықтан пайда болғандығы туралы идеясы тек астрономияға ғана қосқан
үлесі емес, жалпы дүниетанымдық методологиялық маңызы бар жаңалық
болды. Біріншіден, қозғалыс – материяның өзіне тән тартылыс және серпіліс
сияқты қарама-қарсы күштердің арқасында, ешқандай да сыртқы күштің
әсерінсіз пайда болған құбылыс. Қозғалыс пен тыныштықты салыстырмалы
түрде түсінуге болады. Екіншіден, осы күштердің әсерінен әртүрлі әлемдер
жүйесі қалыптасып, күйреп, одан шашыраған бөлшектерден қайтадан жаңа
денелер пайда болып жатады. Сөйтіп, әлем ылғи да даму үстінде болады.
Үшіншіден, әлем құрылымына енетін үлкенді-кішілі жүйеленген денелер
өзара сатыланған бағыныштылықта болады. Өзіне кішігірім жүйелерді
бағындырған үлкен жүйе өзінен де ауқымды басқа жүйеге кіреді, сөйтіп
шексіз кете береді. Демек, әлемдегі денелер жүйесі өзара әмбебаптық
байланыста болады. Сыни кезеңдегі Канттың пікірінше, философияның
болмыс, әдептілік және дін туралы мәселелерін қарастырмастан бұрын,
адамның танып-білу мүмкіндігінің шекарасын белгілеп алуымыз керек.
Таным процесі күнделікті тәжірибиеден, сезімдік түйсінуден басталады.
Бірақ олар бізге «өзіндік заттар» туралы емес, олардың көріністері
(феномендері) туралы деректер береді. Мысалы, қазір қар жауып тұр. Осы
секілді деректерде ылғи да кездейсоқтық элементі басым болады да, бізге
толық білім берілмейді (қазір қар жауып тұр, шамалы уақыттан кейін
тоқтауы мүмкін). Мұндай білімдер жекелеген тәжірибиеге сүйенгендіктен,
апостериорлы бағытта болады. Ал шынайы әмбебаптық және қажетті
білімдер осындай фактілерге негізделе алмайды. Олай болса, шынайы білім
тәжірибиеге қатысы жоқ, әуел бастан-ақ адам санасында априорлы
(тәжірибиеге дейінгі) қалыптасқан сезім мен ақыл-ойдың түрлеріне
байланысты болуы керек. Сезімдік түйсінудің априорлы сыртқы түрі –
233
кеңістік пен ішкі түрі – уақыт түйсіктің көп түрлі «материяларын» реттеп
отырса, ақыл-ойдың априолы түрлі категориялары реттелген материяларды
заңдылықтар жүйесіне келтіреді. Олай болса, танып-білетін субьект заттарды
зерттегенде дайын «туа біткен идеяны» пайдаланбайды, керісінше, ол тек
танымдық «құралдарды» ғана пайдаланады.
Жалпы алғанда, таным процесі, Канттың пікірінше, үш сатыдан өтеді.
Олар: сезімдік түйсіну, сараптаушы парасат және таза ақыл-ой.
Сезімдік түйсіну сатысында біздің сезім мүшелерімізге «өзіндік
заттардың» көріністері әсер етеді де, осы деректер негізінде түйсіктердің бей-
берекет жиынтығы пайда болады. Олар сезімдік түйсінудің априорлы түрлері
– кеңістік пен уақыттың арқасында белгілі бір жүйеге келіп, реттеледі.
Танымның
келесі
–
сараптаушы
парасат
сатысынааприорлы
категориялар: себептілік, сапа, сан, қажеттілік, т.б. арқасында жаңа ғана
реттелген түйсіктер жиынтығы қорытындыланып, тұжырымдалып, өзіне
тиесілі заңдылыққа бағынып, жаңа білім пайда болады.
Кант таным процесінің осы екі сатысының негізінде алынған білімді
трансценденталдық білім деп атайды. Трансценденталдық таным дегеніміз –
таным процесінің заттың өзіне емес, априорлы танып-білу мүмкіндігінің осы
затты қандай деңгейге дейін біле алатындығы.
Танымның үшінші сатысы – трансценденттік танымда таза ақыл-ой
заттардың көрініс әлемімен шектеліп қалмай, олардың ар жағында не бар
екенін білуге, басқаша айтқанда, «өзіндік заттардың» табиғатын, мәнін
түсінуге ұмтылады да, шешілмес қайшылықтарға (антиномияларға) тап
болады. Айталық, рух өле ме, өлмей ме, әлем қалай пайда болды, Құдай бар
ма, жоқ па, т.б. да осы сияқты сұрақтар антиномияларға толы. Осы
мәселелерді көтеріп, оған жауап беріп жүрген схоластикалық, онтологиялық,
рационалистік, діни, т.б. ілімдер жалған ғылымға жатпайды. Себебі бұл
аталған идеялардың не дұрыс, не теріс екендігін теория жолымен дәлелдеу
мүмкін емес, олай болса, «өзіндік заттарға» тән оның ішкі заңдылығын, мәнін
біз танып-біле алмаймыз, сондықтан оған талпыну – бос әурешілік.
Керісінше, таза ақыл-ой адамның ерік-жігерін, практикалық іс-әрекетін
айқындауға мүмкіндік береді. Айталық, адам тұлға ретінде табиғат
заңдылықтарынан төмен тұрғандықтан, сыртқы әлемнің әсерінен шыға
алмайды, сол себепті ол ерікті де емес, ал даралық қасиеттерінің
ерекшеліктеріне, өзінің ылғи да танып-білуге ұмтылу қабілетіне қарасақ, ол
өзінің практикалық ақыл-ойына сүйеніп, ерікті іс-әрекет жасайды. Бұл
жағдайда адам барша жұртқа бірдей әдептілік заңы – әдептілік императивін
басшылыққа алады. Әдептілік императиві бойынша, игіліктерге, бақытқа
жетуге ұмтылу немесе сүйіспеншілік, жақсы көру сияқты қылықтар адамның
іс-әрекетін әдепті қылмайды, керісінше, қоғамда қалыптасқан әдептілік
заңдарын сыйлап, өз міндетіңді өтесең, сол өнегелі іс болып саналады.
Мұндай этикалық міндеттілік адамдарға теория жүзінде емес, практика
жүзінде әдептілік бостандығы тұрғысынан іс-әрекет жасауға сенім туғызады.
Сөйтіп, адамның ар-ождан өлшемдері адамгершіліктің ең жоғары қағидасы –
әдептілік императивінің талаптарына сай келеді.
234
Әдептілік діни жатсынуға тәуелді емес, себебі ол өз заңына сүйеніп,
өзінше өмір сүреді. Ал дін – Құдайды ең жоғары идеал немесе Құдай
алдындағы парыз ретінде түсінетін біздің барлық міндеттілігіміздің
жиынтығы. Осыдан келіп, Кант: «құдайға жағамыз деп сақтап жүрген діни
институттардың тіпті де қажеті жоқ, тек әдептілік императиві негізінде
тақуалы өмір сүрсең болғаны» деген тұжырым жасайды.
Философиялық көзқарастары:
Әдептілік императиві тұрғысынан Кант құқық, мемлекет, саясат
мәселелерін де қарастырады. Оның пікірінше, қоғамдық өмірде әлеуметтік
қарама-қайшылық елеулі орын алады. Ал осындай қоғамда әркім өзінше
шексіз бостандыққа ұмтылғандықтан, олардың бостандықтары бір-бірімен
қарама-қайшылыққа түседі де, әр азаматқа тән табиғи қасиеттерінің дамуына
мүмкіндік туады. Осы негізде қалыптасқан мәдени өркендеу кейбір жеке
адамдарға қайғы-қасірет, жамандық әкелуіне қарамастан, жалпы адамзат
үшін ілгері басып, үдей түсуі қажет, онсыз прогресс болмайды.Ал мемлекет
болса, қолына шоғырланған билікке сүйеніп, адамдардың жеке тұлға ретінде
қалыптасуына жағдай жасай бермейді. Сондықтан мемлекеттік билікті
әдептілік императиві негізінде қалыптасқан құқық арқылы шектеу керек.
Осының арқасында мемлекет дами келе, онда құқықтық, азаматтық қоғамның
қалыптасуына жағдай жасайды.
Канттың бірбеткей міндеттілік этикасының кейбір пікірлері XIX-шы
және XX-ғасырлар философиясының дамуына зор әсер етті. Ал XIX-шы
ғасырдың ортасынан бастап Францияда, Германияда Кант ілімін жаңартып,
дамытқан ілімдер пайда болды.
Философиялық афоризмдері:
Халық өз тілінен айырылған кезде харекетінен де айырылады.
Мінез – принцип бойынша әрекет етуге қабілеттілік.
Әділдік жоғалған кезде адамдар өмірін мәнді ететіндей ештеңе
қалмайды.
Сұлулық – жалпы жұрттың ешқандай ұғым түсініксіз рахатына
айналған нәрсе.
Жалғандық, даңққұмарлық, жұлымырлық, билікқұмарлық! Бұлар
болмаса адам бойындағы ең ізгі табиғи қасиеттер де ұйқысынан оянбас
еді.
Мемлекет құзырындағы күш біткеннің ішінде ақшаның күшінен асқан
сенімдісі жоқ.
Достарыңызбен бөлісу: |