Әдебиет:
1. Нарский И.С. Готфрид Лейбниц. «Мысль»,— Москва: 1972 — 239 с.
2. Сретенский Н.Н. Лейбниц и Декарт. Критика Лейбницем общих начал
философии Декарта: Очерк по истории философии /Послесл.
Е.Малышкина, Д.Куницына. «Наука», —СПб: 2007.-183 с.
3. Алтай Ж., Қасабек А., Мұхамбетәлі К. Философия тарихы. /Жаңа
Заман философиясы, «Раритет», —Алматы: 2006.128-130 беттер.
4. Погребысский И.Б. Готфрид Вильгельм Лейбниц. —Москва: 1971.
5. Герье В. И. Лейбниц и его век: Отношения Лейбница к России и Петру
Великому. «Наука», —СПб: 2008
6. Альманах «Философский век». «Лейбниц и Россия». —СПб: 1996.
7. Фишер К. История новой философии: Готфрид Вильгельм Лейбниц:
Его жизнь, сочинения и учение. АСТ, Транзиткнига, —Москва: 2005.
— 734 с.
8. Белл Э.Т. Творцы математики. «Просвещение», —Москва: 1979.
9. Шаймерденұлы Е. Ақыл-ой антологиясы. /Г.Лейбниц. «Өлке»,
—Алматы: 2009.
10. Хал Хеллман Великие противостояния в науке. Десять самых
захватывающих диспутов – Глава 3. Ньютон против Лейбница: Битва
титанов. «Диалектика»,— Москва: 2007. — С. 320.
202
ДЖОРДЖ БЕРКЛИ
(12 наурыз, 1685ж. Томастаун, Килкенни
графтігі, Ирландия – 12 қаңтар, 1753ж.)
—
ағылшын философы, епископ,
субьективтік идеализм өкілі, өзінің
спиритуалистік
философиядағы
жүйесімен
танымал;
Ирландиядағы
Клойндық епископ.
Философиялық шығармалары:
«Адам білімінің принциптері туралы
трактат», «Танымның бастамасы туралы
трактат», «Жаңа теория тәжірбиесі»,
Алсифрон, Сейрис және т.б.
Философиялық көзқарастары:
Берклидің ілімі бойынша, «жалпы
материя» деген бос сөз. «Үшбұрыш» деген жалпы ұғымның дүниеде
болмайтыны сияқты, «жалпы материя» да болмайды. Ал жеке материалдық
денелер Құдайдың ойында идея ретінде өмір сүреді. Олай болса, шынайы
өмір сүретін заттар емес, рухтың, жанның және «меннің» түп негіздері.
Адамдар үшін нағыз обьективтік шындық – біздің санамыздағы құдіреттің
белгісі – «еске алу». Демек, жеке денелердің өмір сүруі дегеніміз – олардың
түйсіктер арқылы қабылдануы арқасында «меннің» идеяларына айнала алуы.
Қозғалыс деп жүргеніміз – Құдайдың үздіксіз белсенділігі. Кеңістік пен
уақыт та – сезімдік «еске алудың» бір түрлері. Мысалы, уақыт – түйсіктердің
бірінің соңынан бірінің ауысып отыру дәйектілігі. «Меннің» жойылуымен
бірге бұл аталған құбылыстар мен денелердің жойылмайтын себептері –
өзіндік «меннен» басқа «бөтен мендердің» болуы.
Таным процесінде Беркли басты ролді «тікелей сезімге» береді. Ол –
сезімдік тәжірибиенің нәтижесі, ал сезімдік тәжірибиенің өзі санамыздағы
құдыреттің белгісі – «еске алудың» жиынтығы. Демек, біздің танып-біліп
жүргеніміз нақты денелердің өзі емес, түйсіктердің жиынтығы ғана екен.
Басты идеялары:
Материя ұғымының өзі жалған.
Идея дегеніміз тек түйсіктер.
Бар болу идеясы – қабылдау қабілеті.
Жеке заттар, жеке түйсіктер бар, бірақ біріңғай материя атымен жоқ.
Материализм – философияны тұйыққа апаратын бағыт, материалистер
идеяға қатынаста алынатын жеке заттардың алғашқылығын дәлелдей
алмайды.
Керісінше, идеяның алғашқылығын дәлелдеу оңай кез-келген затты
жасау алдында, ол алғашқыда адам ойында болады, сол сияқты
жасампаз Құдай санасында бүкіл қоршаған дүние бейнеленген.
Ең айқын шындық – адам санасы.
203
Адам өлген соң оның санасы да, жаны да жоғалады.
Идеяның алғашқы болуының бірден бір дәлелі – Құдайдың барлығы.
Құдай мәңгі, өлмейді; ал дүние тұрақсыз, Құдайға тәуелді.
Философиялық афоризмі:
Шынайы ақпарат кез келген тексеруден қысылмай-қымтырылмай
өтеді.
Әдебиет:
1. Беркли Дж. Три разговора между Гиласом и Филонусом. Третий
разговор //Беркли Дж. Сочинение. «Мысль»,— Москва: 1978. — С. 326.
2. Алтай Ж., Қасабек А., Мұхамбетәлі К. Философия тарихы /Жаңа
Заман философиясы, «Раритет», —Алматы: 2006. 124-бет.
3. Блонский П.П. Проблема реальности у Беркли. Книжный дом
«ЛИБРОКОМ», — Москва: 2009. — 160 с.
4. Гайдамака В.П. Проблема духовной субстанции у Д. Беркли //История
зарубежной философии и современность. /Под ред. проф.
А.С.Богомолова. изд-во Московского университета, — Москва: 1980.
— С. 21-28.
204
ДЭВИД ЮМ
(7 мамыр (ескі стиль бойынша 26 сәуір),
1711ж. Эдинбург, Шотландия – 25 тамыз,
1776ж, сонда)
— шотландтық философ, субьективтік
идеалист,
тарихшы
әрі
публицисі,
эмпиризм
және
агностицизм
өкілі,
Шотландтық Ағартушылық бағыттағы ірі
қайраткерлердің бірі.
Философиялық шығармалары:
«Адам табиғаты туралы трактат»
(1740), «Саяси тақырыпқа эссе» (1752),
«Таным туралы», «Аффектілер туралы»
(1739), «Мораль туралы» (1740), «Адамдық
таным туралы ізденіс» (1748), «Мораль принциптері туралы ізденіс» (1751),
«Жаратылыстану діні туралы сұхбаттар» (1751), сегіз томдық «Англия
тарихы» (1754), «Жаратылыс дінінің тарихы» (1757) және т.б.
Философиялық көзқарастары:
Юм ешқандай түпнегізді (субстанцияны) мойындамайды. Себебі ол
шын мәніндегі түпнегіз емес, идея ғана. Ал идеяны тудыру үшін обьективтік
шындықта өздеріне сәйкес келетін заттардың болуы міндет емес. Түпнегіз
идеясы сезім мүшелері мен тәжірибие арқылы алынған деректерді көбейту,
азайту, байланыстыру сияқты ой күшінің қабілеті арқасында қалыптасады.
Мысалы, Құдай
идеясы
адамдарға
тән
ақыл, данышпандылық,
қайырымдылық, көрегендік т.б. сол сияқты қасиеттерді жиынтықтап, оларды
адамның өзінен алыстатып, табиғатта жоқ құбылысқа телуінен пайда болған.
Ал жан немесе «мен» ұғымы – үздіксіз өзгеріп отыратын «еске алу» мен
сезім әсерінің бірлігі. Тәжірибиенің өзі, Юмнің түсінігінше, себептері
белгісіз және түсінуге болмайтын «әсерлердің үздіксіз қимылы». Ал
фактілердің себептері мен салдарын қайталанып қойылған тәжірибие және өз
алдына дербестенген «ойлауға әдеттену» арқылы танып-білуге болады. Бұл
жерде «ойлауға әдеттену» - өзіне себептілік инстинктінің көмегі арқасында,
себептілік заңы ретінде өмір сүретін құбылыс. Демек, Юм обьективті
себептілікті жоққа шығара отырып, сезім «әсерлерінен» туындаған
идеяларды субьективті себептілік ретінде мойындайды. Себептілік заңы тек
қана жүргізіліп жатқан тәжірибие шеңберінде үстемдік ете алады, ал оны
тәжірибиелік деректерден трансценденттік идеяларға (құдай, «мәңгі өмір»,
т.б.) таратуға болмайды. Таным процесінің ең басты мақсаты – тәжірибие
арқылы айқындалған табиғи құбылыстардың себептерін жиынтықтап,
олардан туындайтын көптеген салдарды сан жағынан аз жалпы себептерге
бағындыру.
Адамдардың
іс-әрекетінің негізінде себептілік жатыр. Бұл
себептіліктер біздің табиғи қалыптасуларымыз, сұраныстарымыз және
205
құмарлығымыздың негізінде қалыптасады. Ал ақыл-ой себептіліктің негізі
бола алмайды, демек, ол ешқандай іс-әрекет туғызбайды. Ол тек қана ақиқат
пен жалғандық, табиғилық пен жасандылық туралы ой сараптап,олардың
орталарын ажырата білуге үйретеді.
Юм – осы уақытқа дейін айтып келгендей «агностик», «скептик» емес,
биологиялық-антропологиялық
тұрғыдан
философиялық-рационалистік
бағытқа қарсы шыққан реалист.
Басты идеялары:
Болмыс пен рух қатынасы мәселесінің шешімі жоқ.
Адам санасы идеяға бейімделген.
Тәжірибиелік таным негізі – қабылдау.
Таным процесінде біз түйсіктің қайнар көзімен емес, оның мазмұнымен
кездесеміз, сондықтан біз дүниенің обьективті бар немесе жоқ екенін
нақты дәлелдей алмаймыз.
Адамның өзі шоғырланған идея (адам өмірі дегеніміз оның идеалды
күштері – тәжірибие, білім, сезімдерінің өсу процесі).
Адам екі идеалды бастамадан тұрады: «сыртқы тәжірибиемен
әсерлену», яғни қабылданған білім мен тәжірибие; «ішкі тәжірибиемен
әсерлену», яғни аффектер, құлшыныстар.
Әдебиет:
1. Нарский И.С. Давид Юм. «Мысль»,— Москва: 1973. — 180 с.
2. Алтай Ж., Қасабек А., Мұхамбетәлі К. Философия тарихы. /Жаңа
Заман философиясы, «Раритет», —Алматы: 2006. 124-125 беттер.
3. Батин В.Н. Категория счастья в этике Юма. //XXV-Герценовские
чтения. Научный атеизм, этика, эстетика. — Ленинград: 1972.
4. Батыс философиясының антологиясы. //Ауд.Қ.Әбішев, М.Сәбит,
Ә.Қодар, А.Сағиқызы. Фонд Сорос-Казахстан, —Алматы: 2002.
5. Михаленко Ю.П. Философия Давида Юма- теоретическая основа
английского позитивизма XX века. — Москва: 1962.
206
ФРАНЦУЗДЫҢ МАТЕРИАЛИЗМІ
207
Бұл материализм XVII ғасырдағы ағылшын материализмі сияқты
механикалық, метафизикалық материализмге жатады. Сондықтан негізгі
сипаттары ортақ. Әрине, одан бір ғасыр кейін және Франция жағдайында
дүниеге келгендіктен айырмашылықтары да бар. Француз материалистері
көпшілікке тікелей әсер ету үшін философиялық ой-пікірлерін салондарда
айтып, ой тартыстарын тудырып, энциклопедиялық еңбектер жазып, ауызша
да, жазбаша түрде де кең таратты. Негізінде олар дінді, оның
уағыздаушыларын қатты сынға алды, сатиралық сөздермен мазақ етті. Бірақ
қоғамдық түсіндіруде олар идеалистік шеңберден шыға алмады (Кішібеков
Д., Сыдықов Ұ. Философия. «Қарасай», —Алматы: 2008).
Энциклопедистер ілімі – атақты француз «Энциклопедиясын»
шығару барысында сол кездегі табиғаттану ғылымдарының жетістіктеріне
сүйенген бір топ ойшыл ғұламалардың дүниетанымдық көзқарастары
дүниеге келді. Негізгі өкілдері мен олардың еңбектері: Дени Дидро «Рамо
жиені», Ламетри «Адам-машина», Гольбах «Табиғат жүйесі», Гельвеций
«Адам туралы», т.б.
Энциклопедистердің пікірінше, әлемнің түпнегізі – табиғат, материя.
Оның негізгі қасиеттері: кеңістікте көсілу, салмақ, бірлік, түр (форма),
қозғалыс.
Материяның кейбір түрлеріне белсенділік тән болса, кейбіреулеріне
енжарлық тән. Белсенділігінің арқасында материя, ешқандай сыртқы күштің
әсерінсіз, өзінен өзі туындайды және өз дамуының себебі өзінде.
Кеңістік пен уақыт бір-бірімен тығыз байланысты және олар
материяның негізгі қасиеттері. Ал қозғалыс болса, ол материяның өмір сүру
тәсілі. Денелер үздіксіз қозғалыста болады, тыныштықтың өзі де
қозғалыстың бір түрі. Бірақ олар қозғалысты механикалық қозғалыс (орын
ауыстыру) тұрғысынан қарастырады. Сезімдік түйсіну барлық денелерге тән.
Олай болса, табиғаттың өзінде түйсіктерге ұқсас қасиет бар. Ал, сана,
сезімдік түйсіктері бар денелер, негізінде, жоғары дәрежеде ұйымдасқан
материяның түрінде болады (Гольбах).
Дүниеде себепсіз ештеңе болмайды, керек десеңіз, кездейсоқтықтың өзі
де себептіліктің бір түрі. Өзгеріс, даму – жай ғана көбею, пайда болу,
жеделдету, бәсеңдету. Адамдар мен қоғамдар солай дамиды.Сайып келгенде,
дүниедегі өзгерістердің барлығы таза механикалық заңдылықтарға бағынады.
Мысалы, жануарлар, адамдардың өздері де, жаны бар машиналар.
Адам табиғаттың бөлігі болғандықтан, олардың өздеріне тән табиғи
құқықтары бар. Олар – өмір сүру, меншік иесі болу, бостандық құқықтары.
Адамдардың бұл аталған табиғи құқықтары феодалдық қоғам тұсында жүзеге
асырылмай келді, себебі онда билеушілердің мінез-құлықтары нашарлап,
адамгершіліктері төмендеп кеткен. Сондықтан халықтың табиғи құқықтарын
жүзеге асыру үшін мемлекетті басқару тәсілін өзгертіп, жетілдіру және
заңдарды реттеу керек. Ол үшін билеушілерді ағарту керек. «Әлемді пікір
билейтін» болғандықтан, мемлекет басқаруда ұлы адамдардың (патшалар,
қолбасшылар, ғұламалар және т.б.) рөлі өте жоғары. Демек, билеушілер
208
ақылды, жанашыр, әділетті болса, халықтың жағдайы жақсарады, өздерінің
табиғи құқықтарына жетуге мүмкіндік алады.
Таным процесі туралы айта келіп, энциклопедистер мынадай ойларды
алға тартады: қоршаған орта туралы деректер түйсік арқылы қабылданады
да, ақыл-ой арқылы қорытылып, жаңа тұжырымдарға айналады. Бірақ
адамның санасы заттарды тура сол күйінде қабылдамайды, бұл ретте
адамның көңіл-күйі, т.б. субьективтік қасиеттері үлкен рөл атқарады. Олай
болса, адамдар ақиқатқа жету үшін (ақиқат – дегеніміз заттар туралы
ұғымдардың сол заттарға сәйкес келуі) тиімді әдістер іздейді, ал олар
адамдар ақыл-ойының белсенділігін арттырады. Демек, ақиқатты танып-білу
– философияның міндеті (Алтай Ж., Қасабек А., Мұхамбетәлі К. Философия
тарихы. /Жаңа Заман философиясы.«Раритет», —Алматы: 2006.132-бет).
Дегенмен, сол кездегі философиялық тұлғалар Франциядағы саяси-
әлеуметтік құрылыспен аяусыз күресті.
209
ЖЮЛЬЕН ОФРЕ ДЕ ЛАМЕТРИ
(25 желтоқсан, 1709ж, Сен-Мало,
Бретань –11 қараша, 1751ж, Берлин)
— француз дәрігері әрі материалист-
философы.
Ол алғашқыда құдайсөзінің білгірі-
богослов болса, содан кейін Бургаведегі
Лейденде медицина саласында қызмет етті.
Философиялық шығармалары:
«Жан туралы трактат», «Адам-машина»
және тағы басқа да ғылымда қызығушылық
тудырған еңбектер жазды.
Философиялық
көзқарастары:
Бұл философия өкілдерінің бірі Жюльен Офре де Ламетри Рене Декарт
физикасын қолдаушы болған өзінің «Адам-машина» деген еңбегінде тіршілік
процестерін тәжірибе арқылы зерттеуді талап етті.
Әрбір материяда өзінің созылымдылығын қатар сезімдік сезіну сияқты
қасиеттер бар деді. Ол Спиноза уағыздаған барлық материя ойлай алады
деген пікірді сынады. Сезіну тек ұйымдасқан денелерде ғана байқалады, деді.
Ол органикалық емес, органикалық, жануар адам – бәрі бір-бірімен тығыз
байланыста болады және органикалық өмір - органикалық емес дүниеден,
өсімдік – органикалық дүниеден дегенді айтты.
Бірақ ол адамды машина деп қарады. Оның жоғары дамыған рухани
интеллект екенін байқамады.
Философиялық афоризмдері:
Тәрбие көрмеген адам қандай қабілеті күшті, ақылды болса да, оны
құны болмайды.
Дүниені толық тануға болады, таным көзі – сезім мүшелері.
Материяның өз бітімі болғандықтан Құдайдың қажеті жоқ.
Жеке меншік – адам еркіндігінің кепілдігі.
Әдебиет:
1. Ламетри Ж.О. Человек-растение. //Ламетри Ж.О. Сочинения.
«Мысль», —Москва: 1976
2. Алтай Ж., Қасабек А., Мұхамбетәлі К. Философия тарихы. /Жаңа
Заман философиясы, «Раритет», —Алматы: 2006.
3. Отрывки
из произведения Ламетри в книге «Французские
просветители XVIII в. о религии», —Москва: 1960;
4. Богуславский В.М. Ламетри. «Мысль»,— Москва: 1977. — 160 с.
210
ДЕНИ ДИДРО
(5 қазан, 1713ж, Лангр – 31 шілде,
1784ж, Париж)
—
француз
жазушысы,
ағартушы-философ (материалист)
және драматург,
Атақты 25-томдық француздың
«Ғылым,
өнер
және
кәсіп
Энциклопедиясының» бас редакторы.
1773-1774 жылдар аралығында
Ресейге келіп, мұнда ол Ресей Ғылым
академиясына толық мүше болып
сайланды. Онда Ресейдің ғылым,
мәдениет, право саласын сынады.
Философиялық шығармалары:
«Жиен Рамо», «Табиғатты түсіндіру
туралы ойлар» (1754), «Соқырлар туралы көзі көретіндерге өсиет хат»,
«Даламбер мен Дидро әңгімесі» (1769), «Философиялық принциптер»,
«Материя және қозғалыс туралы» т.б.
Философиялық көзқарастары:
Дүниенің барлық негізі материяда деп білді Дидро. Дуалистік пікірді
сынай келіп, ол жан мен дене бірлікте деп қарады. Дүниеде мәңгі қозғалыста
болатын материядан басқа ешнәрсе жоқ. Уақыт пен кеңістік – деп жазды
Дидро, - материяның өмір сүруінің объективтік формасы. «Мен тіпті
абстракция ретінде де уақыт пен кеңістікті өмір сүруден бөліп ала алмаймын.
Олай болса бұл екі қасиет өмір сүруге тән, мәнді». Қозғалыс материядан
бөлінбейді, олай болса материя әлсіз, дәрменсіз деген ұғымға философ
келіспейтінін айтты. Материя мен қозғалыс жайлы философиялық ойларын
да ол «Қозғалыс – ұзындық, енділік, тереңдік сияқты нақты қасиет», -деп
жазды. Осыдан келіп, дүниеде абсолюттік тыныштық болмайтынын айтты.
«Даламбер мен Дидро әңгімесі» деген еңбегінде дүниенің сан түрлерін,
сондай-ақ олардың бір-біріне ауысатынын (транформация идеясы) дәлелдеді.
Таным теориясына келетін болсақ, Дидро материалистік сенсуализмді
қолдады. «Біз сезімдік, еститін қасиетпен жабдықталған аспапсыз», - деген
пікірді айтты Д.Дидро. Сондай-ақ ол субъективтік идеализмді сынап, оны
жақтаушыларды ой соқырлары деп есептеді. Қоғамдық саладағы ой-пікірі
негізделді. Қоғамдағы қалыптасқан мінез-құлық шығарылған заң мен басқару
түріне байланысты, деді. Сондықтан Дидро «жақсы» заңдар, «саналы»
басқару әдісін орнатуға шақырды.
Философиялық афоризмдері:
Неғұрлым көбірек жұрттың бақытты болуына септігін тигізген адам
ғана ең бақытты адам.
Ғұмыр қысқарған сайын күн ұзара береді.
211
Істемек нәрсеңді алдын-ала білу батылдық беріп, жеңілдік келтіреді.
Кітап оқудан тиылсақ, ой ойлаудан да тиылар едік.
Табиғат кейде нәрсіз, ал өнер ешқашан нәрсіз болмауы тиіс.
Дұрыс талғам, жақсы ниетсіз мүмкін емес.
Бал жасай алмасаң, бал шырынын жинағаныңнан не пайда.
Адал адам, ақылды адам дүниеден ерте өтуі мүмкін, тек надандар мен
қатыгездер ғана дер кезінде өледі.
Асқазан шұрылдап жатқанда ар мен ұяттың дауысы естілмейді.
Ақшаға құмарлық алдымен нағыз таланттардың, отаншылдық пен
жақсылықтың түбіне жетеді.
Аюды би билеуге үйретуге болады, бірақ би билеп жүрген аюдан
бақытсыз аң жоқ.
Тек үлкен құштарлықтар ғана адам жанын ұлы істерге жігерлендіре
алады. Оларсыз адамгершілік өмірде де, шығармашылықта да мән
қалмас еді.
Бақыт құсын қуыңыз, бірақ оны ешқашан қолыңызға қондырмаңыз,
әйтпесе сіз оның өз тілегіңізге сәйкес келмейтініне көзіңіз жеткен соң,
зерігудің құрбаны болуыңыз мүмкін.
Ақылды адамға ақымақтың кейпін қабылдау қаншалықты қиын
болмайтыны сияқты, ақымақтықты ақылдылықтың бейнесіне жасыру
соншалықты жеңіл.
Заттың қандай болу керектігін білу ақылды адамды сипаттайды; заттың
іс жүзінде қандай екенін білу тәжірибиелі адамды көрсетеді; оларды
қалай жақсыға өзгертуді білу данышпан адамды білдіреді.
Тирандыққа,
азғындыққа,
құлдық
ұрушылыққа
және
қайырымдылықтың қауқарсыздығына қарамастан, барлық жерде өзінің
принциптеріне сәйкес өмір сүріп, дүниеден өтетін ізгі адамдар
табылады. Бірақ, мойындау керек, олар сирек кездеседі.
Адал, ақылды адамдар тым ерте дүние салуы мүмкін, ал ақымақ,
зұлымдарға келсек, олар әрқашан өз уақытында өледі.
Адамдар жарамсақ өтірікті шелектеп ішіп, өздеріне ұнамсыз
шындықты тамшылап қабылдайды.
Тілек – ерліктен туады дейді, бірақ дұрысы керісінше, ерік – тілектен
туындайды.
Есте сақтау қабілеті күшті адамдарда үлкен ақыл болмайды.
Мен әркімге өзінше ойлануға еркіндік беремін; бастысы менің өзімше
ойлануыма мұрсат берсін.
Достарыңызбен бөлісу: |