Қазақстан республикасы білім жәНЕ



Pdf көрінісі
бет45/51
Дата26.09.2019
өлшемі8,78 Mb.
#48889
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   51
Байланысты:
2 - filosofiya t l alar bejnes nde
Жаттығулар^, Жаттығулар^, Sapy Bakytzhan presentation, 4 chapter appendix, Әңгіме - Кішкентай адам, қызыл, Kairbaeva Malika, Shlataeva Dilyara, Kurakbaev Aibolat, Kaliev Aidar, Vacine, Lab - Exploring Nmap (2), 21-22.07.2022, Эссе ТАРИХ, Final exam instructions 2022 FALL, George B. Thomas Jr., Maurice D. Weir, Joel R. Hass-Thomas\' Calculus Early Transcendentals (13th Edition)-Pearson (www.IraniData.com)

Әдебиет

 

1.  Леви-Стросс  К.  Структурная  антропология  /Пер.  с  фр.  В.В.Иванова. 

— Москва: 2001. — 512 с. 

2.  Батыс  философиясы.  /«Мәдени  мұра»,  ОҚ.  «Жазушы»,  —  Алматы: 

2009. 378-379 беттер 

3.  История  философии:  Энциклопедия.  «Интерпрессервис»;  «Книжный 

Дом». — Минск:  2002. 

4.  Рассел Б. История западной философии. В 2-т.,Т2. — Москва: 1993  

5.  Рассел Б. Мудрость запада. — Москва: 1998  

6.  Реале  Д.,  Антисери  Д.  Западная  философия  от  истоков  до  наших 

дней.Т-3. Новое время. — СПб: 1996  

 

 



 

 

 



 

 

 



        

446 


 

ЖАН-ПОЛЬ ШАРЛЬ ЭМАР САРТР 

 

(21 маусым, 1905ж, Париж 

–  15 сәуір, 1980ж, сонда) 

 

           —  француз  философы,  атеистік  



экзистенциализмнің  өкілі  (1952–1954 

жылдары  Сартр    марксизм  позициясына 

жақын  болды),  жазушы,  драматург  әрі 

эссеист, педагог.  

              Жан-Поль 

Сартр 


Парижде 

отбасындағы  жалғыз  бала  болып  өсті. 

Оның  әкесі  Жан-Батист  Сартр,  Франция 

әскери-теңіз күштерінің офицері, шешесі 

—  Анна-Мария  Швейцер.  Сартр  Ла-

Рошели лицейінде білім алды, Париждегі 

Жоғарғы  қалыпты  мектепті  («Эколь 

нормаль»)  тамамдады.  Философиядан 

диссертация қорғады, Берлиндегі Француз институтында стажировкадан өтті 

(1934). Францияның бірнеше лицейлерінде философиядан дәріс оқыды (1929-

1939  және  1941-1944);  1944  жылдан  өзін  толығымен  әдеби  жұмыстарға 

бағыттады. Студент болып жүрген жылдары Симона де Бовуармен танысады, 

кейін  ол  оның  тек  сүйікті  жары  ғана  емес,  сондай-ақ  оның  қолдаушысы 

болды.  1964  жылы  әдебиет  саласы  бойынша  Нобель  сыйлығының  лауреаты  

(бірақ сыйлықтан бас тартқан). Ол адам өмірінің шектеулілігін, жалғыздығы 

мен өткіншілігін, сонымен қатар оның еркіндігін атап көрсетеді, өйткені оны 

шектейтін  ешқандай  обьективті  нормалар  мен  қағидалар  жоқ.  Адамның  өз 

еркіндігін  сезінуі  оның  өмір  сүруі  үдерісінде  жүзеге  асады.  Сартрдың 

ойынша,  адамның  кім  және  қандай  тұлға  болуы  оның  шешіміне,  таңдауына 

байланысты. 

             Екінші дүниежүзілік соғысы жылдары Сартр Қарсыласу қозғалысына 

қатысып,  концлагерге  түседі,  кейін  батыстық  мәдениеттің  онтологиялық 

негіздеріне,  оның  іргетасына  қаланған  үстемдік  ету  қағидасына  қарсы 

шыққан  солшыл  студенттердің  қозғалысына  қатысады.  Ол  сырттан 

бақылайтын «таза философ» болмай, барынша саяси белсенділігін танытады. 

Философиялық шығармалары: 

              Сартрдың басты философиялық еңбегі «Бытие и ничто» деп аталады, 

ол  1943  жылы  нацистер  басып  алған  Парижде  жарық  көрген.  Бұл  кітап 

еркіндікке,  тұлғаның  таңдауына,  әркімнің  әлемнің  де,  өзінің  де  тағдырына 

деген  жауапкершілігіне  арналған.  Сартр  енді  Гуссерль  мен  Хайдеггердің 

теорияларына  таңданатын  шәкірт  емес.  Оның  есімін  бүкіл  Франция  біледі. 

Ол  «Құса»,  «Еркіндік  жолдарымен»  деген  романдардың,  көптеген 

пьесалардың,  эсселердің,  әдеби-сын  мақалалардың  авторы,  сол  қырық 

үшінші  жылы  –  «Шыбын-шіркейлер»,  «Жабық  есіктердің  арғы  жағы», 

«Көмусіз қалған мүрделер», «Ібіліс пен Жаратушы Тәңірі», «Лас алақандар» 



        

447 


 

атты пьесаларын жазады. Бұлар - философиялық, экзистенциялық мәнге толы 

көркем шығармалар.  

Философиялық көзқарастары: 

            Сартрдың ойынша адам әлемдегі өз мәнін өзі жасайтын, олай болса өз 

болмысын  да  өзі  таңдайтын  әрі  іске  асыратын  жалғыз  құбылыс.  Яғни  оның 

онтологиялық  негізінің  өзі  осында.  Адамның  дүниеде  болу  жолы,  сол 

болудың  өзіндік  өзгеше  тұрпаты  оның  өзінің  туындысы.  Яғни  оның  кім 

екендігін,  қандай  екендігін  оның  өзінен  тыс  бөтен  күш  анықтамайды,  өзі 

анықтайды.  Адам  болмысы  оның  өзінің  өзіне  құрған  жобасы.  Адам  өзінің 

іске  асқан,  яғни  болмысына  айналғанынан  басқа  ешнәрсе  де  емес.  Адам 

еркіндігі  оның  түп  қазығы.  Ол  өзін  өзі  таңдаудан  ешбір  бұлтара  алмайды, 

таңдау ол үшін бір жазмыштай нәрсе. 

                Сартр үшін ең басты нәрсе – абсурд пен мәнсіздіктің жағдайындағы 

адамның тағдыры. Адамды түңілу, үрей, ажал аңдып тұрады, әлеуметтік әлем 

өзінің қорқынышты, ақылға ұстатпайтын иррационалдығын танытады, Құдай 

адамнан, адам Құдайдан безеді, бірақ абсолютке деген сағыныш, ностальгия 

адамды  жібермейді.  Сартр  абсурд  тұтқынынан  шығу  жолдарын  іздестіреді. 

Адами  шындық,  экзистенция  өзінің  мәнсіз  деректілігімен  түсіндірілмейді. 

Экзистенция  арқылы  біз  өзімізден  тыс  жерде  боламыз,  күнделікті  нәрсенің 

шегінен  асамыз,  әлі  келмеген  болашаққа  барамыз,  яғни  трансцендециямен 

айналысамыз. 

               Сартр  қазіргі  философиялық  дискурста  соншалықты  бір  жаңа 

мәселені  көтеріп  отырған  жоқ.  Тіпті,  «минералдану»  деген  терминнің  өзі 

Муньеден кездеседі. Сартрдың қосқан үлесі сол, ол матиматикалық формула 

деңгейіне  дейін  сериалдылықты  терең  талдап,  серт  феноменін,  террорды, 

беделді  зерттеген.  «Минералдану»  жағдайында  экзистенцияның,  адами 

нақтылықтың сақталу шарттары қандай болмақ? «Сериядан» шығуға, адами 

нақтылықтың  төлтумалығын  сақтауға,  еркіндіктің  сәулесін  көруге  үміт  бар 

ма?  Егер  біз  бұл  сауалдарды  адамның  еркіндігі,  ең  әуелі,  Құдайды  таңдау 

дегенге  сенген  «Болмыс  пен  бейболмыстың»  авторына  қойғанда,  ол 

персоналистер  Макс  Шелер,  Мартин  Хайдеггер  сияқты  жауап  беретін  еді. 

Бірақ  кейінгі  Сартр,  «Диалектикалық  зердені  сынаудың»  авторы,  француз 

зияткерлері  арасында  сәнге  айналған  марксизммен  одақ  құруға  ұмтылады 

(бұл  ұмтылыстың  күштілігі  соншалықты,  тіпті,  90-жылдары  Жак  Деррида 

марксистік идеологияның күйреуінен орын алған «зиятты шоқты» тіркейді). 

                Есейген  Сартр  енді  Құдай  туралы  ештеңе  айтпай,  өзін 

«экзистенциализмнің  атеистік  қанатына»  жатқызатын  болды.  Оған  енді 

қалғаны бір-ақ нәрсе еді: «таптардың күресіне», «пролетариаттың күшеюіне» 

үміт  арту,  өйткені  бұлар  сериалдылықты  ерітеді,  еркіндік  элементі  мен 

шынайы  ынтымақты  енгізеді-мыс.  Сартрдың  ойынша,  күрес  пен  зорлық 

экзистенциалды  еркіндіктің  шарты  болады.  Әлеуметтік  таптардың 

зорлықшыл қуатына жүгінуге мәжбүр болған ойшыл шынайы руханилықтың 

ұстанымын тастап, дәл осындай күмәнді қорытындыға келеді. 

                Экзистенциализмнің философиялық тұжырымының ең барабар түрі 

Сартр  атеистің  кейінгі  шығармаларында  көрініс  таппайды.  Сартрдың  нағыз 


        

448 


 

экзистенциализмі  адами  нақтылықтың  рухани  өлшемдері,  оның  ең  жоғары 

құндылығы,  Құдайдың  болмысына  қарай  өрлеу  сипатталатын  ертеде 

жазылған «Болмыс пен бейболмысында» ғана ашылған. 

                Сартр болмысты болмыс туралы ұғыммен теңестіретін классикалық 

философияның ауқымынан шығып, адамды еркіндіктің иесі, нағыз Болмысқа, 

рухани  қайнарға  ұмтылатын  тірі  экзистенция  ретінде  көрсетеді.  Ол  болмыс 

мәселесін  руханилық  мәселесімен  байланыстырады  және  бұл  оның 

тұжырымдамасына  айрықша  өзектілікті  үстеп,  Шығыспен  болатын 

сұхбаттың болашағын ашады. 

                Әрине,  біз  марксистер  ұнататын  сынды  қолдануымызға  болар  еді. 

Бірақ  қазіргі  зиялылар  мұндайда  аулақ  тұрады.  Ж.Делез  бен  Ф.Гваттаридің 

айтуынша,  «философия  дегеніміз  –  концептерді  қалыптастыру,  ойлап  табу, 

жасау өнері». Сартрдың идеяларын сондай концептілерге жатқызуға болады. 

Сын,  концепттерді  игерудің  орнына  және  солар  арқылы  нақтылы  өмірлік 

мәселелерді қарастырудың орнына, оларды аяусыз қиратады, сондықтан сын 

пайдасыз әрі өнімсіз нәрсе болып шығады.  

               Сартрдың  экзистенциалық  тұжырымдамасы  күн  тәртібіне  жоғары 

деңгейлі  білімнің,  машықтың,  біліктің  иелері  болатын,  ең  бастысы,  рухани-

адамгершіл қадір-қасиеті жоғары болатын зиялы ұлтты қалыптастыру міндеті 

қойылған қазақстандық қоғам үшін аса қажет. 

Философиялық афоризмі: 

  Жеңіліс тарихы кез келген өмірдің тарихына тән. 

 

                                                                Әдебиет: 

 

1.  Альсберг  К.  Больное  место.  Еврейство,  желание  и  язык  у  Сартра 

//Ж.П.Сартр  в  настоящем  времени:  Автобиографизм  в  литературе, 

философии и политике. СПбГУ, — СПб: 2006. С. 169—186. 

2.  Батыс  философиясы.  /«Мәдени  мұра»,  ОҚ.  «Жазушы»,  —  Алматы: 

2009. 303-307 беттер 

3.  Батыс  философиясының  антологиясы  //Ауд.Қ.Әбішев,  М.Сәбит, 

Ә.Қодар, А.Сағиқызы. Фонд Сорос-Казахстан, — Алматы: 2002.  

4.  Киссель  М.  А.  Философская  эволюция  Ж.-П.Сартра.  Лениздат,  — 

Москва:  1976 

5.  Грецкий  М.Н.  Марксистская  философская  мысль  во  Франции.  Изд-во 

Московского ун-та, — Москва: 1977. 

6.  Долгов К.М. Эстетика Жана-Поля Сартра. «Знание», — Москва: 1990. 

7.  Андреев  Л.Г.  Жан-Поль  Сартр:  свободное  сознание  и  XX  век.  — 

Москва: 2004. 

8.  Юровская Э.П. Жан-Поль Сартр. Жизнь — философия — творчество. 

«Петрополис», — СПб: 2006. 


        

449 


 

МИШЕЛЬ ПОЛЬ ФУКО 

 

(15 қазан, 1926ж, Пуатье –  25 маусым, 

1984ж, Париж, Франция) 

 

      —  француз  философы,  мәдениет 



тарихшысы,  археолог,  психолог  әрі 

жарқын 


тұлға. 

Өмірде 


де, 

шығармашылықта 

да 

солай. 


Постструктурализм өкілі. 

         Оны  дәстүрлі  мәндегі  идеялардың 

тарихы  емес,  олардың  археологиясы 

қызықтырады.  Ол  билік  ұғымын  емес, 

оның  мәдениеттегі  қызметінің  нақты 

тарихи  тетіктерін,  оның  технологиясын 

зерттейді.  Ол  сексуалдықтың  теориялық 

мәселелерімен  емес,  «адам»  ойлап  табатын  өмірлік  тәжірбиелермен 

айналысады. 

           Ол  Пуатьеде  хирургтер  әулетіне  жататын  отбасында  дүниеге  келген. 

Дүниеге келген ұл бала әкесі мен атасы сияқты болашақ хирург, есімі Поль 

болуы керек еді. Болашақ философ отбасылық дәстүрді бұзып, Мишель деген 

есімді  алады.  Ол  Францияның  ең  мәртебелі  оқу  орнын,  яғни  еколе  нормал 

супериер бітіріп, философ және психолог мамандығын алады. 

           Фуконың  өмірі  өзінің  кітаптары  сияқты  мазасыз,  қайғылы,  өмірлік 

жолды  іздеуге  толы  болды,  өмірінің  сахналық  сәндемелері  жиі  ауысып 

отырады,  ол  Лилль,  Коллеж  де  Франс,  Тунис,  Бразилия,  Жапония,  Канада, 

АҚШ  университеттерінде  дәріс  оқиды,  Упсалада  (Швеция),  Варшавада, 

Гамбургте  француз  мәдениеті  орталықтарында  жұмыс  істейді.  Фуко  өзінің 

өмірінде  өзінің  экзистенциализмге  қарсы  бағытталған  тезисін,  яғни  «мен» 

өзін  сарқылтты,  енді  кейіпсіз  «бар»  дегеннің  заманы  келді  дегенді  жүзеге 

асырған  сияқты.  Мұндай  кейіпсіз  күш  Фуконы  билеп  оны  жаңқа  тәрізді 

оқиғалардың иіріміне тастайтын сияқты әсер қалдырады. 

Философиялық шығармалары:  

 «Сөздер  мен  заттар»  (1966),  «Білім  археологиясы»  (1969),  «Бақылау  және 

жазалау»  (1975),  «Классикалық  дәуірдегі  ақылсыздық  тарихы»  (1961), 

«Клиниканың 

пайда 

болуы» 


(1963), 

«Гуманитарлық 

ғылымдар 

археологиясы»  (1966),  «Білімге құштарлық»  («Воля  к  знанию»)  (1976)  және 

т.б. 

               Фуконың  шығармашылық  қалыптасуында  үш  кезеңді  бөліп  алуға 

болады. Бірінші кезең «Білім археологиясымен» байланысты – XX-ғасырдың 

60-шы  жылдарындағы  еңбектері:  Классикалық  дәуірдегі  ақылсыздықтың 

тарихы»,  «Клиниканың  туылуы»,  «Сөздер  мен  нәрселер»,  «Білімнің 

археологиясы».  Фуко  ғылыми  білімнің  қалыптасуындағы  әртүрлі  тарихи 

кезеңдерді немесе археологиялық қабаттарды қарастырады. 


        

450 


 

              Екінші  кезең  «Билік  генеалогиясы»  деп  аталады  70-ші  жылдардағы 

мәтіндер: «Бақылау және жазалау», «Білімге деген ерік» («Сексуалдылықтың 

тарихы»  1-томы).  Бұл  еңбектерде  европалық  адамның  денесі  мен 

психикасының мақсатты қалыптасу үдерісі қарастырылады. 

             Үшінші  кезең  –  «Тіршілік  эстетикасы»,  80-ші  жылдардағы  соңғы 

еңбектері:  «Ләззатты  пайдалану»  және  «Өзіңе  деген  қамқорлық» 

(«Сексуалдылықтың тарихы» 2-3 томдары).          

             Фуко  ежелгі  грек  әлемінен  «рахат  аралын»  табады,  онда  тұлғалар 

өздерінің  ерекше  сексуалдық  қызетке  құқығы  бар  екендігіне  көз  жеткізеді. 

Ол  мұның  өзі  қазіргі  адам  үшін  өте  тәлімдік  мысал  деп  есептейді.  Біздің 

әрқайсымыз  өзімізден  өзіміз  босауымыз  керек,  барлық  үйреншіктіден, 

көрінбейтін  болып  кеткен  мен  сезінбейтіннен  бас  тартып,  өмір  сүру,  сезу, 

мүлде  басқаша  қарау  мүмкіндіктеріне  еніп,  жат,  бөтен  тәжірбие  арқылы 

өзімізді  өзіміз  табуға  үйренуіміз  керек.  Шынында,  философия  дегеніміздің 

өзі,  ең  алдымен,  өзіңді  өзің  түсінуге  талпыныс,  ойлаудың  сыни  жұмысы, 

басқаша  ойлау  мүмкіндіктерінің  қалай  және  қандай  шегі  болуы  мүмкін 

екендігін анықтауға ұмтылыс. Бұл – өзіңмен өзің ойнау, танымдағы бөтенмен 

жаттығу. 

Философиялық көзқарастары: 

            Фуконың 

философиялық  көзқарастарын  түсіну  үшін  оның 

структурализммен  күрделі  қатынастарын  анықтап  алу  керек.  Фуконың 

«Сөздер мен нәрселер» (1966) кітабы жарыққа шыққаннан кейін Францияда 

структурализмнің  айналасындағы  жағдай  ерекше  шиеленісе  түседі.  Автор 

өзінің  тұлғасыз  «жүйенің»  билігін  орнатуға  талпынатын  идеялар  шеңберін 

қолдайтынын жасырмаған. 

           Бірақ  1968  жылғы  постмодерн  дәуірінің  басын  белгілеген  студенттік 

шерулерден  кейін  (Фуко  Тунистегі  студенттердің  толқуын,  олардың 

жаншылуын  өз  көзімен  көрген)  оның  көзқарасы  күрт  өзгереді.  Ол  енді  өзін 

структуралистпін  деуден  бас  тартады  және  тұлғасыз  құрылымның 

басымдылығын 

жақтамайтын 

болады. 

Студенттердің 

белсенділігі 

академиялық  әділділіктің  мұзын  ерітіп  жібереді.  «Мен  ешқашан    фрейдист 

болған  жоқпын  және  ешқашан  марксист  болған  жоқпын  және  ешқашан 

структуралист  болған  жоқпын»  –  дейді  ойшыл.  Бұдан  кейін  ол 

постмодернизмге апаратын жолға шығады. 

              Фуконың  басты  идеясы  постмодернизмнің  де  негізгі  анықтаушы 

идеясына  айналады.  Бұл  –  бүкіл  мәдениеттің  және  адами  тұлғаның 

«орталықсыздануы» (децентризация).  

            Классикалық  Батыс  мәдениеті  орталықтарды  барлық  деңгейде 

қалыптастыратын:  географиялық,  әлеуметтік,  тұлғалық.  Бұл  үрдіс  адам 

тұлғасы мысалында айқын көрініс табады. 

           Шығыс  адамы  әлемде  өзінің  физикалық  және  психикалық  белгілерін 

толық  көрсетеді,  зерденің  танымдық  қажеттіліктерін  ғана  емес,  жаны  мен 

жүрегінің  талаптарын  жүзеге  асырады.  Адамда  әуелгі  болмыспен  рухани 

байланысқа  негізделген  терең  бірлікті  сақтайтын  көптеген  орталықтар 

болатын. 



        

451 


 

            Батыста адамның басқа түрі қалыптасты және сол мәдениеттің жалпы 

сипатына сай әлемді билеу мақсатында әлемді тану көзделген. Адам үстемдік 

етуге  бағытталған  ақыл  қабілеттерін  дамытуға  ерекше,  біржақты  көңіл 

бөлген.  Мұндай  кембағал  интеллект  европалық  тұлғаның  «орталығына» 

айналады.  Ал  рухани  өмірдің  бүкіл  байлығы  –  махаббаттың,  нәзіктіктің, 

қамқорлықтың,  сенімнің  рухани  әрекеттері  екінші  орынға  ысырылды, 

өйткені олар табиғатқа және адамға үстемдік ету ісінде кедергі келтіреді деп 

есептелген. 

          Мұндай  адамның  жалғыз  ғана  орталығы  бар.  Нақ  осы  адам  қазіргінің 

экологиялық  және  әлеуметтік  апатына  кінәлі.  Нақ  осы  адам  туралы  Фуко 

жұмбақтап  айтады.  Тарихтың  толқындары  ол  бейнені  шайып  кетуі  тиіс. 

Оның орнына жаңа, «орталықсызданған», яғни Рухтың ең биік қағидатымен, 

яғни  шынайы  Сеніммен  қосылған  интеллект,  жан,  жігер,  жүрек,  сезім, 

махаббат, шабыт сияқты көптеген орталықтары бар адам келеді. 

          Бұл  орталықсызданған  адам  Шығыстың  тәжірбиесіне  қайта  оралу, 

виртуалды  мегаполистер  жобаланып,  салынатын  болашаққа  ұмтылу  болады 

және адам Ғаламтордың ғаламында тіркеледі.  

           Қорытындылап айтсақ, Фуко структурализмнен постмодернизмге өтті, 

сөйтіп ол адамды түсіндіруде классикалық дәстүрдің бұғауын алып тастайды. 

Фуко  психикалық  өмірдің  бүтіндігін  қалпына  келтіреді.  Егер  Фрейд 

бесаналық  құрылығын  ашса,  онда  Фуко  көптеген  өзге  жағдаяттардың 

маңыздылығын  анықтады,  соның  ішінде  ессіздікті  таңдайды.  Ол 

алғашқылардың  бірі  болып  денені  зерттеді,  европалық  дененің 

қалыптасуындағы  әдістер  тарихын  жасады.  Ол  сексуалдық  тақырыбын 

талқылап, оның адам өміріндегі маңызын тапты. 

            Мұның бәрін ол мәдениет пен адамның «децентриализациясы» туралы 

тезисті  негіздеу  үшін  және  ашып  көрсету  үшін  зерттеді.  Батыстық 

мәдениетте  адам  үшін  ең  маңыздысы  билік  пен  үстемдікке  бағытталған 

интеллект  деп,  ал  қалған  адам  өмірінің  барлық  көріністері  жанама  деп 

есептелді.  Фуко  үстемдікке  ұмтылған  интеллект  сияқты  орталық  жалған 

болады  деп  жария  етті.  Адамдық  тұлға  «орталықсызданады»,  көп  өлшемді 

болады.  Міне,  бұл  Шығыс  пен  Батыстың  кездесуі,  онда  тек  интеллект  қана 

мойындалмайды, сонымен бірге рухани қағидалармен бірлескен жүрек, жан, 

сезім мойындалады. 

            Ұлы Абай адамның қандай болуы керектігін айтқанда, ол дәл осындай 

толық адамды меңзейді, оны бастайтын өмірлік қағида пайда мен тиімділікке 

бағытталған  зиялылық  емес,  жүрек  пен  ақылдың  бірлігі,  бұл  екеуі  шын 

Сенімді шыңдайды. 

              «Адам  құмдағы  бейнедей  жоғалады,  жағалаудағы  толқындай 

шайылады»,  -  деп  Фуконың  нақыл  сөзін  қайталаймыз.  Билік  пен  байлықты 

ғана  ойлап  алаңдаған  адам  рухани  адамгершілік  талаптарын  білмейді.  Абай 

армандаған толық адам бейнесі де пайда болады. 

Философиялық афоризмдері: 

  Биліктің  бармайтын  жері  жоқ:  бәріне  қолы  жете  бергендіктен  емес, 

барлық жерден бірдей бастау алатындықтан. 


        

452 


 

  Сөз алудың орнына, ол мені өз құшағына орап алып, барлық мүмкін-ау 

деген бастаулардың бәрінен арыға апарыптастағанын қалар едім. 

  Қиялға сиятынның, білімге айналатынның бәрі – сөзден табылады. 

  Орта  ғасырларда  ақымақтық  күнделікті  тіршіліктің  бір  бөлігі 

саналатын. 

  Шығармашылық бар жерде ақылсыздыққа орын қалмайды. 

  Сөйлеу  –  әлде  бірдеңені  білу  және  маңайындағылар  таңған  үлгіні 

басшылыққа алу. 

  Заң қашан да найзаның ұшында жүреді. 

  Кітаптың  дүниеге  келуі  –  шағын  оқиға:  ол  –  біреудің  қолындағы  зат 

іспеттес.  Ол  сол  сәттен  бастап  қайталану  деген  шексіз  ойынға 

қосылады да кетеді. 

  Дәрігерлер қай қоғамда болмасын мүлдем өзгеше жағдайда болмақ: ол 

барлық  жерде де қоғамның  айрықша  назарында және  ешқашан дерлік 

олардың орнын ешкім баса алмады. 

  Дүние мәні ашылуға тиіс белгілерге толы. 

  Ойдың да өз тарихы бар. 

  Бақылау – көрумен шектелу. 

  Жаратылыс тарихы – тілдің замандасы. 

  Кітап жазу – қашанда белгілі бір тұрғыдан алғанда, оның алдыңғысын 

жоққа шығару деген сөз. 

  Ғылыми білім мен философиялық тақырыптарға еш қатысы болмаса да, 

сәулет өнерінің өн бойы тұнған оң білім. 

  Жалпы,  еркін,  қалай  болса  солай  немесе  тәуелсіз  пікір  дегендер 

болмайды. Басқа пікір тудырмайтын да пікір болмайды. 

  Интеллектуалдың  рөлі  –  басқаларға  не  істеу  керектігін  айтып  беру 

емес. 


  Түс – алдамшы: ойыңды бұзады, қияли етеді. Бірақ ол қате болмайды. 

  Құштарлық  пен  ессіздік  классикалық  дәуірге  дейін  де  қол  ұстасып 

қатар  жүрген,  қазір  де  қатар  келеді,  тегі,  алда  да  солай  қатар  жүре 

беретін болуы керек. 

  Құштарлыққа  айналған  басы  айналған  сандырақтың  негізгі  үздіксіз 

үйкелістегі сезімталдықта жатыр. 

  Қазіргі философияны ойдың өзін-өзі жеген жансебіл жұмысы дегеннен 

басқа қалай атауға болады? 

 

                                                               Әдебиет: 

 

1.  Эрибон Д. Мишель Фуко /Пер. с франц. Е.Э.Бабаевой. «Мг», — М: 2008.  

2.  Батыс философиясы. /«Мәдени мұра», ОҚ. «Жазушы»,— А: 2009. 411 

3.  Шаймерденұлы  Е.  Ақиқат  айнасы  (Философиялық  афоризмдер) 

/Анықтамалық: Мишель Фуко. «Өлке», — Алматы: 2004. 24-25 бет 

4.  Фуко  М.  История  безумия  в  Классическую  эпоху  /Пер.  с  франц. 

И.К.Стаф. «Университетская книга», — Санкт-Петербург: 1997 


        

453 


 

КАРЛ ЯСПЕРС 

 

(23 ақпан, 1883ж, Ольденбург  



– 26 ақпан, 1969ж, Базель) 

 

          —  неміс  философы,  психологы  әрі  



психиатры,  экзистенциализмнің  басты 

өкілдерінің бірі. 

          Ол 

өз  ілімінде  рационалистік 

идеялардан  бас  тартып,  философияны 

ғылым түрінде қарастырудың қажеттігіне 

шек  қойып,            шынайы  философия деп 

философиялық  ой  кешу  үрдісінің  өзін 

атаған.  Оның  айтуынша,  әрбір  адам 

философиялық  ой  кешуге  бейім,  әрбір 

адам 

өзін 


тыңдаушыларды 

тауып, 


қобалжытқан  ойларын  айтып  жеткізіп, 

шынайы қарым-қатынастарға жол салуға 

талпынады.  Философия  сондықтан  ішкі,  рухани,  үрдіс,  ол  дүниені  белсенді 

түрде  өзгертуге  бағытталмаған,  оның  басты  мақсаты  –  болмысты  сана 

елегінен өткізу, махаббат сезімін аялау, тыныштық орнату.  

Философиялық шығармалары: 

          «Дүниетаным  психологиясы»  (1919),  «Философия»  (1932),  «Неміс 

күнәсі мәселесі» (1946), «Ақиқат жөнінде» (1947), «Философия және Дүние» 

(1958), 


«Атом 

бомбасы 


және 

адамзаттың 

болашағы» (1958), 

«Трансценденция шифрлары» (1970), «Экзистенциалдық философия» (1938), 

«Тарихтың  қайнар  көздері  және  оның  мақсаты»  (1949),  «Уақыттың  рухани 

ахуалы»  (1931),  «Тарихтың  мағынасы  мен  арнаулылығы»,  «Философиялық 

сенім» (1962), «Ұлы философтар» (1957) және т.б. 

        К.Ясперс  өзінің  «Тарихтың  қайнар  көздері  және  оның  мақсаты»  (1949) 

атты кітабында әлемдік тарихи процестің өзіндік түсіндірмесін беріп, тарихи 

уақыттың,  яғни  адамзат  тарихының  біртұтас  екендігін,  бірлігін  көрсетеді. 

Адамзаттың  түп-тамыры  бір,  шығу  тегі  бір,  даму  жолы  ортақ.  Осы  тарихи 

даму  жолын  қарастыра  келе,  Ясперс  «белдеулік  уақыт»  ұғымына  ерекше 

мағына  беріп,  оны  қазіргі  рухани  тұрпаттағы  адамның  пайда  болуының 

уақыты  деп  санап,  біздің  жыл  санауымызға  дейінгі  800-200  жылдар 

аралығына  мегзейді.  Осы  кездері  әлемдік  діндер  қалыптасады,  философия 

туындайды,  сөйтіп  мифологиялық  сананың  орнын  «руханилық»  басады. 

Рухтың оянуы, Ясперс бойынша, адамзаттың жалпы тарихының, «белдеулік 

дәуірдің» бастауы болып саналады. 



Философиялық көзқарастары: 

        К.Ясперстің 

пікірінше,  мифологиялық  дәуір  өзінің  байсалды 

орнықтылығымен  бірге  аяқталады.  Грек,  Үнді,  Қытай  философтары  мен 

Будданың негізгі идеялары,  пайғамбарлардың  құдай  туралы ойлары  мифтен 

алыс  болатын.  Рационалдық  пен  рационалды  түрде  тексерілген  тәжірбиенің 



        

454 


 

мифологияға  қарсы  (логостық  мифологияға  қарсы)  күресі  басталды...  Көне 

мифологиялық әлем жайлап шегіне берді...  

        Адам болмысындағы осы өзгерістердің бәрін рухтану деп атауға болады: 

өмірдің  қатып  қалған  бастапқы  тіректері  тербеле  бастайды,  полярлықтар 

тыныштығы  қайшылықтар  мен  антиномиялардың  тынышсыздануымен 

ауысады. Адам енді өзімен өзі ғана тұйықталмайды. Ол өзін-өзі білетініне әлі 

сенімсіз,  сондықтан  ол  жаңа  шектемеген  мүмкіндіктерге  ашық  болады.  Ол 

енді бұл сәтке шейін ешкім сұрамағанды және ешкім де айтпағанды тыңдауға 

және  түсінуге  қабілетті.  Бұрын-соңды  естілмеген  енді  кәдуілгіге  айналады. 

Дүниені  және  өзін-өзі  сезінумен  бірге  адам  болмысты  да  сезіне  бастайды, 

бірақ түгелімен емес: бұл сұрақ қалады. 

        Алғаш философтар пайда болды. Адамның жеке бір индивидум ретінде 

өзі-өзінде тірек іздеуге батылы барды ... 



Философиялық-саяси  афоризмі: 

  Ешкім  де  саяси  жауапкершіліктен  құтылып  кете  алмайды  ...  Біреуге 

тәуелді  болып,  оған  үнемі  сенімділік  көрсету  саяси  қатынасқа 

жатпайды. Ондай адалдық жай арақатынас пен әншейін байланыстар да 

орынды.  Еркін  мемлекетте  барлық  адамдардың  бақылауы  мен 

ротациясы  әрекет  етеді.  Осыдан  келе  кінә  еселенеді:  біріншіден, 

көсемге  біржола  саяси  бағыныштылық,  екіншіден,  жұрттың  бәрін 

бағынышты  еткен  көсемге  ұқсап  бағу.  Бағыныштылық  атмосферасы 

ұжымдық кінә болып табылады. 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   51




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет