Түркі мәдениеті және Ұлы Жібек жолы



Дата12.10.2022
өлшемі28,76 Kb.
#152821
Байланысты:
Эссе ТАРИХ


Эссе “Түркі мәдениеті және Ұлы Жібек жолы”
Біздің заманымыздан бұрынғы бірінші мыңжылдықтың басынан бастап, негізінде ежелгі ғұндар арқылы тарих сахнасына шыққан және біздің заманымыздың 542 жылындағы қытай жылнамаларында «құдіретті империя мемлекет құрған, олармен бәсекелес ірі суперэтнос ретінде баяндалған. Ал VII-VIIII ғасырларда болса, өздері тудырған жазба ескерткіштері арқылы (Орхон-Енисей немесе Өтүкен түркі ескерткіштері) өздерінің шыққан тегінің тарихын құжаттандырған түркілер барлық түркі текті халықтардың (оғыз, қыпшақ, қырғыз, ұйғыр т.б.) одағын құруға үлкен мән-маңыз берген. Біздің заманымыздан бұрынғы III ғасыр қытай деректерінде және одан кейінгі деректерде «ту-у», «тукю», «тукюе», «түркіт», «төрүк», «түрүк» және нақты атауымен «түркі» деп аталған түркі халықтары Еуразияның, әсіресе, соңғы 1500 жылдық тарихында архаикалық сипаттағы мемлекеттілікті заманауи мемлекеттілік деңгейіне дейін дамытқан, әрі өз тағдырын ежелгі дүниенің бүкіл халықтарының тағдырымен бірге байланыстырған халық болған. «Түркі» этнонимінің этимологиясы жөнінде әртүрлі пікірлер айтылса да, XIX-ғасырдың танымал мажар түрктанушысы Арминий Вамбери мен профессор Фарук Сумер оның «төремек» етістігінен пайда болғанын шындыққа жақындау жорамал деп санаған. IX ғасырдың ұлы түркі ойшылы, энциклопедист тіл маманы Махмұд Қашқари «Диуан-и лұғат-ит түрк» атты классикалық еңбегінде «түркі» атауын түркілерге Тәңірдің бергенін айта келе, аталмыш сөзді «жастық, жетілушілік, құдірет пен күш-қуат» деген мағыналармен байланыстырған.
Түркілердің саяси басымдығы исламды дін, өркениет және саясат ретінде өз тарихының ең жарқын сатысына шығарды. Гүлденген дәуірінде өзара байланыстар құрған үнді, қытай, ислам, батыс және славян өркениеттері шеңберінде түрк өркениетінің жинақтаушы қызметі адамзаттың тарихи дамуын бағыттау жігеріндегі мақсаттылығымен көрінген. Тарих жадында қалған ең маңызды фактілердің бірі – түркі империяларының ешбірінде ұлтаралық кемсітушілікке (бөлушілікке) жол берілмеген, керісінше, өзге ұлт, дін және өркениет өкілдері мемлекет істерінде алға тартылып, тіпті, жоғары билікте болған. Түркі әлемінің тек қана әлеуметтік-саяси тұрғыдан емес, әрі көркемдік-эстетикалық мәдениет тұрғысынан да бөлінбес біртұтастығы және алуан түрлілігі басқа өркениет пен оны тудырушыларға ізгі ниетті байланыста барлық тамаша жақтарымен көзге түскен. Түркілер саяси тұрғыдан басқа халықтар мен дін мәселесінде қандай да бір кемсітушілікке жол бермегені секілді, өзге халықтардың ахлақи және рухани заңдарына, өнер технологияларына, тарихи ескерткіштеріне де құрметпен қараған. Мысалы, Орталық Азиядан Анадолыға дейін бүкіл түркі елдеріндегі көне өркениеттердің барлық іздері қиратылмай, қорғалып, сақталып қалған. Түркілер өздерін әлемге жоғары тектен шыққан, текті халық ретінде көрсетумен қатар, басқа халықтар мен мәдениеттердің шығармашылық стилін, озық тәжірибелерін де пайдалануға тырысқан. Қазіргі заманда түркі ұлттық мемлекеттерінің бірлігі идеясының түп-түбірінде де осы мемлекеттерді тудырған түркі халықтарының этногенетикалық іргетасы, ұлы өркениет бастаулары, мемлекеттілік тәжірибесі мен дәстүрі, бүкіл тарих бойы жалғасқан этномәдени байланыстары, тарихи бөліну процестерінде жоғалтпай сақтап қалған, әрі ұдайы дамытып отырған ортақ құндылықтары жатыр. Бұл іргетастың беріктігі соншалық, тарихтың ең қиын дәуірлерінің өзінде мызғымай, құлдыраған сайын нығая түскен, ал қазір мықты энергетикалық әлеуетін жаңадан әрі мақсатты түрде әрекетке көшірерлік бейнебір күші бар берік іргетас сипатында.
«Жібек жолы» деген не, ол қашан пайда болып, жұмыс iстей бастады, қай жерден өткен - әркiмнiң көкейiне алғаш ұялайтын сұрақтар, міне осылар. Жауап қайтару үшiн тарихи фактілерге жүгінейік. 629 жылы буддалық тауап етуші Сюань-Цзян «Будданын қасиетті сүйектерiн көрiп, дін ілімін тынғылықты зерттеу үшiн» Қытайдан Үндістанға аттанды. Ол Қытайды Батыспен жалғастырып жатқан және техника жаңалықтарын, діни идеялар мен мәдениет жетiстiктерiн жеткiзушi болған. Юсуф халықаралық жолмен жүрді. Чаньаннан шыққан көпестер керуенiмен бiрге қоспақ түйемен Дунху арқылы ұлы Гоби шөлiнiн шетiмен журiп, «Ұлы Айдаһар шағылдары» деген атпен мәлім тұзды шелден, Хами және Тұрфан жазирасынан, Тянь Шаньның солтүстік беткейлерін бойлай етіп, сірә, Музур-Ола жотасы болуы мүмкiн деп саналатын мұзды таулардан шыққан Сюань-Цзян мен оның серiктерi -Мөлдіреген Көгілдір көлге» жеткен. Оны «Қайнаған көл» деп те атаған, сондықтан оның Ыстықкөл екенiн бiлу қиын емес. Көлді айналып өткен тауап етуші Суяб қаласына келiп, онда Батыста шекарасы Қара теңізге дейiн созылып жатқан орасан зор империянын әмiршiсi түрiк кағанымен кездескен. Сюань-Цзян турiктердiн кағаны мен онын манындағыларды бы лайша суреттейді: «Бұл жатжерлiктердiн жылкылары тамаша екен. Қаған жасыл жiбек шапан киген; онын басы жаланаш, тек узындыгы бiр чжан нан (3,2 м) астам жібек шүберекпен орап, ұштары артына салбыратып жiберiлген. Онын iзiне зерлі шапан киiп, шаштарын бурым етіп өрген екi жузден астам тархан ерiп жүр. Аң терiсiмен әдіптелген киiм және жұмсак бас киім киген өзге жауынгерлер айбалталар, тулар мен садактар ұстаған. Түйелер мен атка мiнiп келе жаткандардын көп екені сонша, көзбен шолып шығу мүмкін емес». Өзiне қаған жасаган кабылдауды суреттей келіп, Сюань-Цзян түрік аксуйектерiнiн жiбек киiмдерiнiң сән-салтанатын талай рет атап көрсетеді және өзiнiн сыйлыкка кызыл курен сәтеннен тiгiлген толып жаткан киiм жиынтыгы мен елу тай жiбек» алғанын да хабарлайды. Бұл көріністе Шығыс пен Батыс саудасынын негiзгi өнiмi, ертедегi және орта ғасырлардағы құрлықаралық ұлы жолға атын берген жiбек ерiктi болсын, ерiксiз болсын бiрнеше рет айтылады. Бұл жолдын қашан «iске косылғаны» туралы сураққа осы кезге дейiн түрлi жауап қайтарылады. Егер «Жібек жолынын» жекелеген учаскелердiн түп-негiзi туралы айтар болсақ, қарым-катынастар мен айырбас байланыстарынын басы уақыты жағынан б.з.б. III - II мынжылдықтарға барып тiреледi. Бұл байланыстар Бадахшан тауларында көктас және Жаркент Дария өзенiнiн жоғарғы ағысы Хотан урфрит кенiштерiнен кен қазылуы себептi жолға қойылған едi. Бадахшанда өндiрiлген көктас Иранга, Месопотамияга, Анадолга. Мысыр мен Сирияга шығарылды. I мыңжылдықтын орта шенінде Бадахшаннын көктасы Кытайға апарып, Орта Азия мен Орта Шығысты Жерорта теңiзiмен және Үндістанмен жалғастырған «Көктас жолымен қатар Шығыс Түркістанды Қытаймен байланыстырган «Нефрит жолы да болды. Б.з.б. I мыңжылдықтын орта шенiнде «Дала жолы жандана бастады, егер тарихтын атасы Геродоттын суреттеуiне лен қойсақ, оның бағыты айқын болады: ол Қара теңiз өңiрiнен Дон жағалауына, содан соң Онтүстiк Орал өңiрiндегi савроматтар жерiне, Ертiске карай, одан әрi Алтайга, жоғарғы Ертіс пен Зайсан көлi манын мекендеген агриппейлер еліне шыққан. Бұл жолмен аң және мал терiлерi, құран кiлемдерi, қымбат бағалы металлардан жасалған бұйымдар таралған. Таяудағы кездiн өзiнде жiбектiн ойлап табылуы және онымен сауда жасау б.з.б. I мыңжылдық кезiне жатады деп саналып келген еді. Алайда Тайху келiне жақын жерде. Чжуцзян провинциясында қазба жұмыстарын жүргiзген қытай археологтары неолит дәуiрiне жататын жiбек маталар, белдік пен тоға тапты. Матанын мезгiлi - б.з.б. 2750+100 жж. Оған жасалған талдау сол кезге қарай-ақ, яғни осыдан бес мың жылдай бұрын жiбек тоқу карапайым сатылан шыққанын дәлелдейдi. Б.з.б. VI-V ғасырларда кытай жiбегi басқа елдерге, сонын iшiнде Батыска да шығарыла бастаған. Алтайдағы Пазырық патшалық обаларынын б.з.б. V ғасырдағы деп саналатын бiреуiн қазған кезде феникс кестеленген жiбек көрпе табылды. Оңтустiк және Батыс Еуропа аудандарында б.з.б. VI-V ғасырлардагы қабiрлерден жүннен жасалған бұйымдарға тiгiлген жібек маталар мен шашақтар шықты. Қымбат тұратын жiбектердiн таралуына сақтар мен скифтердiн кешпед тайпалары қатыскан, сол кездегi гажайып тауар Орталық Азия мен Жерорта теңізi өмiрiне солар арқылы жеткен. Алайда VI-IV ғасырлардағы Жiбек жолы туралы айтуга бола қоймас. Қымбат тауарлар дала енiрi арқылы жеткiзiлген, ол 40-параллель маңынан өткен және Хуанхэ өзенiнiн үлкен иіндерiнен басталып, Алтайдын шығыс және солтүстік кілемдерiн, Қазақстан мен Қара теңiз екiрi далаларын кесiп өткен де, гректер мен этрускiлер жерiне жеткен деп шамалау дұрысырақ болады. Жiбек Үндiстанға сол кезде барған, мұны «синапта жiбегi деген сөз дәлелдейді. Б. з. б. I гасырдын ортасында гана «Жібек жолы туракты дишгоматин лык және сауда жолы ретiнде пайдаланыла бастайды. Ал бәрi 138 жылы, император У-ди Батыстын беймәлiм елдерiне жiберген Чжан-Цзянга келген елшi керуенi Хань астанасынан шққан кезде басталған еді. Чжан-Цзян 13 жылдан кейiн қайтып оралды. Ол казiргi Ауғанстан аудандарына дейiн жетіп, Кытайдын iшкi аудандарынан Орталык Азияга бiрiншi болып тура жолмен журiп өтті. Осынын iзiнше Батысқа - жiбек артқан керуендер аттанып, ал Кытайға Жерорта тенізі жағасынан, Таяу және Орта Шығыстан, Орта Азиядан тауарлар әкеліне басталды. Қазақстаннын батысын қиыр Шығыспен, Амур бойымен керуен жолдары байланыстырып жатты. «Бұлғын жолы» дейтін жол белгілі, ол арқылы Византияның, Иранның, түрiк кағанаттары мен соғды князьдіктерінің Бохай мемлекеттерiмен және Жапониямен байланыстары жүзеге асырылған. VI ғасырда «Бұлғын жолының» теңiздегi бөлiгi «Жапонияға баратын жол» деп аталған. II - V ғасырларда Жiбек жолы, егер Шығыстан бастасақ, Чаньаннан басталып, Ланчжоу ауданында Хуанхэ арқылы өтетiн өткелге, одан әрі Нань-Шаннын солтүстік сілемдерiн жағалап, Ұлы Қытай қорғанының батыс шеті мен «Яшма қақпалары бекетіне» беттеген. Осы арада бiр жол айырылып, Такла-Макан шөлінің солтүстiгi мен оңтүстiгiн жағалап кеткен. Солтүстік жол Хами, Турфан, Бесбалық, Шихо жазиралары аркылы Іле өзенінің аңғарына; ортанғы жол Чаочаннан Қашғарға, Ақсуға және Бедел асуы арқылы Ыстықкөлдiн оңтүстік жарасына; оңтүстік жол Дунхуан, Хотан, Жаркент арқылы Бактрияға, Үндістан мен Жерорта теңізіне шыққан, бұл - онтүстiк жел» деп аталатын жол; «солтүстiк жол» Қашғардан Ферғанаға және одан әрі Самарқан, Бұхара, Мерв арқылы Хамаданға, Сирияга барған.
Қорытындылай келе, Ұлы Жібек жолы біздің заманымызға дейінгі 2 ғасырдың ортасында дами бастады. Батыс пен шығысты байланыстыратын көпір болған сауда жолы, теңіз жолы ашылғанға дейін өз танымалдылығын жоғалтқан емес. Ұлы Жібек жолының бір тармағы Жетісу жерінен өткендіктен бұл аумақта қалалық мәдениет асқан қарқындылықпен дамып, дүниенің түкпір түкпірінен данымал көпестер, саудагерлер, ғұламалар келіп отырған. Осының арқасында көптеген ұлы ғұламар дүниеге есігін ашқан. Егерде Түрік қағанаты мен Ұлы Жібек жолының байланысы жайлы айтар болсам; Ұлы Жібек жолы бойындағы дамыған сауда жолы Түрік империясының бір бөлігін қамтыған яғни өркениеттің дамуына өз әсерін тигізген.Жібек Жолы арқылы тек сауда жүйесі дамып қана қоймай, Шығыс пен Батыс өркениеті тоғысып, мәдениет және дипломатиялық қарым-қатынас орнады.
VI-VII ғасырларда Қытайдан бастау алған керуен Жетісу мен Оңтүстік Қазақстан даласын кесіп өтетін. Отырар, Тараз, Сайрам (Испиджаб), Түркістан (Яссы), Суяб, Баласағұн т.с.с көне қалалар тек сауда ғана емес, мәдениет және ғылым орталықтары болды.
Ертеде Тараз қаласындағы сауда базарын көргендер «Тараз базары – әлем айнасы» дейтін. Себебі, бұл жақта кез келген дүниені айырбастауға, сату мен сатып алуға болатын. Мыстан жасалған тұрмыстық бұйымдар мен қару-жарақтар, киім-кешек пен ер-тұрмандар саудаға түсетін.
Отырар алқабына жүз елуден астам кішкентай қалалар кіретін. Бұл елді мекен қорған сарайларға бай болатын. Саудамен қатар, бұл аймақта білім мен ғылым саласы дамыды.
Түркістан (Яссы) ертеден «екінші Мекке» деп аталып кеткен. Бүгінгі таңда көне қала әлемдік туризм орталығына айналды.
Суяб пен Баласағұн қалаларында жыл сайын кең көлемде сауда жәрмеңкелері өткізілетін. Әр түрлі елден жиналған саудагерлер бас қосып, сауда қарым-қатынасын орнататын.
Дайындаған:Көпжасар Арайлым
22В0401

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет