Қазақстан республикасы білім жғне ѓылым



Pdf көрінісі
бет1/26
Дата11.09.2022
өлшемі2,26 Mb.
#149178
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   26
Байланысты:
Картография
Документ, idz 10.1 variant 30(idz.kz) (2), д 1-2, 2 дәріс.


9
№1 дəріс. Картография пəні жəне мақсаты
Картография табиғат пен қоғамның құбылыстарын географиялық карта
мен басқа картографиялық өнімдерді кескіндеу жəне оларды құру, пайдалану
əдістемелері туралы ғылым. Географиялық карта – адамзаттың ең үлкен жасауы.
Ол қоршаған əлемді тану үшін тамаша құрал болып қызмет етеді. Оған
инженерлер, зерттеушілер, геологтар, агрономдар, ғалымдар, əскери қызметтер
жүгініп өздерінің сұрақтарына жауап табады.
Карта біздің өмірге мықты кірді. Оны біз газеттерден, журналдардан,
көгілдір экрандардан көреміз. Картамен халықаралық жаналықтарды, ауа
райын, мемлекеттердің жеке жағдайларын, ірі құрылыстарды жəне
экономиканың дамуын т.б. жаңалықтарды көрсетеді. Карта біздің əлеміміз
жайлы мəліметтерді көрсетеді. Онымен материктердің өзара орналасуын,
қалалардың кварталдарының орналасуын, мемлекеттер арасында транспорт
қатынастарын, құстарды, қоныс аударуын, теңіздердің түбін, жер қыртысының
құрылысын жəне басқа да көптеген мəліметтерді білуге болады. Картаның шығу
тарихы 10-15мың жыл бұрын басталған. Көптеген елдер жазуды білмей жатып
жергілікті жердің мəліметін картографиялық сурет түрінде тасқа қажап
көрсететін.
Картография ғылым тегі ежелгі Грециядан басталған. Ең бірінші
карталарда ежелгі Гректер Жерді сумен қоршаған жазық немесе аздап дөнес
(выпуклый) шеңбер түрінде бейнелеген. Ең бірінші болып жердің шар тəріздес
екендігін біздің эрамызға дейін VI ғасырда ежелгі грек ғалымы Пифагор
айтқан. Ал енді жердің дөңгелек екендігін (окружностін) өлшеген жəне
мередиан мен параллель жайлы ұғымды еңгізген біздің эрамызға дейін III
ғасырда тұрған египеттік математик жəне географ Эротасфен.
Картаны бірінші болып 
құрушылар ежелгі Грецияның теңіз
саяхатшылары, математиктері, философтары болды. Картаны құрудың негізі
жаңа географиялық, астрономиялық, математикалық мəліметтер болды. Бұның
бəрі картаның бір жағы болды. Ал картаның екінші жағы мəліметтерді көрсету
үшін жəне оларды тасымалы таста, ағашта, қағазда бекіту үшін жаңа символдар
өңдеу болды. Одан кейін копирования, құрылған картаны көбейту қажет болды.
Соныменен жергілікті жер жайлы білім əр түрлі ғылымдармен бірігіп
жаңа заман картографиясы болды.
Картография бірнеше қатардан тұратын картографиялық пəндерге
бөлінеді:
Математикалық картография, карта тану, картаны редактрлеу жəне құру,
картографиялық информатика, тақырыптық картография, картаны басып
шығару, картографиялық өңдірістерді ұйымдастыру жəне экономикасы.
Математикалық картография
картаның математикалық негізін,
картографиялық проекция теориясын құрады жəне зерттейді яғни Жердің
эллипсойд (шар)бетін жазықтыққа (картаға) бейнелеу əдістері.
Карта тану
географиялық карталардың теориясын, олардың қасиеттерін,
даму тарихын жəне оларды қолдану əдістерін оқытады.


10
Картаны редактрлеу жəне құру
карта нұсқасын камералды құру
əдістерін жəне ғылыми техникалық методикалармен картографиялық
жұмыстарды басқаруды құрады.
Картографиялық информатика
карта классификациясын, анализін,
учетін, сақтауын, қамтамасыз ету мақсаттарын шешеді.
Тақырыптық картография
Қандай да бір тақырыпқа арналған карта.
Олардың мазмұнында жалпы географиялық картада жоқ элементтер болып
келеді, бірақ қолдануға қажетті мақсаттармен олардың сипаттамалары
толығымен айқын көрсетілдеді. Ол тақырыптық карталар.
Картаны басып шығару
карталарды полиграфиялы көбейту жəне
түрлендіру технологиясы мен əдістерін құруды оқытады.
Картографиялық өңдірістерді ұйымдастыру жəне экономикасы
картографиялық өндірістердің экономикасын жəне оны рационалды
ұйымдастыру əдістерін оқытады.
Картография 
геодезиямен,топографиямен,аэрофотограмметриямен
географиямен тығыз байланысты. Картографияны өзінің зерттеулерінде
геолгтар, ботаниктер, топрақтанушылар, зоологтар, историктер, математиктер
медиктер қолданады.
Географиялық карталарды құруда геодезия Жердің физикалық бетінен
математикалық бетке өтуді қамтамасыз етеді. Картаны құру үшін қажетті
пландық жəне биіктік негіздерді береді (пункттердің координаталары мен
биіктік белгілері). Жердің формасын жəне размерлерін өлшеу, геодезиялық
координата торабын құру, жергілікті жерде сызықтар ұзындығын, бұрыштарды
жəне алаңдарды өлшеу ғылымы.
Фотограмметрия аэрофото жəне космостық суреттерден алынатын
кеністік мəліметтері жайлы ғылым. Геодезия мен фотограмметрия стыгында
топография табылады. Топографияның мақсаты ірі масштабты топографиялық
карталарды геодезиялық өлшемдер негізінде жəне барлық картографиялық
белгілірді сақтай (соблюдать) отырып аэрофотографиялық суреттерді
фотограмметриялық түрлендіру. Топографиялық карталар ұсақ масштабты
карталарды құруда негіз болып қызмет етеді. Топография картографияға
бірінші картографиялық материалдарды береді.
Соныменен: Географиялық карта деп
анықталып математикалық зандар
бойынша құрылған Жер бетін жазықтықта кішірейтіп əрі жинақтап шартты
белгілермен бейнеленген көріністі атайды. Картада жер бетіндегі табиғат
құбылыстарын, қоғамдық өмірде іс əрекеттен пайда болған объекттерді
бейнелейді. Жергілікті жерді бейнелеу əдістері: сурет, фотосурет,
аэрофотосурет, план, карта, глобус.
Карта
дегеніміз физикалық беттің көрнекті жəне өлшеуге жарамды
географиялық модель.
Карта қасиеті
дегеніміз оның айқын көрінуі, өлшемділігі жəне
анықтамалығы.
План
белгілі бір масштабта сызылған жер бетінің шағын бөлігінің сызбасы.


11
Жер жайлы білім ұлғайған сайын картада көптеген заттарды бір бірінен
ажыратып оларды бейнелеу үшін үшін картографиялық шартты белгілер
пайда болды.
Картографиялық шартты белгілер
дегеніміз ол
əліппе тəріздес. Шартты белгілерді танымай картаны оқи алмайсын. Шартты
белгілердің көмегімен географиялық нақты мəліметтердің жалпы көрінісі
беріледі.
Шартты белгілердің размерлері картаның арналуына жəне масштабына
байланысты беріледі.
Жер бетінің шағын ғана участкесін бейнелеуде (20* 20 км.) сол беттің
қисықтығын елемеуге болады. Мұндай жағдайда участкенің барлық сызықтары
жергілікті жерде өлшеніп қабылданған масштабқа дейін кішірейтіліп, Жер
қисықтығына қандай да бір түзетулер енгізілмей қағазға саллынады. Мұндай
чертеж план деп аталады.
Ал карталарда барлық жер беті немесе оның бір бөліктері бейнеленеді
сондықтан Жер қисықтығын елемеуге болмайды. Эллипсойдтан жазықтыққа
өту математикалық əдістермен жер бетіндегі нүкте координаталары жəне сол
нүктелердің жазықтықтағы координаталары арасындағы байланысты көрсететін
картографиялық проекция көмегімен орындалады.
Картографиялық тораб
деген барлық картаның мазмұның еңгізу үшін
қызмет ететін параллельдер мен мередиандар торы.
Экватор
 –
Жердің айналу осін тік бұрыш жасап жəне оның дəл ортасынан
кесіп өтетін жазықтықты экватор жазықтығы дейді. Экватор жазықтығы мен
жер бетінің қиылысу сызығы экватор деп аталады.
Экватор жер шарын Солтүстік жəне Оңтүстік жарты шарға бөледі жəне
ендіктің басқы есебі юолып қызмет етеді. (ұзындығы 40075695м)
Географиялық меридиан
-
Жердің айналу осі арқылы арқылы өтетін
жазықтық мередиан жазықтығы деп аталады да, ал сол жазықтықтын жер
бетімен қиылысу сызығы географиялық меридиан деп аталады.
Бастапқы меридиан географиялық бойлықтын есебі жүргізілетін
мередиан. Бүкіл əлемдік практикада бастапқы меридиан болып Гринвич
обсерваториясынан өтетін Гринвич меридианы қабылданған. (Гринвич
астрономиялық обсерваториясы 1675 жылы орнаған).
Параллель –
Экваторлық жазықтыққа параллель жазықтықтардың жер
бетімен қиылысу сызықтарын параллельдер деп атайды.
Географиялық координаталар деген
– жер бетіндегі кез келген нүктенің
экватор жазықтығы мен меридиан жазықтығына қатысты орнын анықтайтын
бұрыштық шама (бойлық, ендік)
Бойлық-
Р нүктсі арқылы өтетін мередиан мен бастапқы меридиан
жазықтықтары арасындағы бұрыш.
Ендік- берілген Р нүкте арқылы өтетін тіктеуіш сызықпен экватор
жазықтығы арасындағы бұрыш. Эватордын оңтүстік жағы оңтүстік ендік, сол
түстік жағы солтүстік ендік болады.
Негізгі əдебиет:
1. [4-8]


12
2. [3-10]
Қосымша əдебиет:
Жалпыгеогрфиялық карталар, атластар.
Бақылау сұрақтары.
1. Картография ғылымы деген не?
2. Картография қандай пəндерге бөлінеді?
3. Картография қандай ғылыми пəндермен байланысты?
4. Географиялық карта деген не?
5. Картографиялық шартты белгілер деген не?


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   26




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет