32
Картада сызылған сызық бойы бойынша нүктелердің максималды жəне
минималды биіктіктерін жəне олардың арасындағы айырымды (профиль
биіктігін) анықтайды. Профиль масштабын таңдайды: горизонтальды
масштаб-
ол əрқашан карта масштабымен бірдей болады жəне вертикалды масштаб-ол
горизонтальды масштабтан бірнеше есе үлкен (5-10 есе), себебі рельеф негізі
айқын көрінуі керек. Екі өз ара перпендикульярлы координата осьтерн сызып
горизонтальды осьтің бастапқы нүктесінде ең төменгі профиль нүктесінде
жатқан биіктікті белгілейді. Вертикал осьі
бойынша таңдалған вертикалды
масштабтағы қима биіктікті белгілейді жəне горизонтальдар биіктігін
қастарына жазады. Содан кейін горизонтальды оське картадан профильдің
бастапқы нүктесінен горизонтальды нүктелерге
дейңнгң ара қашықтарды
түсіреді. Горизонтальдағы биіктік пен вертикалдағы бірдей биіктіктерден
перпендикульярлар тұрғызады. Перпендикульярлардың шектелген шеттерін
сызықпенен қосады. Профиль сызығының
астына картадан алынған оның
азимутын, профильдің бастапқы жəне соңғы нүктелері жəне масштабтары
жазылады.
18 - сурет. 202.0 нүктесінен 201.0 нүктесіне дейінгі сызық.
19 - сурет. Талая өзенінің көлденең пофилі: горизонтальды масштаб –
1:50 000, вертикальды масштаб – 1:2000
Негізгі əдебиет:
нег.:1[170-182]
Қосымша əдебиет:
Қос.: [148-155], 3. Карталар, атластар
Бақылау сұрақтары:
1. Жергілікті жердің рельефі деген не?
2. Абсолютті биіктік деген не?
3. Горизонталь деген не?
4. Картада рельефті қандай əдістермен бейнелеуге болады?
33
5. Рельефті генерализациялаудың негізгі мақсаты неден тұрады?
№6 дәріс. Картографиялық бейнелердің тәсілдері.
Арнайы карталарда құбылыстарды бейнелеу тəсілдері құбылыстын өзінің
сипаттамасына жəне аумақ бойынша олардың
орналасу негізіне байланысты
жобаланады. Арнайы көрсеткіштерді бейнелеу үшін келесі тəсілдер
қолднылады: изолиния, сапалы фон, ареал, значокты, нүктелі, сызықтар
қозғалысы, картограмма, картодиограмма.
Достарыңызбен бөлісу: