МАЗМҰНЫ
|
бет
|
Кіріспе ....................................................................................................
|
4
|
№ 1 зертханалық жұмыс – Жер рельефін горизонтальдармен
бейнелеу ........................................................................................................
|
6
|
№ 2 зертханалық жұмыс – Масштабтар ................................................
|
10
|
№ 3 зертханалық жұмыс – Топографиялық карталар бойынша
инженерлік-техникалық мәселелерді шешу..............................................
|
15
|
№ 4 зертханалық жұмыс - Теодолит-тахеометр құрылысы.
Оны тексеру және түзету ..........................................................................
|
29
|
№ 5 зертханалық жұмыс – Горизонталь және вертикаль
бұрыштарды өлшеу ......................................................................................
|
38
|
№ 6 зертханалық жұмыс – Теодолиттік түсіру кезінде камеральдық жұмыстар ..................................................................................................
|
43
|
№ 7 зертханалық жұмыс – Нивелирді зерделеу. Геометриялық нивелирлеу әдісі бойынша биікайырымын анықтау ..............................
|
55
|
№ 8 зертханалық жұмыс – Бойлық инженерлік-техникалық
нивелирлеу. Сызықтық құрылыс кескінін салу .......................................
|
64
|
№ 9 зертханалық жұмыс – Басты нүктелерде айналмаларды бөлу
Айналманы бөлшектеп бөлу.......................................................................
|
74
|
КІРІСПЕ
Геодезия — барлық Жердің немесе оның жеке бөліктерінің пішіні мен өлшемдерін зерттеумен айналысатын ғылым. Осы зерттеу геодезиялық өлшеулер арқылы жүзеге асырылады. Осындай өлшеулер Жердің үстінде, теңізде және ғарышта жүргізіледі. Геодезиялық өлшеулер Жер бітімі мен өлшемдерін анықтау, жоспарлар, карталар мен кескіндер құрастыру үшін, ізденістер, инженерлік құрылыстарды жобалау, салу және пайдалану кезінде керек. Геодезиялық өлшеулер үшін бұрыш өлшеуіш аспаптарды және қашықтықты өлшеуіш аспаптарды қолданады.
Геодезиялық өндірістің өзіне тән ерекшеліктері болады, олар өндіріс технологиясына, физика-географиялық және экономикалық еңбек жағдайларының алуан түрлілігіне, еңбектің өзінің ерекше сипатына және оның мазмұнының ерекшеліктері мен нәтижелерінің белгіленген орнына байланысты.
Берілген пәнді зерттеу мақсаты пайдалы қазбалардың кен орындарын ірі масштабта түсіруге геодезиялық және түсірімдік негіздеу жасау, тау-кен кәсіпорнының өнеркәсіптік алаңында жоспарлық және биіктік желілерін құру кезінде өлшеу нәтижелерін математикалық өңдеу бойынша топографиялық-геодезиялық жұмыстардың негізгі түрлерін ұйымдастыру және орындау саласында студенттерді теориялық және практикалық даярлауды қамтамасыз ету болып табылады.
Пән міндеттері мынадай: оқу бітірушінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім стандарты талаптарына сәйкес өзінің мамандығына сай келетін мәселелерді шешуге кәсіптік даярлығына қол жеткізу, бұл мамандарды даярлау кезінде маңызды роль атқарады.
Берілген пәнді зерттеу нәтижесінде студенттерде келесі түсініктер болуы керек:
- геодезиялық өндірістің жаңа заманғы күйі және оның перспективалы даму жолдары туралы;
- геодезиялық өндірісті ұйымдастырудың негізгі принциптері мен түрлері туралы, тау-кен өнеркәсібінде топографиялық-геодезиялық жұмыстар атқару ерекшелегін ескере отырып, жоспарлау және басқару;
білуі керек:
- геодезияның негізгі түсініктері мен анықтамаларын, геодезияда қолданылатын биіктіктер координаталарының жүйелерін; ірі масштабты түсірімдердің геодезиялық және түсірімдік негіздемесін салу әдістері және жаңа заманғы технологияларын; жаңа заманғы геодезиялық аспаптарды, есептеу техникасы мен ақпаратты өңдеу құралдарын;
істей білуі керек:
- картада және жоспарда түрлі графикалық және аналитикалық мәселелерді шешуді; геодезиялық өлшеулер үшін дәл аспаптардың көмегімен геодезиялық өлшеулер жасауды, өлшеу нәтижелеріне математикалық өңдеуді және одан әрі топографиялық жоспарлар мен кескіндер салу арқылы өлшемдерді білікті жүргізуі;
практикалық машықтар алуы:
- бұрыштарды өлшеу, оларға тексеру және түзету жүргізу кезінде, сызықтық және биіктік өлшеулер кезінде геодезиялық құралдармен жұмыста; түсірім желілерін, жиілету, техникалық және геометриялық нивелирлеу желілерін жобалау, теңестіру және дәлдігін бағалау мақсатында геодезиялық ақпаратты өңдеу тәсілдері мен әдістерін игеруі керек.
Әдістемелік оқу құралында осы пәнді оқитын ЖОО барлық мамандықтары үшін «Геодезия» пәні бойынша зертханалық жұмыс орындау әдістемесі мен тәртібі келтірілген.
№ 1зертханалық жұмыс − Жер рельефін горизонтальдармен бейнелеу
Жұмыстың мақсаты: рельефтің маңызы мен негізгі пішіндерін зерттеу, оны жоспарлар мен вертикаль қималарда кескіндеу тәсілі
Достарыңызбен бөлісу: |