№1 зертханалық жұмыс Жер рельефін горизонтальдармен


Қисықты полюстік тәсілмен бөлу



бет51/51
Дата08.02.2022
өлшемі2,89 Mb.
#121100
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   51
Байланысты:
геодезический практикум каз. (1)

9.4.3 Қисықты полюстік тәсілмен бөлу

Қисықты полюстік тәсілмен бөлшектеп бөлуді ұсақ кедір-бұдырлы рельеф болғанда қолданады. Жергілікті жерде қисықтың нүктелер орнын сызықты-бұрыштық қиыстыру арқылы алады (47, б-сурет).


Бұл үшін теодолитті ҚБ нүктесінде орнатады және лимб пен алидада нольдерін біріктіріп, лимбті қозғау арқылы түтікті ББ нүктесіне келтіреді. Осы жағдайда лимбті бекітеді, алидаданың қысқыш бұрамасын босатады және түтікті оңға (немесе солға) бұра отырып: γ - 1 нүктесін заттай шығару үшін; - 2 нүктесін шығару; 3γ - 3 нүкте үшін және т.б. бұрыштарына тең горизонталь дөңгелек бойынша өлшемдерді біртіндеп белгілейді.
Полюстік бұрыш γ sinγ=s/2R теңдігінен есептеп алынады.
Жергілікті жерде қисықтың 1 нүктесін көздеу сызығының ҚБ нүктесінен салынған s хордасымен бірінші жағдайда қиылысуынан табады. 2 нүктені көздеу сызығының 1 нүктеден салынған s хордасымен оның екінші жағдайында қиылысуында табады. Осылайша қисықтың ортасына дейін бөлшектеп бөлудің келесі нүктелерін біртіндеп алады.
Теодолитті ҚС нүктесіне орнатып, осындай жұмыс жүргізеді.
5-мысал.
Берілгені: R=160 м, s=5 м.
Анықтау: γ бұрышы.
Шешімі:

Бақылау сұрақтары:

  1. Айналманы бөлуді қай кезде қолданады?

  2. Трасса осі пикетажын бұрылыстарда айналмаларды бөлместен дұрыс бөлу мүмкін бе?

  3. Қисықтың басты нүктелерінің орны немен анықталады?

  4. Қисықтың элементтерінің геометриялық мәні қандай?

  5. ҚБ және ҚС пикетаждық белгі бақылаумен қалай есептеледі?

  6. Трассаның бұрылатын жерлерінде қисықтағы пикеттік нүктелерді неге шығарады?

  7. Қисықтың элементтерін қалай анықтайды?

  8. Қисыққа шығару үшін пикеттердің тік бұрышты координаталарын анықтау формулаларын бөліп көрсетіңіз.

  9. Қисықтарды бөлшектеп бөлуді не үшін қолданады?

  10. Қисықтарды тік бұрышты координаталар тәсілімен бөлшектеп бөлуді түсіндіру.

  11. Қисықтарды жалғасқан хордалар тәсілімен бөлшектеп бөлуді түсіндіру.

  12. Қисықтарды полюстік тәсілімен бөлшектеп бөлуді түсіндіру.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   51




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет