№1 зертханалық жұмыс Жер рельефін горизонтальдармен


Қисықтарды бөлшектеп бөлу



бет49/51
Дата08.02.2022
өлшемі2,89 Mb.
#121100
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   51
Байланысты:
геодезический практикум каз. (1)
1547972624
9.4 Қисықтарды бөлшектеп бөлу

Қисықтарды бөлшектеп бөлу бірнеше тәсілдермен орындалуы мүмкін. Тік бұрышты координаталар, жалғасқан хордалар мен полюстік тәсілдер ең көп қолданысқа ие.


Әрбір тәсіл үшін сұлба салынады, онда барлық бастапқы және есептелетін элементтер көрсетіледі. Есептеу үшін бастапқы деректер қисықтың R радиусы мен 9.1-кестеге сәйкес таңдап алынатын бөлшектеп бөлудің көрші қазықтары арасындағы доға немесе хорда ұзындығы болып табылады.
9.1-кесте

Қисықтың радиусы R, м

Доғаның ұзындығы , м

10- 35
40- 80
100-190
200-800
900 астам

1
2
5
10
20

9.4.1 Тік бұрышты координаталар тәсілімен қисықты бөлу

Қисықтарды бөлшектеп бөлу кезінде ашық тегіс жерде кеңінен қолданылатын тік бұрышты координаталар тәсілі анағұрлым дәл және қарапайым болып табылады. Осы тәсіл кезінде әрбір нүктенің қисықтағы орны Xi және Yi тік бұрышты координаталармен анықталады. Координаталар басы ретінде - ҚБ немесе ҚС нүктелері, абсциссалар осі Х ретінде - жанамалардың бағыттары (тангенстер сызықтары), ординаталар осі Y ретінде ҚБ немесе ҚС нүктелеріндегі қисықтың радиусы алынады (47-сурет). 1,2,3, …, n нүктелерінің координаталарын формулалар бойынша есептейді:



(87)

,
мұнда a - мына өрнектен есептеп шығарылатын доғасын жиыратын орталық бұрыш
. (88)
3-мысал
Берілгені: R=160 м, =5 м.
Анықтау: Xi, Yi.
Шешімі:
;

Нүктелер координаталарын қисықтың ортасына дейін есептеудің барлық деректері 9.2-кестеде келтірілген.
9.2-кесте

Нүктелер №

Xi, м

Yi, м

1
2
3
……………
19

4,998
9,990 14,930
… 94,050

0,078
0,310
0,700
… 30,550



1,2,3,…….., 19 қисығының нүктелерін жергілікті жерге шығару рулеткамен қисықтың басы мен соңынан бастап X1, X2, X3,…, X19 тең кесінділер салуға, эккердің көмегімен кесінді шеттерінің перпендикулярларын салуға және олар бойынша Y1,Y2,…,Y19 тең кесінділер салуға алып келеді.
«Абсциссаларсыз қисықтар» арнайы кестесі болған кезде нүктелер координаталарын анықтамаса да болады. Бұл жағдайда R аргументі бойынша қисықтың әрбір бес метрлік кесіндісі үшін yi ординаталары және осы кесіндідегі К қисығының ұзындығы мен Xi, абсциссасы арасындағы, яғни (K – Xi) «абсциссасыз қисықтар» деп аталатын айырмалар таңдап алынады. Жергілікті жерде қисықтың басынан бастап бұрылыс бұрышының төбесіне дейін тангенс сызығы бойымен әрбір 5 м сайын жайлап қазықтар қағады. Сосын осы қазықтарды алдымен ҚБ жағына (K – Xi) шамасына, ал сосын перпендикулярлар бойынша тангенске Yi ордината шамасына ауыстырады. Бөлу қисықтың ортасына дейін жүргізіледі. Оның екінші жартысы ҚС нүктесінен бастап ұқсас бөлінеді. Қисықтың екі жартысы ҚО нүктесінде түйісуі керек, бұл бөлшектеп бөлу дәлдігін бақылайды. Осы қисықты бөлшектеп бөлу тәсілінің қасиеті әрбір нүктенің орны басқаларына тәуелді болмауы болып табылады.



47-сурет – Қисықты бөлшектеп бөлу: а - тік бұрышты координаталар тәсілімен; б - полюстік тәсілмен; в - жалғасқан хордалар үшін




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   51




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет