№1 зертханалық жұмыс Жер рельефін горизонтальдармен


Жұмыстарды орындау тәртібі



бет43/51
Дата08.02.2022
өлшемі2,89 Mb.
#121100
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   51
Байланысты:
геодезический практикум каз. (1)

8.2 Жұмыстарды орындау тәртібі


8.2.1 Трассаға нивелирлеу жүргізу

Трасса нүктелерінің биіктіктерін (пикеттік, плюстік, көлденең нүктелері) анықтау үшін олар бойынша нивелирлік жол салынады. Нольдік пикеттің абсолюттік белгісі мемлекеттік биіктік тірек торап пунктіне байланыстырудан анықталады.


Нивелирлеу ортадан (36-сурет) алынатын тәсіл бойынша техникалық нивелирмен орындалады. Нивелирден бастап рейкаға дейін жұмыс қашықтығы - 100 м, ал ерекше қолайлы жағдайларда (жазықтық жерлерде) – 150 м дейін, қолайсыз жерлерде - 50 м және кем.

36-сурет – Трассаны нивелирлеу


Әрбір станцияда пикетаждың екі нүктесі - байланыстырғыш, ал қалғандары (плюстік және көлденең нүктелері) аралық болып табылады. l = 50 м болғанда байланыстырғыш ретінде, ережеге сай, пикеттік нүктелер қызмет етеді; Күрделі рельеф кезінде байланыстырғыш нүктелер ретінде плюстік нүктелер болуы мүмкін.
Нивелирді станцияда тұстамадағы байланыстырғыш нүктелерден немесе нивелирленетін сызық тұстамасынан тыс шамамен бірдей қашықтықта орнатады. Иықтарының тең еместігі 5 м-ден аспауы керек (37-сурет).

37-сурет- Станциядағы ортадан нивелирлеу реті


Нивелирлеу аспаптың бір горизонты болғанда екі жақты рейкалармен немесе аспаптың екі горизонты болғанда бір жақты рейкалармен жүзеге асырылуы мүмкін. Рейка бойынша өлшем алар алдында цилиндр деңгейлеуіш үлбіреуігі ноль-пунктке келтіріледі.
Екі жақты рейкалармен нивелирлеу кезінде әрбір станцияда рейкалар бойынша өлшеулер мм-ге дейін дәлдікпен келесі реттілікте алынады (37-сурет):
1) артқы рейканың қызыл жағы бойынша өлшем (а1);
2) алдыңғы рейканың қызыл жағы бойынша өлшем (в1);
3) алдыңғы рейканың қара жағы бойынша өлшем (в2);
4) артқы рейканың қара жағы бойынша өлшем (а2);
5) аралық рейкаларда реттілікпен орнатылатын артқы рейканың қара жағы бойынша өлшем (с1 , т.б.) 37-суреттен.
Артқы, алдыңғы және аралық нүктелердегі есептерді 8.1-кестеде келтірілген далалық журналдың 3, 4, 5-бағандарына жазады.
Келесі станцияға ауыспас бұрын өлшеу нәтижелеріне бақылау жасау қажет: рейкалардың қызыл және қара жақтары бойынша биікайырым айырмасы ±10 мм аспауы керек, яғни


hкр.- h ч.<= ±10 мм, где hкр.11; hч.22 . (66)

Мысалы, станцияда 1 (8.1-кесте):


а1=5504 мм; в1=7577 мм;
а2=0815 мм; в2=2892 мм;
hкр.= а11=5504-7577= -2073 мм;
h ч.= а22=0815-2892= -2077 мм;
hкр.- h ч.<= ±10 мм.
Берілген шартты сақтаған кезде түкпілікті мән ретінде орташа hср.=( hкр.+ h ч.) /2 = [(-2073)+(2077)]/2 = -2075 мм алынады және далалық нивелирлеу журналының 8 немесе 9 бағанына белгісіне байланысты жазылады (8.1-кесте).
Көлденең нүктелерін, әдетте пикетаждың негізгі нүктелерімен бір мезгілде аралық нүктелер ретінде нивелирлейді (8.1-кесте, V - станциясы). Ұзын көлденеңдіктер болса, оларды жеке нивелирлейді.
Тік түзу еңістерді нивелирлеу кезінде байланыстырғыштар ретінде рельефке тән нүктелер болып табылмайтын қосымша «икстік» нүктелерді алуға тура келеді. Сонымен пк 5 және пк 6 арасын нивелирлеу кезінде бір «икстік» нүктені пайдалануға тура келді (8.1-кесте, 39-сурет).

39-сурет – Трассаның тік учаскелерін икстік нүктені пайдалана отырып нивелирлеу


Дөрекі қателерді болдырмас үшін және кездейсоқ әсерлерді әлсірету үшін нивелирлеу келесі тәсілдердің бірімен жүзеге асырылатын бақылау арқылы жүргізіледі:
1) трассаны екі нивелирмен тік бағытта нивелирлеу.
2) трассаны бір нивелирмен тік және кері бағыттарда нивелирлеу.
Қарастырылып отырған мысалда нивелирлеу екінші тәсілмен жүргізілді. Осыған орай тік жүріс кезінде - барлық байланыстырғыштар мен аралық нүктелер, ал кері жүріс кезінде тек байланыстырғыштар нивелирленді.
Тік және кері жүрістен анықталған аттас пикеттер арасындағы биікайырымдар айырмасы ±10мм аспауы керек.





      1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   51




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет