№1 зертханалық жұмыс Жер рельефін горизонтальдармен


Жұмыс мақсаты және оны орындауға қойылатын негізгі талаптар



бет42/51
Дата08.02.2022
өлшемі2,89 Mb.
#121100
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   51
Байланысты:
геодезический практикум каз. (1)

8.1 Жұмыс мақсаты және оны орындауға қойылатын негізгі талаптар
Берілген зертханалық жұмыстың мақсаты студенттердің, бойлық инженерлік-техникалық нивелирлеу және өлшеу нәтижелеріне камеральдық өңдеу жүргізу кезінде далалық жұмыстар әдістемесін меңгеруі болып табылады. Осыған сәйкес тапсырма орындау кезінде студент келесі мәселелерді шешуге тиіс:

  1. Болашақ құрылыс трассасын инженерлік-техникалық нивелирлеу кезінде жұмыс тәртібін зерделеу және далалық журналға өлшеу нәтижелерін жаза білуге үйрену;

  2. Инженерлік-техникалық нивелирлеуде далалық журналға өңдеу жүргізу;

  3. Трассаның бойлық кескінін және көлденең кескінін салу.

Тапсрмамен бірге студент техникалық нивелирлеудің далалық журналын алады, онда далалық өлшеу нәтижелері және нольдік пикеттің бастапқы белгісі келтірілген.
Журналды өңдеу қара және көк сиялармен, немесе тушьпен анық және ұқыпты орындалады. Журналда түзетулер мен сүрткілеуге жол берілмейді. Қате нәтижені ұқыптап сызып тастаған жөн, ал үстінен қызыл сиямен (тушьпен) дұрыс нәтижесін жазу керек.
Бойлық кескінді және көлденең кескінін сызып тастау қарындашпен немесе тушьпен миллиметрлік қағазда орындалады (берілген тапсырманың кері жағына). Бойлық кескін масштабтары былай қабылданады: горизонталь – 1:2000, вертикаль – 1:200, көлденең кескіні – 1:200.
Төменде жұмысты орындау тәртібі қажетті түсіндірулермен мазмұндалады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   51




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет