1.2 Жер рельефін горизонтальдармен кескіндеу
Жоспарлар мен карталарда жер рельефін кескіндеу үшін горизонтальдар әдісі қолданылады. Осы тәсілдің маңызы мынамен шектеледі. Жер учаскесінің бетін биіктігі бойынша бірдей аралықтар h арқылы горизонталь жазықтықтармен ойша бөледі. Осы жазықтықтарды Жер бетімен қиыстыру іздері қисық сызықтар түзеді, олар горизонтальдар деп аталады. Горизонталь — жер бетінің нүктелерін бірдей биіктіктермен жалғайтын бірыңғай қисық сызық.
Тау Шұңқыр
Қойнау
Бел жер
Жота
1-сурет – Жер рельефін горизонтальдармен кескіндеу:
а) горизонтальдар тәсілдерінің мәні;
б) рельефтің негізгі пішіндерін горизонтальдармен кескіндеу
Алынған горизонтальдарды PQ горизонталь жазықтығына жобалайды, сосын сәйкес масштабта жоспарға немесе картаға салады. Жоспарда көрші горизонтальдар арасындағы қашықтық ab = d жатыс деп аталады. Жатыс неғұрлым үлкен болса, құлама тіктігі соғұрлым аз және керісінше. Жоспарда тауды шұңқырдан айыру үшін кейбір горизонтальдарға құлама бағыты бойынша бергштрихтар деп аталатын сызықшалар қойылады. Сонымен қатар, 5 немесе 10 еселі горизонтальдарды цифрлардың үсті әрқашан рельефтің көтеріңкі жағына бағытталған болатындай етіп жазады.
Жердегі горизонтальды кескінделетін учаскеде су бетінің Жердің физикалық бетімен қиылысуынан пайда болған із деп қарауға болады. Жердегі горизонтальға тән мысал ретінде тұрған судың жағалау сызығы қызмет етеді.
Көрші қиюшы жазықтықтар арасындағы биіктігі бойынша h қашықтық рельефтің қима биіктігі деп аталады, ол жер рельефі сипатына және түсірім масштабына байланысты бекітіледі және 0,5 бастап 5 метрге дейін өзгере алады. Сонымен 1:1000 масштабты жоспарларда рельефтің қима биіктігі мынаған тең деп қабылданады: таулы аудандарда − 1 м, жазық жерлерде − 0,5 м. 1:2000 масштабты жоспарларда h шамасы 2 м және 0,5−1,0 м сәйкес қабылданады.
Жоспарлар мен карталарда жердің түрлі заттары мен контурларын белгілеу үшін шартты белгілер қолданылады.
Достарыңызбен бөлісу: |