Сөж тақырып: Топографиялық планда жер бедерін көрсету үшін нивелирлеу түсіріс жұмыстарына, геодезиялық құрал-саймандарға, сонымен бірге план бетіне горизонтальдарды түсіру тәсілдеріне сипаттама беріңіз



Дата21.04.2022
өлшемі17,05 Kb.
#140228
түріРеферат
Байланысты:
СӨЖ 6. Нивелирлеу


СӨЖ 6. Тақырып: Топографиялық планда жер бедерін көрсету үшін нивелирлеу түсіріс жұмыстарына, геодезиялық құрал-саймандарға, сонымен бірге план бетіне горизонтальдарды түсіру тәсілдеріне сипаттама беріңіз.
6 СӨЖ тапсырмасы.
«Топографиялық планда жер бедерін көрсету үшін нивелирлеу түсіріс жұмыстарына, геодезиялық құрал-саймандарға, сонымен бірге план бетіне горизонтальдарды түсіру тәсілдеріне сипаттама беріңіз» тақырып бойынша реферат дайындау.
Рефератта топографиялық планда жер бедерін көрсету үшін нивелирлеу түсіріс жұмыстарына, геодезиялық құрал-саймандарға, сонымен бірге план бетіне горизонтальдарды түсіру тәсілдері туралы сипаттама беру.
Реферат жазба, презентация т.с.с. турінде қорғауға болады. Берілген жұмысты қорғау барысында мынадай жоспарды сақтаған жөн. Рефераттың мазмұны (жазба түрінде болған жағдайда, презентация формасында дәл осы жоспар):
Кіріспе. Кіріспе жаңа беттен басталып осы бетте ғана болады, жеке бір бетте (жұмыс көлемі 10-15 беттен көп болған жағдайда кіріспе бөлімі 2 бетте жазылу мүмкін). Кіріспенің көлемі шамамен жалпы жұмыс көлемінің 1/10 құрайды. Кіріспеде тақырыптың өзектілігі, зерттеу мақсаты, зерттеу нысаны мен әдістері көрсетіледі, сонымен қатар әдебиеттің негізгі көздері. Ол дегеніміз – өзектілігі – неге студент осы тақырыпты таңдады, ғылымда, шаруашылықта т.с.с. тақырыптың маңыздылығы; мақсаты мен міндеттері – бұл жұмыс не үшін жазылады (мысалы осы пәнде ғылымның даму келешегі мәселесі қарастыру үшін оның тарихын білу т.с.с.), қандай нәтиже береді, қандай әдістер қолданылады т.с.с; зерттеу нысаны мен предметі – жұмыс не туралы, пәннің қандай бағыты (тары) қарастырылады; зерттеу әдістері – материал қандай тәслідермен зерттелді. Қандай әдебиет, интернет ресурстары қолданылды, авторлары. Бұл бөлім мүмкіндігінше қызықты болуы керек. Оқырмандардың жұмыспен әрі қарай танысқысы келетіні маңызды болу керек.
Негізгі бөлім – жазған еңбектің мазмұны. Зерттеу нәтижелерін ұсынуды қамтиды. Кейде кестелер, суреттер, сызбалар т.с.с. енгізіледі. Тақырыпты толығырақ ашу үшін тараулар абзацтарға бөлінуі мүмкін. Әр бөлімнен кейін студент өз сөзімен қысқаша қорытынды шығаруы керек.
Негізгі бөлім бірнеше тараулардан түрады, қажетті жағдайда тараулар тараушаларға бөлуге болады (кем дегенде 2 тарау болу тиіс).
Қорытынды. Қорытынды жаңа беттен басталады. Рефераттың қорытындысы зерттеу жұмыстың мақсаты мен міндеттері негізінде жасалынған қорытынды абзац және тұжырымдардан тұрады. Қорытынды автордың өз сөзімен жазылады, мәтіннен цитата, сандық көрсеткіштер т.с.с. болмайды. Қорытындының көлемі 1 беттен аспағы жөн.
Қорытындының үлгісі. Қазіргі геодезия мен топография ғылымдарының даму бағытын анықтау үшін бұл ғылымдардың тарихы қарастырылды. Тарихи кезеңде бұл ғылымдардың адамның өміріне қажеттілігі анықталды, аспаптардың пайда болу кезеңдері көрсетілді, қоғамның дамуының қай кезінде геодезия мен топография қарқынды дамығаны белгіленген. Жұмыс барысында мынадай тұжырымдары айқындалды:
1. Геодезия мен топография шаруашылықта қажеттілігі антикалық кезеңде анықталды;
2. Геодезия мен топографияның ғылым ретінде ежелгі грек ғалымдары негіздеді;
3. Алғашқы оптикалық геодезиялық құралдар 17 ғасырда пайда болды;
4. Геодезия мен топография соңғы кезде ғарыштық технология дамуына байланысты аса қарқынды дамыды.
Әдебиет тізімі – бұл пайдаланылған дереккөздердің жүйелі тізімі (әдебиет тізімі жаңа беттен басталады). Тізім алфавиттік ретпен соңғы бетте орналастырылады, интернет ресурстары әдебиет тізімі соң көрсетіледі, интернет ресурстары міндетті түрде сайттардың аттары, мақалалар, олардың авторлары көрсетілуі тиіс.
Әдебиеттер тек тақырыпқа сәйкес болуы тиіс.
Қосымша – бұл міндетті бөлім емес және реферат тақырыбына сәйкес келетін әртүрлі фотосуреттер, иллюстрациялар, диаграммалар мен кестелерді қамтуы мүмкін.
Жұмысты жобалау кезінде олар рефераттың бүкіл мәтінімен бірдей талаптарды ұстанады: Word бағдарламасы, шрифт - Times New Roman, кегль – 14, қара түс, интервал – 1,0 – 1,15. Беттің нөмірі төменде ортасында қойылады.


Негізгі әдебиеттер
1. Қалыбеков, Т.. Геодезия мен топография негіздері. А., 1993
2. Нұрпейісова, М.Б. Геодезия.- Астана, 2010
3. Сәрсембекова З.Қ. Геодезия негіздері. Оқу құралы. А., Қазақ университеті, 2013.
Қосымша әдебиеттер:
4. Поклад Г.Г. Геодезия. М. 2007
5. Топография с основами геодезии.- М., 1986
6. Условные знаки для топографической карты масштаба 1:10000.- М., 1977
7. Курошев, Г.Д. Руководство по летней топографической практике.- Л., 1988
8. Руководство по топографическим съемкам в масштабах 1:5000, 1:2000, 1:1000 и 1:500.- М., 1976
9. Инструкция по нивелированию І, ІІ, ІІІ и IV классов. Москва. Недра, 1990.
10. Инструкция по топографической съемке в масштабах 1:5000, 1:2000, 1:1000 и 1:500. Москва. Недра, 1985
11. Цифровые топографические карты – http://ggc.ru – официальный сайт ГОСГИСЦЕНТРа (Государственного научно-внедренческого центра геоинформационных систем и технологий).
12. "КАЗАХСТАН ГИС ЦЕНТР", http://orgi.biz/almaty/org194641
13. РГКП «Национальный картографо-геодезический фонд».– http: //nkgf.kz/ru/otdelyi/
14. Нормативно-правовая база топографических работ –– официальный сайт Агентство по управлению земельными ресурсами РК. http://www.auzr.kz/ru/about-agency/polojenie-ob-agenstve

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет