Геодезиялық оқу іс-тәжірибелерінің мақсаты мен барысы



Дата06.02.2022
өлшемі25,73 Kb.
#79793
Байланысты:
отчетка отчет (1)
отчетка отчет (1), 6, Саба?ты? та?ырыбы Геометриялы? оптика тарауы бойынша ба?ылау ж?

Мазмұны
Кіріспе
1Геодезиялық оқу іс-тәжірибелері
1.1 Геодезиялық оқу іс-тәжірибелерінің мақсаты мен барысы
2 Гедезиялық аспаптар
2.1 Теодолит
2.2 Нивелир
3 Топографиялық план құру
3.1 Теодолиттік жүріс және координаталар ведомосьтін есептеу
3.3 Тахеометриялық түсіріс журналын есептеу және план сызу
4 Нивелирлеу
4.1 Трассаны геометриялық нивелирлеу
4.2 Бойлық және көлденең қима салу
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тізім
Қосымша А-1:1 000 масштабындағы топографиялық план
Қосымша Б-Трассаның көлденең және бойлық қималары

«Кіріспе»


Далалық геодезиялық практикасы - студенттерді өндірістік геодезиялық практикаға дайындаудағы маңызды кезеңі болып табылады.
Практиканың мақсаты: далалық және камералдық геодезиялық жұмыстармен танысу, геодезия пәнінде алған теориялық білімді одан әрі тереңдету мен қорытындылау болып табылады
Далалық геодезиялық практикасы бір жарым айға созылады. Практика барысында практика жетекшісі студенттерді бірнеше топқа, яғни бригадаға бөледі. Әрбір бригада өз ішінен бригадирді сайлайды.
Далалық геодезиялық практика аяқталуы нәтижесінде әрбір студент төменде көрсетілген қасиеттерді игере білуім қажет:
- жеке жұмыс жасай алу;
- геодезия пәнінде алған ғылыми-теориялық білімімді іс-тәжірибе жүзінде қолдана білу;
- топпен жұмыс істей білу;
- қойылған талаптарды тиімді және уақытында орындай білу;
- белгіленген жерге топографиялық түсіріс жасай алу.

Далалық геодезиялық тәжірибенің тапсырмалары мен мақсаты: жұмыс тәртібін орындауды, курс бойынша теориялық сабақтарда пайда болған сұрақтарға жауап алу, топографиялық және геодезиялық жұмыстарды дара орындауды меңгеру, теориялық білімді тәжірибе жүзінде бекіту және оны тереңдету болып табылады.


Тәжірибені өту барысында әр оқушы міндетті түрде геодезиялық құралдармен жұмыс істеуді топографиялық және геодезиялық жұмыстарды дара істеуді, белгілі бір жолдарды қолдануды және жұмыстарды орындау кезіндегі керекті дәлдікке қол жеткізе ауды, кәсіби құзыреттіліктерге ие болуы керек.

Геодезиялық оқу іс тәжірибесі


Тәжірибенің тетін орны-студенттер қалашығы. Өту мерзімі - әрбір мамандықтың кредит санына байланысты күніне 6 сағаттан.


Материалдармен, әдістемелік нұсқаулармен қамтамасыз ету (әрбір бригадаға):
2Т-30 теодолиті, штатив, жҥк - 1 комплект
жер ӛлшеу лентасы ЛЗ -20, 6 шпилька - 1 комплект
Н-3 нивелирі, штатив- 1 комплект, РН3 рейкасы - 1 дана,масштабты сызғыш, дробышев сызғышы,
транспортир - 1 дана
Журналдар: бұрыштық өлшеулер - 1 дана - техникалық нивелирлеу - 1 дана - тахеометриялық тҥсіріс- 1 дана.
Оқу-далалық тәжірибе оған жауапты оқытушылар мен кафедра меңгерушісінің басқаруымен ӛткізіледі. Студенттік топтар 5-6 адамнан тұратын бригадаларға бөлінеді. Бригаданың мөшелері оқытушымен келісе отырып, бригадирді сайлайды. Бригадир жұмысты ұйымдастыруға, оның уақытында орындалуына жауап береді. Бригада мҥшелері тәжірибенің соңына дейін алған аспаптарына жауапкершілікпен қарауы тиіс. Егер аспаптар сынып немесе жоғалып кетсе, оған жауап береді.

Жауапты оқытушылар қауіпсіздік техникасының ережелерімен таныстырады. Яғни, далалық жҧмыстарды орындау тек қауіпсіздік техникасының нҧсқауларымен толық танысқан адамдарға ғана рұқсат беріледі. Оларға жҧмыстарды қауіпсіз тҥрде жҥргізудің талаптарын және пайда болатын қолайсыз жағдайлардағы жасайтын әрекеттердің тәртіптерін тҥсіндіреді. Жұмыс істегенде оқыс оқиғалар мен жарақат алудың негізгі себептеріне кӛптеген табиғи кедергілер болуы мҥмкін. Ондай жағдайда адам жұмысты тоқтатып, ол жӛнінде хабарландыру керек. Қолдан келген көмекті тез көрсетіп, қажетті жағдайда дәрігерлік пунктке жеткізуге тиіс. Жұмыс кезінде су көздерін және қоршаған ортаны ластамай, ормандарды өрттен сақтап қорғау қажет.


Пән бойынша геодезиялық эстафета тәжірибенің соңында оны ӛткен студенттер ҥшін ӛткізіледі. Әр оқытушы өз студенттері арасынан бір топ шығарады. Эстафета осы топтар арасындағы жарыс негізінде өткізіледі. Жеңіске жеткен командалар сыйлықтарменмарапатталады.
Геодезиялық аспаптар

Керекті құрал-жабдықтардың толықтығын геокамерадағы арнайы тізімбойынша паспорттарға сай тексереді. Жұмысқа керекті құрал-жабдықтырдың жарамдылығы осы жерде тексеріліп, мҥмкін болса кейбір кемшіліктер түзетіледі. Төмендегі тексерулер жасалынады: штативтердің тұрақтылығы; аспапты штативке бекітудің мықтылығы; бекіткіш, кӛтергіш, микрометриялық және басқа да (элевациондық,кремальера) бұрандаларының дұрыстығы; дүрбі мен микроскоптың кӛрсету анықтылығы мен мүмкіндігі; - аспаптың Барлық бөлшектерінің бекітілу мықтылығы; - басқа да механикалық талаптар. Аспаптарды түзету жұмыстары арнайы әдістемелік нұсқауларға сай жүргізіледі. Аспаптарды (қыл жіпті арақашықтық өлшеуіштің коэффициентін анықтау, т.б.) және ленталар мен рейканы тексеру оқытушының тапсырмасы бойынша орындалады. Далалық жұмыстарды жҥргізу үшін бригадалар өздеріне қадалар, қазықшалар дайындау қажет. Аспаптар мен қҧра зерттелу-жабдықтарды тексеру және түзету жұмыстары жайындағы мәліметтер, бригаданың техникамен толық қамтамасыз етілгені және жҧмысқа дайын екендігі журналға ескеріліп жазылады.


Теодолит


Теодолит - жер өлшеу жұмыстарында, жерді тексеріп шолуда және ірі масштабты съемка жасауда көп пайдаланылатын бұрыш өлшейтін геодезиялық аспап. Оның ең маңызды бөліктеріне: қарау түтігі, градусталған екі-вертикальды (тік) және горизонтальды (жазық) -шеңбері жатады. Сондықтан теодолитпен горизонтальды, вертикальды бұрыштарды бірдей анықтауға болады. Бұл аспап арқылы шырақтың не жердегі нәрсенің горизонталь координаталары, яғни азимут пен биіктігі анықталады. Аспап онша үлкен емес, экспедицияға алып жүруге ыңғайлы. Қазіргі кезде қолданылып жүрген теодолиттер бұрыш өлшеу дәлдігіне, есеп алу құрылғыларының түрлеріне, горизонталь дөңгелектің вертикаль осьтері жүйесінің конструкциясына және атқаратын міндеттері жағынан әртүрлі болып бөлінеді. Горизонталь бұрыштарды өлшеу дәлдігіне қарай теодолиттер 3 топқа бөлінеді:
Техникалық Т15К, 2Т30, 2Т30М теодолиттік және тахеометриялық жүрістер мен түсірістерде, сондай-ак жер бетіндегі және жерасты қазбаларындагы маркшейдерлік жұмыстарды атқару кезінде бұрыштарды өлшеуге арналған.
Дәл теодолиттер 2Т2-3 және 4 кластық триангуляция мен полигонометриядағы бұрыштарды өлшеуге арналған, ал 2Т5К- триангуляциялық жүйелер мен 1 және 2 разрядтық полигонометриялық, сонымен қатар, жер беті маркшейдерлік жұмыстарда бұрыштарды өлшеуге арналған.
Жоғарғы дәлдікті электронды теодолиттер және тахеометрлер Та2М мен полигонометриядағы ... жалғасы

Нивелир
Нивелир-жер беті нүктелерінің биіктік айырмасын, өсімшесін өлшеуге қолданылатын аспап. Нивелир өлшеу дәлдігіне қарай үш түрге бөлінеді.


1) Н-05-дәлдігі өте жоғары нивелир 1км-лік қос жүрістегі өсімшемен анықтаудың орташа дәлдігі 0,5мм-ге тең.
2) Н-3-дәл нивелир. Орташа квадраттың дәлдігі 3мм.
3) Н-10-техникалық нивелир. Өсімше анықтау дәлдігі 10мм аспайтын нивелир түрі.
Енді геодезиялық жұмыстарда кеңінен қолданылып жүрген нивелирлер Н-3 пен Н-10-ның құрылыстарына тоқталамыз.
Нивелирлеуде сантиметрлік бөліктері бар екі жақты рейкалар қолданылады.
Олар ұзындығы 3-4 см тұтас ағаш тақтайдан жасалынады. Алып жүруге қолайлы бүртемелі рейкалар да жасалынады. Тақтайлар ак майлы бояумен боялып, оларға оларға сантиметрлік бөліктер есеп алуды жеңілдету мақсатымен 5 см сайын топтарға біріктірілген. Мәселен, Е әрпіне сәйкес топ 50см-ді көрсетеді және оны санамай-ақ қойса да болады. Рейканың ең кішкене бөлігінің сандық шамасы рейка бағасы деп аталады. Тұтас рейканың ең үлкен ұзындығы 3 м-ге тең. Рейканың төменгі жағында оны тез тозудан қорғайтын болат пластинкадан жасалған табан қағылған.
Рейкалар бір жақты немесе екі жақты да болуы мүмкін. Екі жақты рейкалардағы бір сантиметрлік бөліктер бір жағында қара, ал екінші жағында қызыл түспен белгіленген. Рейканың қара жағында есептеу нөлден басталады да , ол негізгі жағы болп есептеленеді. Рейканың қызыл жағын тексеру үшін қажет, оның табаны нөлден емес басқа саннан, мысалы, 4687 не 4787мм-ден басталады. Егерде нивелирлеу кезінде рейканың екі жағынан есептер алынса,онда қызыл жағынан есептер алынса,онда қызыл жағынан алынған есептен қара жағынан алынған есепті шегергенде, әрқашан 4687 4787 саны қалып отыруы қажет. Бұл сан есеп алудың дәлдігін де,дұрыстығын да көрсетеді.
Жұмыс жүргізер алдында нивелирлік рейкалар тексерілуге тиіс.

Далалық нивелирлеу жұмысы басталар алдында аспапты ең алдымен толық сыртқа өткізеді,нивелир бөліктерінің жиынтығына, винттерінің түзулілігіне көз жеткізеді.


Нивелирге қойылатын басты талап деңгейлік ось пен нсаналау сәулесі бағытының өзара параллель болуы. Жұмыс жүргізер алдында нивелир жан-жақты тексеріліп, биіктік өсімшесін дәл анықтауға әсер ететін кемшіліктер түзетілуге тиісті. Нивелирдің осьтері арасындағы геометриялық байланыстарды (68-сурет) былайша жүргізіледі.

Топографиялық план құру


Топография - геодезиялық ізденістер нақты ауданның (алаңның) топографиялық жағдайын зерттеуді және жобалауға қажетті ірі масштабты пландар алуды қамтамасыз етеді.
Топография-геодезиялық ізденістердің құрамына келесілер кіреді:
-топография- геодезиялық зерттеулердің бар материалдарын жинау және талдау;
-3 және 4 класты мемелекеттік геодезиялық торларды, 2 разрядты толықтыру торларын және II, III, IV класты нивелир торларын бөлу (салу);
- пландық-түсіріс геодезиялық торларын құру;
- топографиялық түсіріс (қажет кезінде аэрофототүсіріс) жасау және топографиялық пландарды жаңарту.
Жобаланатын объектілердің сипатына және қызметіне, жобалаудың кезеңіне, инженерлік коммуникациялардың жиілігіне, жер бетіндегі құрылыс алаңына, пайдаланатын жерлердің аумағына, табиғи жағдай мен рельефіне байланысты топография-геодезиялық ізденістерде түсірістердің масштабы мен рельефтің қима биіктігі анықталады.
Топография-геодезиялық ізденістерде жиі қолданатын пландардың масштабы 1:5000, қима биіктігі 1,0 м, 1:2000, 1:1000, 1:500 қима биіктіктері 0,5м, кей уақыттарда қима биіктігі 0,25м алынады.
Топографиялық план масштабы 1:10000 келесі жұмыстарға арналған:
- қалалар мен поселоктарды салуда жерді пландау
- жол құбырлары мен электр желілерінің трассасын таңдау
- орман мелиорациясының жобаларын жасау
- гидротехникалық құрылыстарды салуға территорияларды таңдау.
Топографиялық план масштабы 1:5000 келесі жұмыстарға арналған:
- ірі және орта қалалардың ірі өндіріс аудандарының, күрделі көлік торабының басты планын жасау, жерді суару және құрғату үшін жобаларды жасау, жазық және тау өзендерінде гидротүйіндерді салу және т.б.
Топографиялық план масштабы 1:2000 келесіге арналған: кіші қалаларды, қала типтес поселоктарды және ауылдық елді мекендерді салу үшін басты планын және жобаларын (жұмыс жобаларын)жасау; инженерлік тораптарды вертикаль пландаудың схемасын жасау; қалалық өндірістік аудандардың пландау жобаларын жасау және т.б.
Топографиялық план 1:1000 келесіге арналған: салынбаған территориялар мен 1 этажды құрылыс территориясының жобасын және жұмыс құжаттарын жасау, территорияны пландау және көгалдандыру үшін жобаларды жасау; гидротехникалық құрылыстардың жұмыс құжаттарын жасау және т.б
Топографиялық план 1:5000 келесіге арналған: көп этажды күрделі құрылыстардың коммуникация торлары мен өнеркәсіп өндірістерінің, көшелердің жұмыс жобаларын немесе жұмыс құжаттарын жасау, жеке гидротехникалық құрылыстардың жұмыс жобаларын немесе жұмыс құжаттарын жасау және т.б. 1:500 масштабын құрылыс масштабы деп атайды.
Жоба - смета құжаттамаларын құрудың жалпы талаптарына топографо-геодезиялық және картографиялық жұмыстардың техникалық жобалары ӛндірістік тапсырма негізіне байланысты ӛнеркәсіп және мекемелермен орындалады. Белгілі бір объектке техникалық жоба және жұмыс сметасы құрылады. Топографо- геодезиялық және картографиялық жұмыстардың объектілері планға және тапсырмаға сәйкес қарастырылатын топографо- геодезиялық және картографиялық жұмыстар ӛткізуге анықталған алаңның аумағы немесе анықталған трасса ұзындығы қажет. Объектте топографо-геодезиялық және картографиялық жұмыстар кӛлемін анықтау мақсатында және олардың орындалуы үшін еңбектік, материалдық және қаржылық шығындарды есептеу мақсатында техникалық жоба құрылады. Бұл кӛрсеткіштерді алу үшін жоба-смета әдісі қолданылады.
Теодолиттік жүріс және координаталар ведомостін есептеу
Теодолиттік түсіріс деп- жер бетінің тек контурлық планын жасау үшін теодолит пен өлшеу таспасының немесе қашықтық өлшегіштің көмегімен орындалатын жұмыстарды айтады. Теодолит пен горизонталь және көлбеу бұрыштар өлшенеді. Теодолиттік түсірістер жазық жер бетінде, елді мекенді аймақтарда, құрылыс, тау-кен өндіріс алаңдарында, теміржол тораптары, т.б. жерлерде пландар жасау үшін жүргізіледі.
Теодолиттік түсіріс дайындық, далалық және өңдеу жұмыстарынан тұрады.
Дайындық жұмыстары кезінде жергілікті жердің жай-жапсарын түсіру дәлдігіне байланысты түсірістің масштабын таңдайды. Қолда бар барлық картографиялық, құжаттарды ( планды, картаны, профильді ) мұқият қайта қарап зерттейді. Егер түсіріс жүргізілетін ауданда геодезиялық тірек жүйесінің пункттері болса, онда олардың орналасқан жерінің схемасын жасап, каталогтан координаталарын жазып алады.
Жергілікті жерде теодолиттік жүрістерді жүргізу
Теодолиттік түсірістер деп тұйықталған не тұйықталмаған сынық сызықтар жүйесінен тұратын полигондарды айтады. Теодолиттік жүрістердің бірнеше түрлері бар:
1) Тұйықталмаған жүрістің басы мен аяғы геодезиялық пункттерге жанасады.
2) Тұйық жүріс геодезиялық негізгі пунктке байланыстырылған тұйықталған көпбұрыш.
3) Бір жағы байланыстырылған аспалы жүрісте сынық сызықтардың бір жағы тірек пунктіне жанасып, екінші жағы бос болып келетін теодолиттік жүріс түрлері түсірілетін жер бетінің өзгешелігіне байланысты. Қажет болған жағдайда полигонның ішіне диагональдық жүрістерде жүргізіледі.

Тахеометриялық түсіріс журналын есептеу және план сызу


Тахеометрлік түсіріс.Түсіру арнайы тахеометр - теодолиттің (теодолит) және өлшеу райкасының көмегімен іске асырылады. Тахеометриялық топографиялық түсіру инженерлік 1:500 - 1:5000 масштабында қолданылады.
Геодезиялық барлау және ізденіс жұмыстарының бірі - тахеометрлік түсіріс. Бұл топографиялық түсірістің бір түріне жатады. Топографиялық түсіріс - бұл жергілікті жердің карта мен планын жасау үшін орындалатын геодезиялық өлшеулер процесі түсіру деп аталады. Топографиялық түсірулер 1:25 000, 1:10 000, 1:5 000, 1:2 000, 1:1 000 жəне 1:500 масштабтарда орындалады және оған кіретін түсіру әдістер:
теодеолиттік түсіріс;

тахеометриялық түсіріс;

мензулалық түсіріс;

жердегі фототопографиялық түсіріс;

әуе фототопографиялық түсіріс;

көз мөлшермен түсіріс;

буссольды түсіріс.

Соның ішінде тахеометрлік түсіріске тоқталайық.


Тахеометр (грек. tachyc, tacheos - шапшаң және ...метр) - тахеометрлік түсіру кезінде қолданылатын геодезиялық аспап. Тахеометр арқылы белгілі бір нүктенің (пикеттің) бақылаушы тұрған (прибор орналасқан) нүктемен салыстырғандағы горизонталь және вертикаль бұрыштары, қашықтығы және өсімшесі (h) анықталады.

Нивелирлеу


Нивелирлеу-Жер бетіндегі нүктелердің биіктіктерін қайсы бір бастапқы нүктемен немесе бастапқы деңгейлік бетпен салыстра отырып анықтау.Геометриялық нивелирлеу
Нивелирлеудің түрлері, биікайырым өлшеулері. Нивелирлеу тәсілдері
Нүктелердің биіктік белгілерінің мәні мен олардың салыстырмалы биіктіктерін есептеп шығаратын геодезиялық өлшеулер нивелирлеу деп аталады. Нүктелердің алынған биіктік белгілерінің мәні барлық масштабтағы топографиялық түсірістердің биіктік негізі болып саналады және олар халық шаруашылығына қажетті инженерлік есептерді, сондай-аº бірқатар ғылыми есептеулерді шешу үшін қолданылады Нүктелердің биіктігін техникалық нивелирлåóäi қолданып геометриялық нивелирлеумен анықтайды. Геометриялық нивелирлеу ортадан және алға қарай нивелирлеу әдістерi болып бөлінеді.
Ортадан нивелирлеуде нивелир А және В нүктелерінің дәл ортасындағы С нүктесіне орнатылады, ал нүктелерге бірдей рейкалар қойылады. Дүрбінің нысаналау осін Горизонталь жағдайына келтіреді де, нивелирдің дүрбісін біртіндеп рейкаларға нысаналайды. Бұдан кейін 3 және П есептеулерін алады,олар нысаналау сәулесінен А және В нүктелеріне дейін кесінділер болып саналады. Мұнда А және В нүктелерінің арасындағы салыстырмалы биіктік (һ) мына формула бойынша есептеліп шығарылады:
Егер артқа есептеу 3 алға есептеуден П артық болса (3П), онда салыстырмалы биіктік h оң болады, яғни В нүктесі А нүктесінен биік орналасады. Ал артқа есептеу 3 алға есептеуден П кем болса (3П), онда салыстырмалы биіктік теріс болады, яғни В нүктесі А нүктесінен төмен орналасады.
Егер А нүктесінің биіктік белгісінің мәні НА белгілі болса, онда келесі В нүктесінің биіктік белгісінің мәні Нв бұрынғы нүктенің биіктік белгісінің мәні НА мен олардын, арасындағы салыстырмалы биіктігінің қосындысына тең болады
Трассаны геометриялық нивелирлеу
Трассаны белгілеуден қатар, трасса осіне перпендикуляр бағытта түсірілетін нүктелерде бекітіледі. Мұндай түсірулерді кесе-көлденең нивелирлеу деп атайды. Көлденең профильдердің ұзындығы 20-25м-ге дейін жетеді.
Трассаны белгілеу кезінде пикеттің журналы жасалып, оған бекітілген барлық нүктелер салынып, жер ерекшеліктерінің схемасы жасалынады.
Трасаның қисық сызықпен кездесетін нүктесін қисықтық басы, аяғын-қисықтық радиусі техникалық нормалар бойынша алынады,ал қисықтық қалған элементтері мына формулалар бойынша немесе арнаулы қисықтарды бөлу кестесі арқылы анықталады.
Нивелирлеу бір бағытта орындалады. Рейкалар бойынша есептеулер тек қана ортаңғы жіптен алынады. Әдеттегі екі жақты рейкаларды қолданғанда станциядағы жұмыс атқару реті төмендегідей болады :
1) Артқы рейканың қара және қызыл жақтарын есептеулер алу;
2) Алдыңғы рейканың қара және қызыл жақтарынан есептеулер алу
3) Аралық нүктелердегі рейканың тек қара жағынан есеп алу.
Станциядағы салыстырмалы биіктіктің айырмашылығы екі немесе біржақты рейкаларды қолданғанда 4 мм-ден аспауы тиіс.
Жүрістердегі қателік мм-ден аспауы керек,мұндағы L-жүрістің км-лік ... жалғасы

Бойлық және көлденең қима салу


Нивелирленген трассаның нүктелерiнiң есептелiп шығарылған биiктiк белгiлерi бойынша оның
профилi салынады. Профильдi жол-жол сызықты қағазға нивелирлеу журналы мен пикеттік
кiтапшаның мәлiметтерi бойынша сызады. Бойлық профильге көбiрек көрнекiлiк беру
мақсатымен, әдетте вертикаль масштабты горизонталь масштабпен салыстырғанда 10 есе үлкейтiп қабылдайды. Бойлық профильдi салу мына тәртiп бойынша жасалады :
Шартты горизонтты (ШГ) таңдайды, оның сызығынан профильдiң ең әлсіз нүктeci 4-5 см-ден артық қашықтықта болмауы керек, шартты горизонттың (ШГ) биiктiк белгiсi 10 м-ге
еселi болуы тиiс.
Трасса жоспары – трассаның горизонталь жазықтыққа проекциясы.
Жоба түзу қималары мен әр түрлі бұрыштармен қиылысатын және
жанасатын қисық түзулер учаскелік жолдан тұрады. Көлденең
профиль элементін трасса элементі деп атайды.
Көлденең профиль және жоспар бекітілген жылдамдық және масса
бойынша жүретін пойыздардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету керек,
яғни жылжымалы құрама жолдан шығу мүмкіндігі болмауы керек,
және тіркелген құрылғылардың ажырауы болмау керек.
«Қорытынды»
Бір жарым айға созылған далалық геодезиялық практика аяқталуы нәтижесінде мен, далалық және камералдық жұмыстармен және де геодезиялық жұмыстарда ұйымдастырылатын қауіпсіздік техникасымен теодолиттің (4Т30П) құрылысымен оны жұмыстық жағдайға келтірумен, нивелирмен (GOL 26D) құрылысымен танысып , жан-жақты мәлімет алдым.
Геодезия пәнінде алған білімімді іс тәжірибе жүзінде орындауды үйрендім. Жекелей және топпен жұмыс істеуді үйрендім.
Геодезиялық аспаптар мен олардың құрылысын, іске қосуы мен тексеруін, жұмыс істеу принцпімен таныстым. Оқу іс тәжірибесінде мен теорияда алған білімді бекіттім. Топографиялық және геодезиялық жұмыстарды орындауды үйрендім. Далалық кезеңде теодолитпен өлшем алуды , горизонтал және вертикаь бұрыштарды өлщеуді үйрендім. Алған өлшемдерді таза және ұқыпты түрде журналға толтырдым. GOL 26 невилермен тәжірибе жүзінде таныстым. Онымен өлшемдер алуды үйрендік. Әрбір жұмыс соңында арбис сызылды.
Алынған нәтижелерді планға енгіздім.

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ:

Э.З. Бройтман. Дорожные станции и узлы. – М.: Маршрут, 2004,
54 – 70, 198, 284 – 287 беттер.
В.Н. Соколов. Общий курс автомобильных дорог. – М.: УМК МПС
России, 2002, 108 – 139, 148 – 159, 174 беттер.
Правила технической эксплуатации железных дорог Республики
Казахстан.
Инструкции по сигнализации автомобильных дорог РК.
Жол құрылысы және станциялар.

ҚОСЫМША А-1:1000 масштабындағы план


Егер план 1:1000 масштабында жасалса, онда жер бетіндегі ұзындығы 1000 см-лік аракашықтық планға 1 см-лік кесінде түрінде кескінделген болады. Мұндай масштаб сандық масштаб делінеді. Мына төмендегі бірнеше сандық масштабтар 1:1000; 1:2000; 1:5000; 1:10000, т.б. ірісінен үсақтарына қарай қатармен жазылады. Масштаб ірі болса, ол планда арнаулы деректер толық көрсетіледі. Әр планның мақсатына лайықты өзіне сәйкес масштабы болады. Егер сандык масштаб белгілі болса, сызықтың ұзындығын қағаз бетіне не керісінше, пландағы кесінді арқылы оның жер бетіндегі ұзындығын анықтауға болады.

ҚОСЫМША Б-ТРАССАНЫҢ КӨЛДЕНЕҢ ЖӘНЕ БОЙЛЫҚ ҚИМАЛАРЫ


Көлік жолы – автомобильдердiң және басқа да көлiк құралдарының
белгiленген жылдамдықпен, жүктемелермен, габаритпен үздiксiз,
қауiпсiз жүрiсiн қамтамасыз ететiн, автомобильдер жүрiсiне
арналған инженерлiк құрылыстар кешенi.
Автомобиль қозғалысының жиілігіне байланысты техникалық
топтастыруға сәйкес aвтомобиль жолы 5 категорияға бөлінеді.
Жалпыға ортақ пайдаланылатын көлік жолдары өздерінің маңызы бойынша
халықаралық, республикалық, облыстық және аудандық маңызы бар жолдар
болып бөлінеді.
Халықаралық маңызы бар автомобиль жолдарына көршілес мемлекеттердің
астаналарын жалғастырып жатқан, сондай-ақ мемлекетаралық келісімдерге
сәйкес халықаралық автомобиль жолдары желісіне кіретін автомобиль
жолдары жатады.
Республикалық маңызы бар автомобиль жолдарына республиканың және
көршілес мемлекеттердің әкімшілік, мәдени және экономикалық
орталықтары арасында көлік қатынасын қамтамасыз ететін автомобиль
жолдары, сондай-ақ қорғаныстық маңызы бар автомобиль жолдары
жатады.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет