Тапсырмаға берілетін әдістемелік нұсқаулар
Көлденең масштабта номограмма салуды қатты қарындашпен сызба қағаз парағында айқын жіңішке сызықтармен орындайды. Түрлі масштабтар үшін номограммада жазулар мен қашықтықтарды түрлі түстермен белгілейді. Төменгі және жоғары сол табандарын бөлу үшін, оларға шамамен 45о бұрышпен сызықтар жүргізеді, оларға ұзындықтары 2-3 мм 10 бірдей кесінділер салады. Соңғы кесіндінің шетін түзу сызық табанының шетімен қосады және барлық кесінділердің шеттерінен оған параллель сызықтар жүргізеді. Осы сызықтар табанын 10 бірдей бөліктерге бөледі.
2.1-кесте - II тапсырманың жеке нұсқалары
Нұсқа
|
а (1:500)
|
в
(1:10 000)
|
с
(1:25 000)
|
Нұсқа
|
а (1:500)
|
в
(1:10 000)
|
с
(1:25 000)
|
1
|
6,05
|
225
|
1120
|
16
|
9,60
|
798
|
1315
|
2
|
14,40
|
443
|
590
|
17
|
48,20
|
267
|
1627,5
|
3
|
35,85
|
650
|
1655
|
18
|
10,95
|
211
|
1060
|
4
|
49,25
|
514
|
552,5
|
19
|
31,60
|
557
|
1257,5
|
5
|
24,20
|
316
|
775
|
20
|
35,75
|
410
|
410
|
6
|
9,85
|
712
|
670
|
21
|
29,15
|
209
|
212,5
|
7
|
16,20
|
391
|
1497,5
|
22
|
6,95
|
70
|
1050
|
8
|
32,7
|
733
|
712,5
|
23
|
33,10
|
352
|
1345
|
9
|
38,15
|
572
|
845
|
24
|
19,40
|
222
|
205
|
10
|
26,10
|
593
|
1995
|
25
|
27,80
|
207
|
202,5
|
11
|
8,90
|
450
|
452,5
|
26
|
10,85
|
11
|
1110
|
12
|
27,35
|
210
|
210
|
27
|
35,00
|
35
|
35
|
13
|
11,80
|
232
|
862,5
|
28
|
11,50
|
115
|
1152,5
|
14
|
39,30
|
309
|
810
|
29
|
48,00
|
48
|
47,5
|
15
|
21,55
|
581
|
1640
|
30
|
9,50
|
92
|
1845
|
№ 3 зертханалық жұмыс – Топографиялық карталар бойынша инженерлік-техникалық мәселелерді шешу
Осы зертханалық жұмыстың мақсаты студенттердің топографиялық карталар бойынша инженерлік-техникалық мәселелерді шешу бойынша машықтар алуы болып табылады.
Зертханалық жұмысты орындау кезінде негізгі мәселелерді шешу ұсынылады:
1) топографиялық картаны оқу.
2) карта бойынша нүктелердің географиялық (φ, λ) және тік бұрышты (x, y) координаталарын анықтау;
3) нақты, магниттік азимуттарды және дирекциялық бағыт бұрышын анықтау;
4) картаны бағыттау:
− ақиқат меридианға түсіру арқылы компас бойынша;
− километрлік тор сызығына түсіру арқылы компас бойынша;
5) горизонтальдар бойынша нүктелердің белгілерін анықтау;
6) құлама бағытын және тіктігін анықтау;
7) картада берілген көлбеу бұрышымен сызықтар жүргізу;
8) полюстік планиметрмен контур аудандарын анықтау.
Картамен жұмысты бастап, жақтау сыртындағы рәсімдеумен: номенклатурамен, карта масштабымен, жатыс масштабымен, координаталық торлардың нөмірленуімен (градустық және километрлік), ақиқат, магниттік және осьтік меридиандардың және басқа жазулардың өзара орналасуын түсіндіретін сұлбамен танысу қажет.
Мәселелерді шешу кезінде картадан керекті деректер калькаға көшіріледі, онда барлық кейінгі әрекеттер орындалады.
3.1 Топографиялық картаны оқу
Картаны оқу – бұл шартты белгілер мен горизонтальдарда оны кескіндеу бойынша жергілікті жер туралы жылдам дұрыс түсінік алу. Картаны зерттеу кезінде жер туралы, рельеф сипаты, гидрография, елді мекендер, қатынас жолдары, өнеркәсіптер, өсімдік қабаттары және ауыл шаруашылығы тұрғысынан түсінік болуы қажет.
3.2 Карта бойынша нүктелер координаларын анықтау
Жердің физикалық бетіндегі нүктелердің орны координаталармен – нүктелердің бастапқы жазықтықтарға, таңдап алынған координаталар жүйесін анықтайтын сызықтар мен нүктелерге қатысты орналасуымен сипатталатын шамалармен анықталады.
3.2.1 Географиялық координаталарды анықтау
Географиялық (геодезиялық) координаталар – ендік φ және бойлық λ. Географиялық ендік φ деп, берілген нүктеде эллипсоид бетіне нормальмен және экватор жазықтығымен түзілген бұрышты атаймыз. Ендік экватордан бастап берілген нүктеге дейін геодезиялық меридиан доғасымен өлшенеді. Ендік - нүкте қай жарты шарда орналасқанына байланысты солтүстік (+) және оңтүстік (-) болуы мүмкін; ол 0° (экваторда) бастап ± 90° (полюстерде) дейін мәндер қабылдай алады, 5-сурет.
Геодезиялық бойлық λ деп, берілген нүктенің бастапқы меридианы мен геодезиялық меридиан жазықтықтарынан құралған екі қырлы бұрышты атаймыз. Бойлық - экватор немесе параллель доғасымен Гринвич меридианынан бастап берілген нүкте меридианына дейін өлшенеді. Ол 0° бастап ± 180° дейін өлшенеді және батыс (-) және шығыс (+) бола алады.
Топографиялық картаның әрбір парағы солтүстік пен оңтүстіктен бастап – параллельдермен, ал батыс пен шығыстан бастап меридиандармен шектелген. Парақтың ішкі жиектерінің бұрыштарында олардың ендіктері мен бойлықтары көрсетіледі. Нүктелердің географиялық координаталарын анықтауға арналған қара мен ақ түс кезектесетін шкала болып табылатын градусты жиек болады, оның әрбір бөлігі ендік немесе бойлық бойынша бір минутқа сәйкес келеді. А нүктесінің φ ендігін анықтау үшін, солар арқылы градустық минуттық жиекпен (батыс немесе шығыс) қиылысқанға дейін параллель жүргізеді. Сонда А нүктесінің φ ендігі екі мәннен құралады:
, (1)
мұнда φ0 – жиектің оңтүстік бұрыш ендігінің және осы бұрыштан бастап А нүктесі параллеліне дейін ендік бойынша толық минут санының сомасы; Δφ – минут аралық шетінен бастап А нүктесі параллелінің табанына дейінгі кесіндіге сәйкес келетін масштабты ескере отырып, анықталатын секундтар саны.
А нүктесінің λ бойлығын анықтау үшін сол арқылы меридиан жүргізеді. А нүктесінің бойлығы екі мәнмен анықталады:
, (2)
мұнда λ0 – жиектің батыс бұрышы бойлығының және батыс бұрыштан бастап берілген нүктеге дейін есептеп алынатын бойлық бойынша толық минут саны сомасы; Δλ – ішкі аралық шетінен бастап А нүктесі меридианының табанына дейінгі кесіндіге сәйкес келетін бойлық бойынша секундтар саны.
Достарыңызбен бөлісу: |