№1 зертханалық жұмыс Жер рельефін горизонтальдармен


Қисық сызықты кесінділер ұзындығын өлшеу



бет7/51
Дата08.02.2022
өлшемі2,89 Mb.
#121100
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   51
Байланысты:
геодезический практикум каз. (1)

2.2 Қисық сызықты кесінділер ұзындығын өлшеу

Карталар мен жоспарларды пайдалану кезінде тік сызықтылармен қатар сынық және айналмалы сызықтардың ұзындығын өлшеуге тура келеді.


Сынық сызықтың ұзындығын циркуль айырық ашасын біртіндеп өсіру арқылы өлшейді. abcd сызығын өлшеу үшін (4-сурет) циркуль таяқтарын а және b нүктелерінде бекітеді. Сосын циркульді b нүктесінде таяғын айналдыра, екінші таяғын а нүктесінен сb сызығының жалғасында а' нүктесіне ауыстырып, айналдырады, содан кейін b нүктесіндегі таяғын с нүктесіне ауыстырып қояды. Циркульдің айырық ашасында а'b және кесінділерінің сомасына тең а'с кесіндісі болады. Алдыңғыға ұқсас циркульдің бір таяғын а" нүктесіне, ал екіншісін d нүктесіне ауыстырып, өлшенетін сынық сызыққа тең а"d кесіндісін аламыз.
Егер сынық құрайтын кесінділер үлкен болса, оларды жеке-жеке өлшейді және нәтижелерін қосады. Айналмалы сызық ұзындығын, онда циркуль арқылы ұзындығы 2−4 мм бірдей кесінділерді реттілікпен сала отырып және циркуль адымының санын есептей отырып, өлшейді. Адым ұзындығын, оны көп рет сызықтық масштабта сала отырып және салу нәтижесін адымдар санына бөліп анықтайды.
Айналмалы сызықтардың көп санын өлшеу қажет болған кезде арнайы аспапты – циферблатта стрелкамен жалғасқан айналатын доңғалақшасы бар куриметрді пайдаланады.



4-сурет – Сынық сызықты өлшеу

Аспаптың қарапайымдылығына қарай оған біршама толығырақ сипаттау жүргізілмейді. Курвиметр доңғалақшасын өлшенетін сызық бойымен жүргізеді, циферблатта оның ұзындығын см-мен есептейді.


I тапсырма.
1. Бір жоспардың масштабы 1:500, ал екіншісі1:1000. Қандай масштаб ірілеу? Екі жоспардың қайсысы жердің үлкен учаскесін қамтиды? Бір учаске екіншісінен қанша есе көп?
2. Карта масштабы 1:25000. Қандай масштаб берілгеннен екі есе кіші, ал қайсысы бес есе ірілеу екенін анықтау.
3. Сандық масштабтардың қандай мәндеріне 0,05 м; 0,5 м;5 м масштабтар дәлдігі сәйкес келеді?
4. Ені 4 м жолды 1:10 000, 1:25 000, 1:50 000 масштабты карталарда екі сызықпен кескіндеуге бола ма?
II тапсырма.
1. Табаны 2 см көлденең масштаб салу, оны 1:500, 1:10 000, 1: 25 000 масштабтар үшін жазу.
2. Диаграммада 1:500 масштабта - а, 1:10 000 масштабта - b, 1:25 000 масштабта с кесіндісін салу. Нұсқалар 2.1-кестеде келтірілген.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   51




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет