№1 зертханалық жұмыс Жер рельефін горизонтальдармен


Нүктелердің белгілері бойынша горзонтальдар жүргізу



бет5/51
Дата08.02.2022
өлшемі2,89 Mb.
#121100
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   51
Байланысты:
геодезический практикум каз. (1)

1.4 Нүктелердің белгілері бойынша горзонтальдар жүргізу

Горизонтальдар тәсілі бойынша жер рельефін кескіндеу келесі реттілікпен жүреді.


Биіктік белгісі бар нүктесі болатын тапсырма блангында қарындашпен жіңішке сызықтар арқылы жақын нүктелерді осы сызықтар қиылыспайтындай, ал алынатын үш бұрыштар тең қабырғаларға жақын болатындай етіп қосады. Осыған орай, түзу сызықпен қосылған нүктелер бір құламада жатыр деп болжаймыз. Одан әрі тік құламаның барлық сызықтарын интерполяциялайды, яғни рельеф қимасының таңдап алынған h биіктігіне еселі белгілері бар нүктелердің орналасқан жерін анықтайды.
Графикалық интерполяциялау миллиметровканың немесе палетканың көмегімен орындалуы мүмкін. Біршама қарапайым және көрнекті тәсіл – көрінетін қағазда (калькада) бірдей қашықтық (0,5 немесе 1,0 см) арқылы жүргізілген және ғимарат нүктелерінің биіктік белгілерінің шамалары мен h ескеріліп цифрланған бірқатар параллель сызықтар болып табылатын сызықтық палетка көмегімен орындалады.
Интерполяциялау келесі түрде жүргізіледі. 53,6 және 56,2 м нүктелер арасында h = 1 м еселі белгілері бар нүктелердің орналасқан орнын табу қажет болсын. Палетка сызықтарында мынадай цифрлау болады: 50, 51, 52, 53, 54, 55, 56, 57 және т.б. Палетканы, нүктелерді 53,6 м белгісі бар нүкте 53 және 54 сызықтары арасында палетканың сәйкес белгісінде болатындай етіп қосатын жіңішке сызыққа салады. Сосын 53,6 нүктесінің орнын инемен белгілей отырып, палетканы 56, 2 м белгісі бар нүкте 56 және 57 сызықтары арасындағы палетканың сәйкес белгісіне түскенге дейін айналдырады. 53,6 және 56,2 м нүктелерін қосатын сызықтың палетка сызықтарымен қиылысу нүктесін жоспарға қайта қадайды және әр нүктенің жанына палетканың сәйкес белгісін жазады. Біздің мысалда - 54, 55 және 56 м белгілері. Ұқсас реттілікте жоспарда қалған нүктелерді қосатын сызықтар бойынша (2-сурет) интерполяциялау жүргізеді. Бұдан кейін жоспардағы белгілері бірдей нүктелерді, горизонтальдар қасиеттерін пайдаланып, қалыңдығы 0,1-0,15 мм бір қалыпты қисық сызықтармен (горизонтальдармен) қосады. 5 м еселі белгілері бар горизонтальдарды 0,3−0,45 м дейін жуандатады және үзілген жерінде олардың белгілерін құламалардың құлаған жағына цифр негіздемесі арқылы жазады. Жоспардан барлық қосымша сызықтарды (горизонтальдардан басқа) алып тастайды. Нәтижесінде жер рельефінің кескінін горизонтальдармен алады.

2-сурет – Палетканың көмегімен горизонтальдарды интерполяциялау


1.5 Берілген бағыт бойынша кескінін салу


Жер рельефін кескіндеуден басқа горизонталь жазықтықта (жоспарда немесе картада) инженерлік құрылыстарды жобалау кезінде вертикаль жазықтықта жер қимасын, яғни кескінін салу қажет. Құрылыс түріне қарай масштабтарды таңдайды, осы кезде горизонталь масштаб, ережеге сай, вертикальдан 10 есе ұсақ. Жоспарда берілген А−В бағыты бойынша кескін салу үшін қағаз бетінде А-В сызығының ұзындығына тең горизонталь кесінді жүргізеді. Осы кесіндіде А−В сызығының жоспар горизонтальдарымен қиылысу нүктелерінің орнын белгілейді. Осы нүктелерден ұзындығы сәйкес абсолюттік белгілер мен шартты горизонт (ШГ) айырмасына тең перпендикулярларды қалпына келтіреді. Шартты горизонтты, кескін ШГ жоғары орналасатындай етіп таңдайды. Бір қалыпты сызықтың перпендикулярлар шеттерін қосып, берілген бағыт бойынша жер кескінін алады.


2 зертханалық жұмыс – Масштабтар

Жұмыс мақсаты: Масштабты және оны өрнектеу түрін зерделеу, карталар мен жоспарларда кесінділер ұзындығын өлшеп, салуды үйрену.


Осыған орай тапсырманы орындау кезінде студент топографиялық материалдармен – картамен және жоспармен; техникалық құжаттармен – жоспармен және кескінмен; сонымен қатар жобаланатын ғимараттар, үймереттер немесе олардың конструкциялық элементтері кескіндерімен жұмыс істей білуі керек.


Жоспар дегеніміз - жердің шағын учаскесі горизонталь кескінінің кішірейтілген толық бейнесі.
Карта дегеніміз - жазықтықтағы барлық Жер беті немесе оның айтарлықтай бөліктерінің кішірейтілген және жалпыланған кескіні. Карта жоспардан жер элементтерін кескіндеу толықтығы аз болуымен ғана емес, жердің дөңес бетін жазықтыққа жаю кезінде кескін ұқсастығын сақтау мүмкін еместігінен туатын сөзсіз бұрмалануымен де ерекшеленеді.
Жоспарлар мен карталарды құрастыру үшін белгілі бір стандартты масштабтар қабылданған. Масштаб деп, жоспарда (картада) кесінді ұзындығының жердің сәйкес кесіндісінің горизонталь кескінінің ұзындығына қатынасын атаймыз.
Егер l − жоспардағы сызық ұзындығы, L − жердегі осы сызықтың горизонталь салыну ұзындығы болса, жоспар масштабы мынаған тең болады


M=l:L=l:(L/l)=l:N,

мұнда N − масштаб бөлгіші.


Алымында бір болатын қарапайым бөлшекпен өрнектелетін масштабты сандық деп атайды, бөлімі жоспарда сызық ұзындығы қанша есе кішірейгенін көрсетеді.
Жоспарлар мен карталар үшін келесі масштабтар қабылданған:1:500, 1:1000, 1:2000, 1:5000, 1:10 000, 1:25 000, 1:50 000, 1:100000, 1:200 000, 1:500 000, 1:1 000000. Темір жолдарды жобалау және салу кезінде трасса нұсқасын таңдау үшін - 1:2000−1:5000, жұмыстық жобалау үшін - 1:1000−1:2000, көпірлерді, тоннельдерді, теміржол станцияларын жобалау кезінде 1:500−1:2000 масштабты жоспарларды пайдаланады.
Түрлі масштабтарды салыстыра отырып, бөлімі аз болғанын анағұрлым ірі деп, ал бөлімі көп болғанын ұсақ деп атайды.
Масштабты бөлшек (сандық масштаб) түрінде берумен қатар масштабты сөзбен сипаттауды пайдаланады, мысалы: "бір сантиметрде 20 метр",− бұл 1:2000 масштабқа сәйкес келеді. Осындай масштабты сөзбен өрнектеу түрін деректі масштаб деп атайды.
Картада (жоспарда) берілген нүктелер арасындағы қашықтықты анықтау үшін миллиметрге бөлінген салыстырмалы сызғыштарды пайдалануға болады. Кесінді ұзындығын, сантиметрдің ондық және жүздік үлестерін белгілей отырып, сантиметрмен өрнектейді. Өлшеу нәтижесін картаның деректі масштабында көрсетілген метрлер санына көбейтіп, ізделген қашықтықты табады.
Мысалы, 1:2000 масштабты жоспарда кесінді l ұзындығы 5,12 см тең. Себебі берілген масштабта жоспардың бір сантиметріне 20 метр сәйкес келеді, сызықтың ізделген ұзындығы 102,4 м тең.
Үлкен жұмыс көлемі кезінде аталған мәселелерді шешуде есептеулер жүргізбес үшін графикалық масштабтарды пайдалану қолайлырақ, оларға сызықтық (3, а-сурет) және көлденең (3, б, в-сурет) жатады.
Сызықтық масштабты бөлу метрмен цифрланған. Картада кесінді ұзындығын өлшегіш циркульмен өлшейді. Оның таяқтарын кесінді шеттеріне орнатады да, таяқтарының айырық ашасы 60° аспайтынына көз жеткізеді, әйтпесе кесіндіні бөлік-бөлікпен өлшеген жөн. Таяқтарының айырық ашасын өзгертпестен, өлшеуішті сызықтық масштабқа қояды да, қашықтық мәнін есептеп алады. Өлшеуді бақылау үшін екі рет орындайды. Алшақтық (м) сандық масштабтағы бөлімінде мың санынан аспауы керек.
Мысалдар:
1. Деректі масштаб түрінде келесі сандық масштабтарды өрнектеңіз: 1:25000, 1:1000, 1:50000, 1:2000, 1-500, 1:10000.
2. Картада 4,23 см кесіндісі өлшенген. Егер жоспарлар масштабы 1:2000, 1:1000, 1:5000, 1:25000 болса, өлшенген кесінді жерде қандай горизонталь қашықтыққа сәйкес келеді?
Жердегі қашықтық 52 м. Осы қашықтық 1:500, 1:2000, 1:1000, 1:10000 масштабтағы жоспарларда қандай ұзындыққа сәйкес келеді?
Жоспарда түзу кесінділерді миллиметрдің ондық үлесіне дейін дәлдікпен өлшеу үшін көлденең масштабты пайдаланады (3, в-сурет). Көлденең масштаб салу үшін түзу сызық бойымен бірнеше рет масштаб табанын салады, ол 2 см тең. Алынған нүктелерден вертикальдар немесе қиюшылар деп аталатын перпендикулярлар қойып шығады. Шеткі вертикальдарда түрлі m кесінділерін (әдетте m =10) салады және алынған нүктелер арқылы масштаб табанына параллель сызықтар – горизонтальдар жүргізеді. Масштабтың сол жақ шеткі табанын п тең бөліктерге (мысалы, п=10) бөледі және алынған нүктелер арқылы п көлбеу параллель сызықтартрансверсальдар жүргізеді. Көрші вертикаль арасындағы горизонталь кесіндінің ұзындығы δ масштаб табанына тең екенін байқау оңай. Көрші трансверсальдар арасындағы кесіндінің ұзындығы δ /п тең. Соңында, бір нүктеден шығатын вертикальмен және трансверсальмен шектелген горизонталь кесінділерінің ұзындығы 0 бастап 10 дейін шектерде өзгереді. Осы кезде осындай көрші кесінділер көлденең масштабтың ең кіші бөлігінің шамасымен ерекшеленеді
.
Егер масштаб табаны δ = 2 см және m = n =10, онда масштабтың ең кіші бөлігі х=0,02 мм.
Масштабты пайдалану ыңғайлы болу үшін табаны мен горизонталь бөліктерін цифрлауға болады.



3-сурет - Масштабтар:
а − сызықтық 1:2000, б − көлденең 1:500, в − көлденең 1:2000




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   51




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет