Зерттеудің экономикалық тәсілі /білім берудің экономикасы/- білім беру жүйесі дамуының экономикалық жайын: ғылыми-техникалық прогресс және экономика, маман жұмыс күшін толтыру; білім беруге қаражат жұмсаудың сандық мөлшері, ұлттық және мемкеттік есебі және т.б. анықтайды.
Зерттеудің негіздемесі-тәжірибелік әрекет жөнінде шешім қабылдау, пікір түю немесе баға беру үшін белгілі білім, ереже не анықтама негізінде ойлау процесі ретінде болады. З.Н. бөліктері:
1) зерттеу тақырыбының маңыздылығы;
мәселедегі қарама-қайшылық;
зерттеу проблемасы;
зерттеу мақсаты, объектісі, пәні, міндеттері, болжамы, жетекші идеясы, әдіснамалық негізі.
Реферат- құжаттың, кітаптың, ғылыми басылымның мазмұнының қысқаша баяндамасы. Р.құжаттың библиографиялық мазмұндауынан, кілттік сөздерден, реферативті бөлігінен тұратын. Реферативті бөлігінде бастапқы құжаттың мазмұнының мәнді элементтері, негізгі идеялары, қорытындылары беріледі.
Тезис- 1) ой желісі, пікір дәлелдеуді талап етеді;
2) мақаланың, баяндаманың, шығарманың ғылыми немесе тәжірибелік идеясын қысқаша баяндайтын ой желісі.
Достарыңызбен бөлісу: |