Педагогикалық шығармашылық- бұл ғылыми ізденудің нәтижесінде озат тәжірибені жасау, тұтас педагогикалық процесс проблемаларын шеберлікпен шешу, оларды педагогикалық жұртшылықтың игілігіне айналдыру. Шығармашылық топтың зерттейтін мәселелері: оқу уақытын дұрыс пайдалануды зерттеу және талдау; мұғалім уақытының бюджеті; педагогикалық шеберлікті жетілдіру жолдары мен тәсілдері, мұғалім мен оқушылардың арасындағы қарым-қатынас; ынтымақтастық, шығармашылық, ізденушілік т.б.
Педагогикалық шеберлік –кәсіптік педагогикалық іс-әрекетті өзі ұйымдастырудың жоғары дәрежесін қамтамасыз ететін жеке адамның қасиеттерінің кешені.
Педагогикалық қабілет- жеке адамның қабілетінің түрі. Ол педагогикалық іс-әрекеттің нәтижелі болуына септігін тигізетін, психикалық үрдістердің өту ерекшелігін көрсетеді. Олар: коммуникативтілік; перцептивтік, яғни кәсіптік қырағылық, педагогикалық интуиция динамізмі; эмоциональдықт ұрақтылық; креативтілік, яғни шығармашылыққа қабілетілік.
Шығармашылық-бұл шартты ұғым, яғни ол бұрында болмаған, жасалынбаған жаңа да ғана көрінісін таппай, салыстырмалы жаңаны ашуда да көрініс табады.