Ќазаќстан республикасы білім жјне єылым министрлігі



Pdf көрінісі
бет39/48
Дата17.05.2020
өлшемі1,06 Mb.
#69177
түріСабақ
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   48
Байланысты:
Технологиялық минералогия пәнінінің дәрістері
Сөж 4
 

11-дәріс. Силикаттар 

 

 Кремний  тотығы  араласқан  минералдардың  барлығы  силикаттар  деп 



аталады.  Кремнийдің  жердің  беткі  қабатында  ең  көп  тараған  элемент  екендігі 

белгілі.  Соған  байланысты  ол  өте  көп  минералдар  құрайды.    Барлық 

минералдардың  (олардың  жалпы  саны  3000-нан  асады)  үштен  бірі  осы 

силикаттарға жатады, демек жердің сыртқы тас қабатын (литосфераны) құрушы 

негізінде  силикаттар.  Ал  басқа  заттар  тек  солардың  арасындағы  бос  жерді 

толтыратын  қоспа  ретінде  жүреді.  Магманың  көпшілік  бөлігі  осы 

силикаттардан  тұрады.  Демек,  силикаттарды  жыныс  құраушы  минералдар  деп 

саналады. Силикаттар тек магмалық жыныстар құрамында емес, сонымен қатар 

олар  гидротермиялық  жыныстар  мен  желілі  минерал  заттар  арасында  да 

болады. 


 Магмалық  жыныстар  жер  бетінде  ұнтақталып  шөгінді  жыныстарға 

айналады. Сондықтан, силикат минералдар шөгінді жыныстар құрауда да үлкен 

орын  алады.  Қысқарта  айтсақ,  силикат  минералдар  саны  мыңдаған  деуге 

болады.  Осыған  байланысты,  адам  баласы  жер  бетінен,  не  төменгі  қабаттарда 

кеңінен қазып алатын қазбалардың орташа 90–95 % осы силикаттардан тұрады. 

Әрине  олардың  барлығын  сипаттап  жазудың  қажеті  жоқ.  Біз  оларды  халық 

шаруашылығында  қолданылатын  үлкен  өндіріс  саласы  –  кен  байыту 

процестерімен ғана байланыстыра біраз мәселелерге тоқтаймыз.  

 Минерология  ғылымында  силикаттар  әр  түрлі  белгілеріне  қарай  бірнеше 

топтарға  бөлінеді.  Ең  алдымен  олар  екі  түрлі  тұрғыдан  қаралып  –  химиялық 

құрамдасына  және  кристалдың  құрылыстарына  –топталады.  Әсіресе  олардың 

кристалды  құрылымына  қарай  силикаттар  көп  кластарға  бөлінеді.  Біз  оларға 

тоқталмаймыз.  Себебі,  силикаттардың  көбі  тау  жыныстарын  құрайтын 

болғандықтан кен байытуда олар қажетсіз минералдар ретінде саналады. Бірақ, 

біріншіден,  олардың  арасында  азды-көпті  маңызы  бар  минералдарда  бар. 

Олардың  ішінде  сирек  кездесетін  бағалы  заттар  да  кездеседі.  Сондықтан,  сол 

минералдар қысқаша келтіріліп сипатталады. Екінші бір жай – кен байытуға өз 

ерекшеліктерімен  әжептәуір  әсер  ететін  силикаттар  бар.  Үшіншіден,  кен 

байытуда  бос  жыныс  минералдарының  кенде  қандайлары  көбірек  кездесетін-

деріне  байланысты  олар  кен  байытуды  қиындата  ма?  Не  оңайлата  ма?  Деген 

жайларға азды көпті тоқталу қажет.  

 Енді құрамында бағалы заттар бар минералды қарастырайық.  




 

52 


Циркон  - Zn[SiO

4

]. Химиялық құрамы: ZnO

 – 



 

67,1 % (Zn – 49,5 %) SiO

2

 

–  32,9  %.  Құрамында  аздаған  темір,  торий  және  графний  тотықтарының 



қоспалары  болады.  Түсі  сарғыш,  қоңырқай  қызыл,  кейде  түссіз  немесе  күлгін 

түсті болады. Қаттылығы – 7,5.  

 Циркон металлургияда отқа төзімді материалдар ретінде, зергер ісінде тек 

асыл тас – гиацинт ретінде пайдаланылады. Циркон тотығы шыны және фарфор 

өнеркәсіптерінде,  эмаль  ыдыстар  жасауда  және  сапалы  болат  құюда 

қолданылады.  Циркон  массивті  жыныстарда  жоғары  температурада  пайда 

болады.  Циркон  негізді  кендердің  бұзылуынан  өзгермейді.  Сондықтан,  құм 

арасында шашыранды түрде жиналады.  



Топаз – Al

2

[SiO

4

](F,OH)

2

. Қаттылығы – 8, меншікті салмағы  -3,4-3,6. Түсі 

түссіз, көгілдір, ал қызыл және сары болып негіздеседі. 

 Топаз абразивті минерал, сонымен бірге дәл аспап бөліктерін жасау үшін, 

мөлдір  түрлері  асыл  тас  ретінде  қырланады.  Ол  кварц,  апатит,  берилл  және 

басқаларымен бірге кездеседі. Түйірлі агрегаттарда ол кварцқа ұқсас. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   48




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет