Ќазаќстан республикасы білім жјне єылым министрлігі



Pdf көрінісі
бет1/48
Дата17.05.2020
өлшемі1,06 Mb.
#69177
түріСабақ
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   48
Байланысты:
Технологиялық минералогия пәнінінің дәрістері



2.2 Дәрістік сабақтар конспектісі  

 

1-дәріс. Кіріспе 

Минералогия тарихы туралы жалпы түсініктер 

 

Минералогия  ғылымы  көне  замандардан  басталады.  Адам  баласының 



мәдени  тарихы  минералогия  ғылымына  тығыз  байланысты.  Жабайы 

адамдардың  тарихы  жердегі  тау  жыныстарын  алып  пайдаланудан  басталады. 

Ең  алғашқы  тас  қолдану  заманы  эолит  деп  аталады.  Ғалымдардың  пікірі 

бойынша  эолит  заманы  біздің  жыл  санауымыздан  1  миллион  жыл  шамасы 

бұрын басталған болу керек. Олар ыңғайлы кесек тастарды ағашқа байлап, тас 

шоқпар, тас балға тағы сол сияқтылар ретінде пайдаланған. 

Одан  кейінгі  замандарда  тасты  өңдеп  пайдалануды  үйренді.  Құралдар 

жасай бастады. Тастарды шақпақ ретінде пайдаланып от жағуды үйренді. Осы 

заманды палеолит не тас заманы деп атайды. Оның аяқталғанына 20 мың жыл 

шамасы  болды  деп  есептейді.  Одан  кейін  тасты  өңдеу  не  неолит  заманы 

басталды. 

Мұнан  кейін  саз  балшықтан  жасаған  құмыраны  өртеу  өнері  шықты.  Саз 

балшықтан  жасаған  тақтайша  беттеріне  таңба,  ою,  жазбалар  жазыла  бастады. 

Сөйтіп «тас кітаптар» пайда болып жазу мәдениеті басталды. 

Саз балшықтармен қатар метелдар да пайдаланыла бастады. Ең алдымен, 

әрине, табиғатта таза күйінде кездесетін металдар қолданылды. Оларға алтын, 

күміс, платина, мыс, сынап, темір, кейбір басқалары жатады. Бұлардың ішінде 

ең көп қолданылғаны алтын және күміс болды. 

Металды шын мәнісінде қолдану дәуірі оны минералды заттардың ішінен 

қорыту  арқылы  айырып  алудан  басталды.  Әрине,  бірінші  кезекте  тез 

қорытылатын  минералдарды  пайдалану  оңайырақ  болды.  Осы  жолмен  мыс, 

қорғасын,  мырыш,  қалайы,  сынап,  сурьма  және  басқалары  алына  бастады. 

Бұлардың  ішінде  көп  қолданылғаны  мыс  болды.  Оған  себеп  болған  мыстың 

табиғатта таза түрінде де кездесуі де ықпал етті. Ол созылғыш және соғылғыш 

қасиетімен көзге түсті. Мұнымен қатар мыс минералдарының жер бетіне жақын 

жерде көгілдір және жасыл түсті минералдары болуы адамдарды қызықтырды. 

Олар  мыстың  тотықты  минералдары.  Сөйтіп  мыс  қорыту  ісі  жолға  қойылып 



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   48




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет