Ќазаќстан республикасы білім жјне єылым министрлігі


Метоморфтық минералдардың құралуы



Pdf көрінісі
бет9/48
Дата17.05.2020
өлшемі1,06 Mb.
#69177
түріСабақ
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   48
Байланысты:
Технологиялық минералогия пәнінінің дәрістері

Метоморфтық минералдардың құралуы 

Магмалық және шөгінді тау жыныстары жер астынан жаңадан көтерілген 

магма  әсерінен  және  тау  құрылу  қозғалыстары  әсерінен  әр  түрлі  өзгерістерге 



 

15 


ұшырайды.  Бір  түрден  екінші  түрге  айналады,  соны  метаморфизм  деп  атайды 

(грекше  –  қайта  құрылу  мағынасында).  Мысалы,  магмадан  бөлінген  ұшпалы 

заттар  (газдар  мен  бу-СО

2

,  Н



2

О  айналасындағы  тау  жыныстарының 

жарықтарына кіріп, әртүрлі химмиялық өзгерістер жасайды. Ал тау жынысынан 

бөлінген  заттарда  магмамен  араласып,  оның  құрамын  өзгертеді.  Магма 

айналасында  ізбестас  болса,  қызу  әсерінен  ол  кальций  тотығына  және  көмір 

қышқыл газға жіктеледі. 

CaCO

3

 = CaO + CO



2

 

Кальций  тотығы,  кезегінше,  магмадан  шыққан      кремний  тотығымен 



қосылып, волластонит (CaSiO

3

– силикат кальция) минералын құрайды: 



CaО + SiО

2

 = CaSiO



 Сонымен  тауц  жыныстарының  метаморфизмге  ұшырауында  үш  түрлі 

басты себеп: қызу әсері, қысым әсері, зат  араласу әсері бар екен. Сол сияқты, 

тау  құрылу  қозғалыстарының  күшті  қысым  әсерімен,  жер  қабавтының  кейбір 

бөлшектерінің төмен түсуіненде метаморфизм болады. 

Метаморфизм  болатын  жағдайда  қысым  күші  он  мыңдаған  атмосфераға 

жетеді, температура 300 градустан 1100 градусқа дейін көтеріледі.  

Метаморфиямнің бір түрі метасамотоз. Тау жыныстары матаморфизмге 

ұшыраған кезде әр түрлі газдар мен сулардың ерітінділірі пайда болады. Соның 

әсерінен  сулы  минералдар  сусызданады.  Осы  ертінділердің  әсерінен  тау 

жыныстары арасында химиялық алмасу реакциясы  метасомотоз деп аталады. 

Мысалы,  су  ішінде  күкірт  қышқыл  ертіндісі  болса,  ол  ертінді  ізбостас 

минералына кездессе, жаңа минерал – гипс- пайда болады.    

2

2



4

4

2



2

3

2



CO

O

H

CaSO

SO

H

O

H

CaCO





 

                                             кальцит                            гипс 

Метасомотоздың  ең  бір  тамаша  өзгешелігі  алмасылған  зат  формасының 

сақталуы.  Мысалға  темірдің  күкірт  қосындысын,  яғни  пиритті  (FeS

2

)  алайық. 



Ол  көбінесе  куб  түрінде  кездеседі.  Ол  суға  еріп,  оттекпен  қосылып,темірдің 

сулы  тотығына  яғни  лимонитке  айналады,  бірақ  пириттің  куб  формасы 

сақталады.  Метамортық  кендердің  құралуына  қысқаша  тоқтасақ  ол  екі  түрге 

бөлінеді:  1)  метаморфтық  кендер  2)  метаморффогендік  кендер.  Біріншілердің 

ерекшелігі  сол  ол  бұрынғы  бар  кеннің    метаморфоза  әсерінен    өзгеріп  пайда 

болған. Метаморфогендік   кендер – ол орнында бұрын болмаған, метоморфизм 

әсерінен  құралған  кендер.  Мысалы,  өсімдік  қалдықтарынан  метоморфизм 

әсерінен пайда болатын графит кендері. 

 Әдебиет: 1 нег.[156-178] 

  

Бақылау сұрақтары. 



1. Эндогендік минералдардың жаратылу негізі. 

2. Экзогендік минералдардың жаратылу негізі. 

3. Магма жердің қандай қабаттарында орналасқан. 

4. Магманың пайда болу себептері. 

5. Магма көтерілген сайын қандай өзгерістер болады. 

6. Үстіңгі қабатта магма құрамында қандай қоспалар кіреді. 




 

16 


7. Қалдық  магма  дегеніміз  не,  оның  құрамында  қандай  металдар                                

кездеседі. 

8. Эффузивтер, интузивтер деген не? 

9. Гидротермалдық  минералдардың  пайда  болуы,  оларда  кездесетін 

металдар. 

10.  Экзогендік минералдардың құралуы. Бұзылыс түрлері. 

11.  Топырақ неден тұрады. 

12.  Шөгінділердің құралуы (кристалды, коллоидты шөгінділер). 

13.  Биогендік шөгінділер. 

14.  Метаморфтық минералдардың құралуы. 

15.  Метаморфоз. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   48




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет