Ќазаќстан республикасы білім жјне єылым министрлігі



Pdf көрінісі
бет11/48
Дата17.05.2020
өлшемі1,06 Mb.
#69177
түріСабақ
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   48
Байланысты:
Технологиялық минералогия пәнінінің дәрістері
Сөж 4
Кристалдар симметриясы 

Симметрия  –геометриялық  фигура  бөліктерінің  кеңістікте  өз-өзіне 

беттесуі. Симметрия табиғатта кең тараған құбылыс. Ол тек кристалл заттарда 

ғана емес, ол – барлық табиғат дүниесіндегі кең өріс алған заң, мысалы, құстың, 

көбелектердің қанаттары, гүлдің жапырағы, адамның, жануарлардың екі қолы, 

екі аяғы және т.б.  

Кристалдардың  симметриялық  қассиетін  симметрия  мүшелері  деп 

атайды.  Оларға  симметрия  жазықтығы,  симметрия  өсі  және  симметрия  центрі 

жатады.  Симметрия  жазықтығы  –  әрбір  затты  айна  қатесіз  тең  екі  бөлетін 

жазықтық.  

Симметрия  өсі  –  фигураның  (кристалды)  ойша  жүргізілген  сызықтық 

төңірегінде  айналдырғанда  оның  бірдей  бөліктері  бірнеше  рет  қайталанатын 

болса осы сызық симметрия өсі деп аталады.     

Симметрия    центрі  –  кристалдың  бір-біріне    тең  әрі  паралель  қарама  -

қарсы    жатқан  екі  жағының  дәл  ортасынан  өтетін  нүкте  симметрия    центрі   

немесе орталық нүкте деп аталады. 




 

18 


Барлық симметрия мүшелерінің (жазықтықтарының, өсьтердің, центрдің) 

геометриялық қатынастарының толық жинағы симметрия түрі деп аталады. 

Кристалдарда  симметрияның  32  түрі  болатынын  1830  жылы  Гессель, 

кейін  А.В.  Гадолин  анықтады.  Артынан  симметиря  түрлері  топтарға 

біріктірілді.  Олар  кристаллографилық  сингония  немесе  кристаллографиялық 

жүйе  деп  аталады.  Осы  топтар  жеті  сингонияға  біріктірілген  ("син"  –бірдей, 

тең, "гония" –бұрыш). 

Кристаллографияның маңызды таралуына кристаллохимия жатады. 

Кристаллохимия  бір  жағынан  физикалық  химияға,  екінші  жағынан 

геохимияға  байланысты.  Кристаллохимия  ғылымның  бертін  бөлініп  шыққан 

тарауы.  Оған  себеп  болған  жай  –  кристалдардың  ішкі  структурасын  зерттеуге 

ренгендік әдістің қолданылуы болды. 

Кристалддардың ішкі структурасын, оны құрайтын атомдардың араларын 

ренген сәулесі арқылы өлшеу әдісі шыққан соң сол структура мен кристалдың 

физикалық  және  химиялық  қасиеттерін  байланыстыруға  мүмкіндік  туды. 

Ғалымдардың  "Кристаллохимия"  атты  еңбектері  шықты  (ол  1936-1937 

жылдары орысшаға аударылған). 

Кристаллохимияның  жарыққа  шығуымен  байланысты  "Геохимия" 

ғылымы да жарыққа шықты (В.А. Гольдшмидт, В.И. Вернадский, А.Е. Ферсман 

және  басқалардың  еңбектері).  Демек,  кристаллохимия  тек  20-ғасырда  ғана 

зерттеле басталды. 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   48




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет