Ќазаќстан республикасы білім жјне єылым министрлігі



Pdf көрінісі
бет19/48
Дата17.05.2020
өлшемі1,06 Mb.
#69177
түріСабақ
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   48
Байланысты:
Технологиялық минералогия пәнінінің дәрістері

түсті  металдар  болып  екіге  бөлінеді.  Қара  металдарға  жататындар  темір, 

марганец және хром. 

 Түсті  металдар  бірнеше  топқа  бөлінеді:  ауыр  түсті  металдар  (мыс, 

қорғасын,  мырыш,  никель,  кобальт),  жеңіл  металдар  (алюминий,  магний, 

бериллий),  сирек  кездесетін  металдар  (бастылары  тантал,  ниобий,  бериллий, 

литий, молибден, титан, сынап, сурьма, вольфрам және т.б.), шашыранды түрде 

кездесетін металдар (индий, галий, германий, рений, селен, теллур және т.б.). 

Металдардың бөлінуіне сай кендер бірнеше топқа бөлінеді. Сондай-ақ әр 

топқа  кіретін  кендердің  аттары  олардың  құрамындағы  басты  металдар 

аттарымен аталады. Негізгі кен түрлеріне  төмендегілер жатады. 



Қара  металл  кендері:  а)  темір  кендері;  б)  хром  кендері;  в)  марганец 

кендері; 



Ауыр түсті металдар кендері: 

а) мыс кендері; 

е) қорғасынды – мырыш кендері; 

б) мыс – мырышты кендер; 

ж) қорғасынды – барит кендері; 

в) мыс – қорғасынды кендер;      

з) қорғасынды – мырышты – барит кендері; 

г) мыс – молибденді кендер;      

и) мыс – қорғасын – мырышты кендер; 

д) мыс – никельді кендер;           

к) никельді кендер. 

        


Асыл  металл  кендері.  Мұнда  алтын  мен  күміс  бірге  кездеседі.  Бұлар 

алтынды  кендер деп аталады. 



Жеңіл металл кендері – боксит кендері (алюминий), бериллий кендері.  

Сирек кездесетін металл кендері: 

а) молибден кендері; 

ж) литий кендері; 

б) вольфрам – молибден кендері;  з) циркон кендері; 

в) вольфрам кендері; 

и) висмут кендері; 

д) бериллий кендері; 

к) сынап – сурьмалы кендер; 

е) вольфрам – қалайы кендері; 

л) қалайы кендері.  

                       

Шашыранды кездесетін элементтер осы кендердің құрамынан табылады. 

Металл емес қазба байлықтардың басты кендері мыналар: 

а) алмаз кендері; 

е) асбест кендері; 

б) графит кендері; 

ж) бор кендері; 



 

26 


в) фосфат кендері; 

з) флюорит кендері; 

г) күкірт кендері; 

и) тұздардың кен орны және т.б. 

д) барит кендері; 

 

 



Кендердің  құрамында  қанша  металл  болуына  байланысты  бір  металды 

және көп металды болып бөлінеді. Әдетте бір металды кендер сирек кездеседі. 

Мыс кендерінде рений, селен, теллур жиі кездеседі. Бұған қарамастан мыс кені 

бір металды болып саналады. 

Келтірілген  кендердің  өздеріне  тән    ерекшеліктері  де  бар. Мысалы,  қара 

металл  кендерінде    Ғе,  Мn  және  Cr  тотықты  минералдар  түрінде  кездеседі. 

Мұның  себебі  жер  бетіне  жақын    жатып,  бастапқы  күйден  өзгеруінде.  Дүние 

жүзінде  темірдің  30%-ті    шөгінді  кен  орындарынан,  ал  60%-ке  жуығы  

метаморфты  кен  орындарынан  алынады.  Марганецтің  80%-ті  шөгінді  кен 

орындарынан өндіріледі. 

Ауыр түсті металл кендеріндегі металдар негізінен сульфидті  минералдар 

түрінде кездеседі. Кен орындары  көбінесе экзогенді  кен орнына  жатады. Бұл 

кендерде  металдың мөлшері аз болады. 

Мыс, мыс – никельді және мыс – мырышты кендердің бір ерекшеліктері  

кейде  олардың    негізі  сульфидтерден    тұрады,  демек  жыныс  минералдары  аз 

болады. Бірақ олардың орнын  толтырып тұратын  бір ғана минерал бар. Ол  – 

пирит.  Мұндай    кендерді  тұтас  сульфидті  кен  деп  атайды.  Бұларда  бағалы  

минерал түйіршіктері өте ұсақ мөлшерде болады. Мұндай кен түрлерін сеппелі 

кендер деп аталады. 

 

Сирек  кездесетін  металл  кендерінде    пайдалы  минералдар    тотыққан 



минералдар  түрінде    кездеседі.  Тек  молибден,  висмут  және  сынап    сульфидті 

минерал  түрінде  болады.  Бұларда  металл  мөлшері    өте  аз  болады.  Мысалы, 

молибден кендерінде  металдың мөлшері 0,005–0,1%  ғана. 

Сирек  кездесетін  металдардың  кен  орындары  эндогенді  кен  түріне 

жатады.  Әсіресе,  вольфрам,  қалайы,  титан,  бериллий,  цирконий  және  т.б. 

шашыранды кен орындарынан жиі табылады. 

Кеннің  қандай  да  бір  түрінің  маңыздылығы  оның  құрамындағы  бағалы 

заттардың    мөлшеріне  байланысты.  Осыған  байланысты  кендер  –бай,  кедей 

және  мардымсыз  болып  бөлінеді.  Бірақ  былай  бөлу    тек  шартты  түрде  ғана. 

Мысалы,  30-жылдары  (өткен  ғасырда)  құрамында  0,5%  мысы  бар    кен 

мардымсыз деп саналса, ал қазір құрамында 0,2-0,15 % мыс бар кендер өңдеуге  

болады деп саналады. Өйткені кен өңдеу әдісі дамып жетіледі. 

Әдебиет: 1-нег. (323-360),  2-нег. (103-116),  3- нег. (15-28) 

1.  Тау жыныстарының саралануы. 

2.  Қандай жыныстар магмалық деп аталады. 

3.  Шөгінді жыныстар қалай  құралады. 

4.  Метаморфтық жыныстардың пайда болуы. 

5.  Магмалық жыныстардың жіктелуі. 

6.  Пайдалы қазбалардың көбі қандай жыныстарда кездеседі. 



 

27 


7.  Кен дегеніміз не. 

8.  Көптеген элементтердің минерал құрамау себебі. 

9.  Шашыранды элементтер қалай өндіріледі. 

10.  Қандай металдар минералдары көбінде бірге кездеседі.  

11.  Кендер қандай түрлерге бөлінеді. 

12.  Темірдің көбі  қандай кен орындарынан өндіріледі. 

13.  Ауыр  түсті  металдар  кені    қандай  типке  (эндогенді,  экзогенді, 

метаморфты) жатады. 

14.  Кеннің атауы немен байланысты. 

15.  Тұтас және сеппелі кендердің айырмашылықтары. 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   48




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет