Ќазаќстан республикасы білім жјне єылым министрлігі


Метаморфтық тау жыныстары



Pdf көрінісі
бет17/48
Дата17.05.2020
өлшемі1,06 Mb.
#69177
түріСабақ
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   48
Байланысты:
Технологиялық минералогия пәнінінің дәрістері
Сөж 4
Метаморфтық тау жыныстары 

Магмалық  және  шөгінді  жыныстар  жердің  терең  қабатына  түссе  немесе 

жаңадан  көтерілген  магмалық  ыстықтыққа  ұшыраса,  олар  қысым  және 

температура  әсерінен  әр  түрлі  өзгерістерге  ұшырап,  өзінің    бастапқы  түрін 

жоғалтып,  соның  нәтижесінде  минералдық  және  химиялық  құрамы  өзгереді. 

Осындай  өзгерістерден  пайда  болғаг  жыныстарды  метаморфтық  жыныстар 

деп  атайды.  Мысалы,  ізбестас  метаморфтың  әсерінен  кристалданып,  тығыз-

далып мраморға айналады. 

Тау  жыныстарын  өзгертуші  әрекеттердің  негізгі  түрлері  мыналар:            

1)  жоғары  температура,  2)  жоғары  қысым,  3)  магмадан  бөлінген  заттардың 

әсері, 4) су ерітінділерінің әсері. 

Сонымен біз тау жыныстары туралы қысқаша мәліметтерді қарастырдық. 

Олардың  түрлерінің  өте  көп  екендігіне  көзіміз жетті. Енді оның  бәрін  білудің 

қажеті  не  деген  сұраққа  жауап  ізделік.  Біріншіден,  оның  барлығына  біз  жан-

жақты тоқталғымыз жоқ. Себебі олардың басым көпшілігі адамзат қажетіне сай 

келмейді.  Екіншіден,олармен    танысуымыздың  себебі  кен  деген  ұғымды 

толығырақ  түсіну  үшін  қажет  (2-сурет).  Оған  мамандар  әр  түрлі  анықтамалар 

береді. Жалпылай  айтсақ, кен деп құрамында бағалы зат бар минералдар мен 

тау жыныстарының жиынтығы. Мұндай минералдарды кен  минералдары депте 

атайды не болмаса пайдалы қазындылар дейді. 

Осы  уақытқа  дейін  біз  құрамында  бағалы  зат  бар  минералдардың 

көпшілігімен  таныстық.  Олар  химиялық  құрамы  жағынан  болсын  көптеген 

топтарға  бөлінеді  екен.  Кейбір  минералдар  тек  бір  элементтен  ғана  тұрса, 

көпшілігі  бірнеше  элементтерден  тұратын  химиялық  қосылыстар  түрде 

болатынын  білдік.  Мұнымен  қатар  Менделеев  кестесіндегі  көптеген  

элементтердің аттарында атаған жоқпыз. Оның басты себебі – жер қойнауында 

ол элементтердің өзіне тән химиялық қосылыс, яғни минерал құрмауы болды. 

Оныңда  түсінікті  себебі  бар.  Химиялық  қосылыс  жер  қойнауында  болсын  не 

жасанды  түрде  пайда  болуы  үшін  өзара  реакция  түсетін  элементтердің 

атомдарының (иондарының) концентрациялары белгілі мөлшерден аз болмауы 

керек.  Пәннің бастапқы дәрістерінде көптеген элементтердің жер қыртысында 

қанша  екені  кесте  түрінде  келтірілді.  Одан  көп  элементтердің  өте  аз 




 

23 


кездесетінін білдік. Сондықтан олар жеке минералдар құрамаған. Екіншіден бір 

жай- бірсыпыра элементтер жер қойнауында (дәлірек, қыртысында) аз болсада 

минералдар құрап, жеке кен орындарын құраған. Оның сыры –ол элементтердің 

жердің  әр  аймағында  әр  түрлі  шоғырлануында,  ал  кейбірінің  үлесі  жоғары 

болса  да  жер  қыртысында  бір  келкі  жайылып,  шашырап  кетуінде.  Олар  соған 

сәйкес сирек  кездесетін не шашыранды элементтер деп аталады. Сонда оларды 

адамзат қалай тауып және қажетіне жаратып жүр? Ол элементтердің атомдары 

басқа  минералдар түзілгенде солардың кристалдық торларына кіреді. 

 

 

2–сурет. Кен орындарының пайда болуы 



 

Әрине,  кез  келген  элемент  кез  келген  минерал  құрамына  кірмейді.Ол  үшін 

элементтің  параметрлері  (валенттігі,  иондық  не  атомдық  радиустары) 

кристалдық тор параметрлеріне сәйкес келулері керек. Қазіргі кезде бірсыпыра 

элементтердің қандай минералдардың құрамына кіретіндері анықталған. 

Бұл  келтірілген  мәселеге  көбірек  тоқталу  себебіміз  сол,  кен  байытуда 

минералдардың  басты  қасиеттеріндегі  айырмашылықтар  пайдаланылады.  Егер 

минерал  құрамына  «бөтен»  элемент  енсе,  онда  минерал  қасиетінде  де  өзгеріс 

болады.  

Минералдардың  жіктелуін  қарағанда  олардың  көп  топқа  бөлінуімен 

таныстық   (сульфидтер, тотықтар, оттекті тұздар т.б.) қазіргі кезде адамзаттың 

қажетіне  тарауда  ең  маңыздыларына  сульфидтер  жатады.  Әсіресе  ауыр  түсті 

металдар  (мыс,  қорғасын,  мырыш,  никель,  сынап,  висмут,  сурьма  және  т.б.) 

негізінде  сульфидті  минералдарынан  алынады.  Олар  шығатын  кен 

орындарында әр дайым оттекті тұздар азды-көпті кездесіп отырады, әсіресе жер 

бетіне  жақын  қабаттарда.  Мысалы,  галенит  (PbS)  шығатын  жерде  англезит 

(PbSO

4

),  церуссит  (PbCO



3

),  мыс  сульфидтері  шығатын  жерде    малахит 




 

24 


[CuCO

3

*CH(OH)



2

],  азурит  [2CuCO

3

*Cu(OH)


2

], сфалерит (ZnS) шығатын жерде 

смитсонит (ZnCO

3

) және т.с.с. Кей жерлерде осы тотықты минералдар (тотығу 



зоналарында) азды-көпті қоры бар кен орындарында құрайды. Бұл аталған ауыр 

түсті  металдар  минералдары  көпшілік  жағдайда  бірге  (бір  кенде)  кездесіп 

отырады. 

Сол  сияқты  бірсыпыра  топтықты  бағалы  минералдарда  көбінде  бірге 

кездеседі.  Мысалы,  қалайы,  минералдарда  көбінде  бірге  касситерит  (SnO

2

), 



вольфрам  минералдары  (вольфрамит  (Mn,Fe)(WO

4

),  шеелит  (CaWO



4

),  титан 

минералы ильменит (FeTiO

3

) және т.б. 



Сульфидті  минералдар  жердің  терең  қабаттарынан  тау  жыныстарымен 

бірге көтеріліп шықса, тотықты минералдар жоғарғы қабаттарда пайда болады. 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   48




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет