Минералдардың қаттылығы. Жалпы заттардың қаттылығы табиғат-
тарда және техникада өте маңызды роль атқарады. 1811 жылы неміс минер-
ологы Ф. Моос эталон ретінде он минерал алып қаттылықтарын салыстырған.
Моос шкаласындағы он минералдардың бірінші, ең қаттысы оныншы болып
нөмірленген. Әрбір үлкен нөмірлі минерал өзінен бұранғы нөмерлі
минералдардың бетіне сызық түсіре алады. Ол минералдар мыналар:
Тальк –Mg
3
[Si
4
O
10
] [OH]
2
Ортоклаз – K(AiSi
3
O
8
)
Гипс – CuSO
4
* 2H
2
O
Кварц – SiO
2
Кальцит – CuCO
3
Топаз – Al
2
(SiO
4
) (FOH)
2
Флюорит – СаF
2
Корунд – Al
2
O
3
Апатит – Ca
5
(PO
4
)
3
F
Алмаз – С
Әрине, қаттылықты осылайша сипаттау тек шартты түрде ғана
қолданылады. Кейіннен қаттылықты анықтаудың сандық әдістері табылды.
Минералдардың (жалпы заттардың) қаттылығы үш фактормен анық-
талады: элементтердің валенттілігі иондық радиусы және кристалдық тордың
түрі. Минералдардың құрамына кіретін элементтердің валеттілігі неғұрлым
жоғары болса, ал иондық радикстары неғұрлым кіші болса қаттылық артады.
Минералдардың қаттылығы кен байытуда да, металлургиялық өңдеуде де
маңыздық роль атқарады. Көпшілік бағалы минералдар қаттылығы төмен,
демек морт келеді, үгілгіш келеді. Ал бос жыныс минералдарын негізінде
алюмосиликаттар құрайды да, олардың қаттылығы жоғары. Кен байытуда
бағалы минералдардың шамадан тыс үлгілі кетуі зиянды, технологиялық
көрсеткіштер төмендейді. Сол сияқты бағалы минералдар сульфидті түрде
болса, олардың металлургиялық өңдеуде балқытылуы не еруі, тотықты
минералдарға қарағанда көбірек энергияны шығындауға мәжбүр етеді.
Сондықтан балқыту не еріту алдында сульфидтерді күйдіру арқылы тотықтарға
айналдыру қажет. Бұл барлық зауыттарда міндетті түрде жүргізілетін процесс.
Достарыңызбен бөлісу: |