литосфера деп атайды (тас қабат). Оның қалыңдығы ондаған километрге жтеді.
Бұл қабаттағы тау жыныстарының құрамы базальт деген тау жынысына жуық
келеді. Сондықтан оны базальт қабаты деп те атайды.
Метосферадан төмен, жердің ең ішкі өзегінің сыртында аралық қабат
немесе мантия қабаты бар. Бұл ең қалың қабат, қалындығы 3000 километрге
жуық. Оның құрамына ауыр магмалық тау жыныстарынан тұрады. Жер сілкіну
әрекеттері осы мантияның үстіңгі бөлігінде болады.
Жердің ең ішкі орталық өзегі- ядросы көбінде темірден, одан кейін
никельден тұрады деп есептейді. Жер шара салмағының негізін осы өзек
құрайды. Оның меншікті салмағы жоғары, 10 т/м
3
- ке жетеді деген жорамал
бар.
Осы келтірілген геосфералар қабаттарында әрқайсысына тән элементтер
жинақталған, осыған байланысты олардың физикалық және химиялық
қасиеттері бар.
Норвегияның атақты ғалымы В.М. Гольдшмидт барлық элементтерді,
геосфераға таралуына байланысты, төртке бөлінеді: 1) атмофильдер, 2)
литофильдер, 3) халькофильдер, 4) сидерофильдер.
Достарыңызбен бөлісу: |