Кеннің түрлері
Жоғарыда келтірілген деректерден жер қойнауындағы заттардың бәрі
пайдалы қазбалар бола бермейтінін көрдік. Техника қарыштап дамыған бүгінгі
заманда минералды шикізат жер қойнауында шоғырланған аймақтардан, дем
кен орындарынан алынады. Енді өндірістік масштабта өндірілетін кен
түрлерінің сипатына тоқталайық. Олар әртүрлі тұрғыдан зерттеліп сараланады.
Қазба байлық түрлері жалпы үш топқа бөлінеді: металды қазба
байлықтар, металл емес қазба байлықтар және жанғыш қазба байлықтар.
Металды қазба байлықтар барлық минералдардың минералды көзі болып
табылады. Металл емес қазба байлықтардан өндірістік әр салаларында қолда-
нылатын заттар, оларды өңдеу арқылы тұздар, фосфаттар, бораттар, сол сияқты
құрылыс материялдары алынады. Жанғыш заттарға көмір, мұнай, торф, сланец
және газдар жататыны мәлім.
Пайдалы
минералдардың
пайда
болуы
тау
жыныстарының
жаратылысымен тығыз байланысты. Сондықтан кендер де сол үш топқа
бөлінеді: эндогенді, экзогенді және метаморфты болып.
Кендерді пайдалану тұрғысынан алсақ та, онда кеннің құрамына кіретін
пайдалы заттардың түрлері тағы да тау-жыныстарын білумен байланысты екен.
Енді қысқаша кендегі әр түрлі минералдың тау-жыныстарының қандай
түрлерімен тығыз байланысты екеніне тоқталайық. Әр түрлі элементтердің
минералдарының бірге кездесуі олардың физикалық, химиялық және физико-
химиялық қасиеттерінің ұқсастығының айғағы. Мұндай қасиеттерге: тығыздық,
кристалды торларының энергия мөлшері, ерігіштік, булану температуралары,
қаттылығы, тоқ өткізгіштік, магниттік және т.б. жатады.
Жоғарыда тау жыныстарының қандай топтарға бөлінетіні келтіріледі.
Жер қыртысында алдымен қатаятыны сілтілі жыныстар, оларда кальций, фос-
фор, темір, фтор және т.б. кездеседі.
Хром, магний, платина, темір өте негізді жыныстармен бірге жиі ұшыра-
сады.
Негізді жыныстарда темірмен бірге титан, ванадий, никель, мыс, кобальт,
платина, палладий т.б. элементтер кездесіп отырады.
Қышқыл және өте қышқыл жыныстарда көбінесе вольфрам, молибден,
қалайы, литий, фтор, бор, висмут, ниобий, тантал кездеседі.
25
Қышқыл және орташа қышқыл жыныстардың құрамында түсті және
сирек кездесетін минералдар: мырыш, қорғасын, күміс, алтын, кадмий,
германий, висмут, кобальт, никель, уран, сынап, сурьма т.б. кездеседі.
Әрине бұған қарап жер қыртысында барлық минералдар рет-ретімен
кездеседі екен деген ұғым тумауы керек. Белгілі бір кен аймағының табиғатын,
тау жыныстарының құрамын тексере келе ол аймақтан қандай минералдардың
кездесуін алдын-ала жорамалдауға болады.
Енді кендердің ең басты түрлерімен танысайық.
Кеннің аттары, әдетте, оның құрамындағы негізгі заттың (металдың не
метал еместің) атымен аталады. Сондықтан алдымен металдардың қандай
топтарға бөлінетіндігімен танысайық. Ең алдымен барлық металдар қара және
Достарыңызбен бөлісу: |