Ќазаќстан республикасы білім жјне єылым министрлігі



Pdf көрінісі
бет32/48
Дата17.05.2020
өлшемі1,06 Mb.
#69177
түріСабақ
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   48
Байланысты:
Технологиялық минералогия пәнінінің дәрістері

Киноварь  –  HgS.  Арабтың  киннабрис  –  «аждаһан  қаны»  деген  сөзінен 

шыққан. Оның түсі қызыл, кейде қан қызыл. Қаттылығы 2, меншікті салмағы 8-

8,2. Химиялық құрамы:  Hg-86%, S-14%. Кірмелер өте сирек кездеседі. Электр 

тоғын өткізбейді. 

Ол көпшілігінде сеппе түрінде, тығыз масса түрінде, сонымен қатар ұнтақ 

болып жабысқан және қатпар түрінде байқалады. 

 Киноварь  төменгі  температурада  пайда  болған  гидротермаға  жатады. 

Оның жер бетіне шыққан сілтілі ыстық су ерітіндісінен пайда болатыны мәлім. 

Тотықты зонада қайталама минерал ретінде қара қабыршақ түрде, сұйық сынап 

түрінде кездеседі. 

Киноварьдан  сынап  айырып  алады,  демек  ол  сынаптың  басты  қоры 

ретінде саналады. Сынап электротехникада, прибор жасауда, қопарғыш заттар 

өндіруде қолданылады. 

Сынаптың  кен  орындары  Қырғыстанда  (Қайдалыжай,  Хайдархан), 

Донбаста (Никитовка) және Өзбекстанда (Фергана) бар. 

Молибденит – МоS

2

. Гректің молибдос – қорғасын деген сөзінен шыққан, 

себебі оның сыртқы түрімен жұмсақтығы қорғасынға ұқсас. Химиялық құрамы: 

Мо-60%, S-40%. Қаттылығы 1-1,5, меншікті салмағы 4,7-4,8, түсі сұр. Жоғары 

температурада электр тоғын жақсы өткізеді. 

Молибденидтің  басқа  сульфидтермен  салыстырғанда  айта  қаларлықтай 

ерекшеліктері  бар.  Кристалдық  құрылысы  қабат-қабат  тақталы.  Молибден 

иондарының орналасқан қабаты күкірт иондарының екі қабаттарының арасына 

орналасқан.  Осыған  байланысты  оның  кристалдары  көбінесе  жапырақтанған 

немесе  қабыршақтанған  түрде  болады.  Минерал  ұнтақталғанда  қабыршақтар 

бойымен  бұзылады  да,  ашылған  бетте  негізінен  күкірт  иондары  орналасады. 

Сондықтан  ол  бет  сумен  өте  әлсіз  әрекеттеседі,  демек  аз  суланады.  Осыған 




 

41 


байланысты  молибденит  минералының  флотациялану  қасиеті  барлық 

сульфидтерден өте жоғары.  

 Молибденит  қышқыл  магмалармен  байланыса  пегмотиттік  желілерде 

пайда  болады.  Сонымен  қатар  ол  кварцпен,  вольфрамитпен,  арсенопиритпен 

және  сульфидті  мыс  минералдарымен  бірге  ыстық  судың  ерітінділерінен 

гидротермалық желілерде кездеседі.  

 Молибденитмолибден металының негізгі минералы. Молибденнің 90 %-і 

әр  түрлі  сортты  болат  өндіруге  жұмсалады.  Сол  сияқты  ол  электротехника, 

бояу, химия өндірістерінде қолданылады. 

 Қазақстанда молибден Қоңыраттағы мыс кенінен өндіріледі. 



 Арсенопирит  – AsFeS.  Химиялық  құрамы: Fe–34,3  %,  As–46,0  %, S–19,7 

%.  Негізгі  кірмелері:  кобальт,  никель,  сурьма.  Қаттылығы  5–6,  меншікті 

салмағы 6. 

 Арсенопирит қалайы түсті ақ минерал. Электр тоғын өткізеді. Оның шығу 

тегі гидротермалық. Ол эндогендік кендерде көп тараған мышьяк минералының 

бірі.  


 Арсенопирит  –мышьяк  өндіруде  ең  негізгі  минерал.  Ол  ауыл  шаруашы-

лық зиянкестерін құртуға және химия өндірісіне қажетті металл.  

 Арсенопирит  көпшілік  кендерде  вольфраммен,  висмутпен,  мыспен, 

қорғасынмен, мырышпен бірге пайда болады. 

 Мышьяктың  Аирипигмент  (As

2

S



3

)  және  реальгар  (As

2

S

3



)  атты  басқа  да 

сульфидтері бар. 

  Пентландит  –(Fe,Ni)S

8

.  Онда  қоспа  ретінде  кобальт  кездеседі.  Ол 

пирротиннің  жарықшалары,  қуыстары  ішінде  орналасады.  Түсі  ақшыл  қола 

тәрізді.  Қаттылығы  3,5–4, меншікті  салмағы  4,5–5,0.  Өзіне ұқсас  пирротиннен 

ақшылдау,  магниттілігі  жоқ,  ал  пириттен  қаттылығы  төмен.  Мыс-никель 

кендерін құрайды.  

 Актимонит – Sb



2

S

3

. Түсі қорғасындай сұр. Қаттылығы 2–2,5, тығыздығы 

4,6.  Электр  тоғын  өткізбейді.  Ол  төменгі  температуралы  гидротермадан 

кварцпен бірге (жылы судың ерітіндісінен) жеке желілер және қабаттар тәрізді 

желілер түрінде пайда болады. Онымен бірге киноварь, флюорит, кварц, борит 

және т.б. кездеседі. Ол тұтас түйіршікті түрде де, көбірек сәулеше тарамданған, 

сирегірек  есіліп  шатыстырылған  шалшықты  түрде  де,  кварц  массалары 

арасында сеппе түрінде кездеседі. 

 Актимонит  сурьма  металының  басты  минералы.  Сурьма  бояуға 

типографияда,  өнеркәсіптің  түрлі  саласында  қолданылады.  Оның  қорғасын, 

қалайы қорытпасынан аккумулятор дайындалады. 

 Сурьманың  кен  орындары  Өзбекстанда  (Хайдархан,  Қадамжай), 

Целиноград облысында (Торғайда) кездеседі. 



 Висмутин Bi

2

S

3

.  түсі қорғасындай  сұр.  Қаттылығы  2-2,5,  тығыздығы  6,4-

6,8.  Ішкі  құрылымы  актимонитке  ұқсайды.  Жылтырлығы  күшті.  Кристал-

дарының пішіні призма, ине тәрізді. 

 Висмуттың  ірі  кен  орындарындары  жоқ.  Ол  кварц,  кейде  саф  висмут 

түрінде, пирит, халькопирит, касситеритпен бірге кездеседі. 



 

42 


Әдебиет: 1-нег.(216-228), 2-нег.(52-62). 

Бақылау сұрақтары: 

1. Сульфидті минералдардың маңызы. 

2. Сульфидті минералдарының құрамына нелер кіреді. 

3. Пирит және оның тобына кіретін минералдар, олардағы болатын кірме 

элементтер.

 

4. Мыс сульфидтері.



 

5.  Халькопирит  пен  мыстың  туынды  сульфидтерінің  қасиеттеріндегі 

айырмашылықтар.

 

6.  Қорғасынның,  мырыштың  негізгі  болып  саналатын  минералдары, 



формулалары, аттары.

 

7.  Кендерді  байытуда  сульфидті  минералдардың  қандай  басты  қасиеті 



пайдаланылады.

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   48




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет