Қорытынды Сөз соңында айтатын болсақ, ғылым мен діннің арасы алшақ деп айтсақ та, «дінсіз ғылым ақсақ, ғылымсыз дін соқыр» идеясын негізге ала отырып, адамзат Жаратушының сыйлаған мына бір өмірінде «мәңгі өлмейтіндей тіршілік жаса» принципін ескере отырып, ғылым-білімнің дамуына үлес қосу керек. Тұтынушы позициясынан өндіруші позициясына ауысу қажет, бұны да, әрине бізден, жаһандану кезеңі талап етеді.
Ең бастысы ислам дінінде ақыл мен жүрек арасында қайшылық болмады. Ислам философиясы бойынша құдай заттарды адамдар ойлансын, пайымдасын деп жаратқан. Адам құдай мен заттарды тануы үшін дінмен қатар сол заттарды – табиғатты зерттейтін ғылымдарды жаратқан. Ортағасырлық Батыста білімді мойындамаған дін ғылымға қарсы соғыс ашып, діни фанатизм, инквизиция, соғыстар мен империализмге жол берді. Қазір де мұсылмандар надандықтан, тар ұғымдардан әлі де құтыла алмай келеді.