Палаталық медбикенің лауазымдық міндеттері.
-Палаталық медбике дәрігердің рұқсатынсыз бөлімнен кетуіне құқығы болмайды.Медбикенің жұмысы бөлім менгерушісінің бекіткен кестесі бойынша жүргізіледі.
-Палатаның, ванналық бөлменің, кабинеттердің, дәріханалардың, кереует жанындағы тумбаның тазалықтарын қадағалайды. Емделушілердің мұздатқышттағы тағамдарының сақталуын тексереді, ауруханалық тәртіптің сақталуын бақылайды. Емделушілерге берілетін тағамдардың тағамдардың дәрігер тағайындаған диеталық үстелге қоятын тағамдарға сәйкестігін және мөлшерін сипатын бақылау жасайды.
-Керекті медикаменттерді уақытылы жазып алады және бөлменің бас медбикесі береді.
-Дәрігер қарауы кезінде қатысу керек, емделушілердің жағдайы туралы мәлімет беруі керек, дәрігердің емделушілердің емдеуі, күтімі бойынша тапсырыс алуы керек.
-Тағайындаған парақты дұрыс жүргізу керек, оны ауру тарихында жазылған тағайындаулармен уапқытылы салыстырып отыруы керек.-қазу парағын талдау, ЭКТ және де басқа ауру тарихын (жапсыру) уақытымен рәсімдеп отыру керек.
-Жаңа түскен емделушілерге бөлімнің белгіленген тәртібімен таныстыру керек.
-ұйымдастыру әдістеме бөліміне емделішілердің қозғалысы туралы мәліметті рәсімделуін (бағыттама қағаздың, анықтаманың, рецептердің көшірмесі ) және уақытымен шығуына бақылау жасау керек.
-Кезекшілік кезінде дәрігер жазған және тағайындағандардың бәрін, шығуға жарамды емделушілер туралы мәліметті тапсыру керек.
-Медбике емделушілердің тез арада жазылып шығуына орай ілтипатты, сергек, қайырымды болу керек. Ол медициналық деонтологияның негізін білуге міндетті.
-Бөлімдегі кіш персоналдардың жұмысына басшылық жасайды.
-Емделушілер арасында санитарлық- ағарту жұмыстарын үнемі жүргізіп отыру керек, денсаулық мектебін ұйымдастыру керек.
-Санорындарын ұйымдастыру және Қызыл крес Қоғамының жұмыстарына белсенді ат салысу керек.
-өз еңбегін жетілдіруде және жеке біліктілігін көтеруде жүйелі жұмыс жүргізуң керек.
СЫРТҚЫ ТҮРІ-.Медбикенің сырт пішіні емдеу кабинетінің визиттік көрсеткіші екенін еске саламыз, ашық косметикадан аулақ болуы керек, тырнақты қысқа алу керек. Халат таза болу керек, жейденің жені халаттың женінен ұзын болмауы керек. Шаш қалпақтың астында жиналуы болуы керек. Аяқ киім өкшесіз, жұмсақ және ыңғайлы болуы керек.
Достарыңызбен бөлісу: |