Ќазаќстан республикасы денсаулыќ министрлігі


Сырқатты бөлімшеге тасымалдау



бет60/68
Дата11.06.2020
өлшемі0,5 Mb.
#73168
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   68
Байланысты:
Бектурсунова А.МЕЙІРБИКЕ ІСІ НЕГІЗДЕРІ

Сырқатты бөлімшеге тасымалдау.

Сырқатты бөлімшеге бірнеше жолдармен тасымалдауға болады.Тасымалдау түрі туралы мәселені дәрігер шешеді. Жай күйі қанағаттанарлық сырқатты палатаға медициналық қызыметкерлер шығарып салады. Бірқатар жағдайларда сырқатты бөлімшеге дейін кресло-каталкада сырғытып апарған жөн. Ауыр науқастарды бөлімшеге арнайы каталкаларға орнатылған зембілдермен тасымалдайды. Әрбір каталка маусымына қарай таза ақ жаймамен жабылып, көрпемен жабдықталып төселуі тиіс.Ақ жайманы әрбір сырқаттан кейін ауыстыру керек. Көрпені желдетіп алады, ал жұқпалы аурулардан кейін дезинфекциялайды. Қазіргі кезде тежеуші бар зембіл –каталкалар шығарылып отыр. 2немесе 4 адам зембілмен көтеріп шығарады. Зембілдің артқы жағын сәл көтеріп, сырқаттың басын алдына қаратып жүреді.Түсерде сырқат жатқан зембілдің аяқ жағын көтеріп алдымен шығарады.

Қазіргі кезде көптеген ауруханалар арнайы тасымалдау құралымен қамтамасыз етіледі, ал сырқатты қабылдау бөлімшесінен қашық тұрған корпусқа жеткізеді.Қозғалуға болмайтын ауыр науқастарды зембілден төсекке еппен бір ережелерді сақтай отырып жылжытып салады: зембілдің аяқ жақ шетін кереуеттің бас жағына қою қажет. Егер палата болса, зембілді кереғуетке параллель етіп қояды да, медициналық қызыметкерлер зембіл мен кереует арасында ауруға бетін беріп тұрады. Ыңғайсыз артық қимылдар жасамау үшін зембілді кереуетке қалай дұрыс келтіру керегін алдын ала ойластырған жөн.Қабылдау бөлімшесінің қызыметкерлері сырқатты аурухананың күн режиміне және ішкі тәртіппен таныстыруға, туысқандарымен кездесетін күндері мен сағаттары туралы айтуға, сыпайы түрде сырқаттың аурухана режимін бұзғаны үшін жауапкершіліккке тартылатыны жөнінде ескертуге міндетті.

Кабылдау бөлімшесінің санитарлық-эпидемиологиялық тәртібі.

1.Жұқпалы ауруға күдікті науқастарды дер кезінде анықтау үшін қабылдау бөлімшесіне түсетін барлық науқастарды дәрігер қарап шығады.

2.Осы мақсатпен нақастардың тері қабаттары,жұтқыншағы қаралады, дене температурасы өлшенеді. Қарауға арналған пайдаланатн медициналық аспаптарын бір дезинфекциялаушы ерітіндінің ыдысын таңбалайды.

3.Науқастардыңқарауын медициналық клеенка немесе полиэтилен пленкасымен жабылған кушетканың үстінде өткізеді.Әрбір науқасты тексергеннен кейін,клеенканы дезинфекциялаушы препараттың ерітіндісімен суланған шүберекпен сүртеді.Соған арналған қақпақпен таңбаланған ыдыс, шүберек және дезинфекциялаушы ерітіндісі болуы қажет.

4.Қабылдау бөлімшесінде науқастарды педикулезбар болуына қарауға қажет.Педикулезді анықтаған уақытында науқас,ғимарат және науқас қатынасқан заттар арнайы өндеуге жатады.Педикулезді анықтаған әрбір науқас туралы, оның мекен-жайын санитарлық-эпидемиологиялық станциясына хабарлайды, ауру тарихында сәйкестілік белгілеуді қояды.Науқасты бөлімшеде бақылауға қалдырады, 10 куннен кейін қайта өндейді.

5.Науқас қабылдау бөлімшесінде толық санитарлық өндеуді өтеді,сусепкіш немесе ваннаны қабылдайды(дәрігердіңнұсқауы бойынша ),тырнағын алады т.б.Жуыну үшін науқас залалсыздандырылған жөкені алады немесе үйінен әкелінген жөкесімен пайдаланады.

6.Санитарлық арнайы бөлінгенғимаратта өткізіледі.Сол ғимаратта сырттан келушілерге өткізу жүйесі сақталуы тиіс, себебі науқастардың қарсы келе жатқан тасқыншыларды болдыртпау.

7.Санитарлық өндеуден өткеннен кейін,науқас аурухананың таза ішкиімін,халат(пижама),тәпішкесін алады.Емдеу мекеменің бас дәрігерінің рұқсаты бойынша науқасқа өзінің іш киімін, тәпішкесімен пайдалануға болады,соның ауыстыруыбөлімшеніңграфигі бойынша өткізіледі.

8.Жұқпалы ауруына күдікті науқасты анықтаған жағдайынд,оны тоқтаусыз оңашалайды және жұқпалы ауруханасына(бөлімшесіне) аударады.

9.Науқас қатынасқан ғимратты,жихазды, заттарын дезинфекциялайды. Дезинфекцияны қорытынды түрінде өткізеді.

10Жұқпалы аурумен немесе оған күдікті науқастың эвакуациясына арналған көлікті дезинфекциялаушы ерітіндінің біреуімен залалсыздандырылады.

11Ауруханаға жатқызылған науқастардың киімін және аяқ киімін арнайы қаптың ішіне салады(киім және аяқ киімүшін бөлек қаптарды пайдаланады),қаптарға науқастардың фамилиясы жазылған бирканы

қыстырады.қаптарды арнайы бөлінген ғимараттарда стеллажында сақтайды.

12Қабылдау бөлімшесінің мейірбикесі мыналармен қамтамасыз ету керек.

-сабын және жеке пайдаланатын жөкелермен (саны емдеу профилактикалық мекемелердің күніне өткізетін жүйесімен белгіленеді).

-таза және пайдаланған жөкелердің бөлек сақталуына арналған ыдыстармен (таңбаланған),қырынатын аспаптармен,таза тарақтармен,

-тырнақ алуға арналған қайшылармен;

-клизмаға арналған ұштықтар және оларды дезинфекциялауға арналған ыдыстармен;

-қоқысты жинауға арналған қақпағы бар шелегімен;

-саны жеткілікті дезинфекциялаушы және дезинфекциялық заттармен.

13.Әрбір науқас пайдаланған кейін жууға арналған жөкелерді,ванна,тарақтар,қырынатын аспаптарын,қайшылар,пинцеттер,ұштықтар,медициналық аспаптар,стол,кушеткаларының жұмыс үстерін белгілі бір тәртіппен дезинфекциялайды.

14.қолды жуу үшін кішкентай қораптағы бір рет қолданатын кез келген

Сабынды 2-рет сабындау арқылы қолданады.Жұқпалы ауру немесе оған күдікті тексергеннен кейін қолды септикаға қарсы ертіндісімензалалсыздандырылады.

15.Қолға арналған орамалдарды күн сайын және ластанған уақытта ауыстырады.

16.Медициналық қызыметкерлер міндетті түрде халат, шашты түгелдей жауып тұратын телпек киюге міндетті.Арнайы киімді күнде ауыстырады.

17.Қабылдау бөлімшесін күніне 2-реттен артық емес сулы әдіс және дезинфекциялаушы әдіспен жинастырады.жинастыру барысында инвентарь таңбаланады, арнайы бөлінген ғимаратта сақталады. Егер арнайы ғимарат болмаса, жинастыру инвентарьді оның дезинфекциясынан кейін сәйкес ғимараттарында сақтауына рұқсат беріледі. Мәселен, санитарлық өткізгішке арналған жинастыру-инвентарьді санитарлық өткізгіштің ішінде, дәретханаға арналған жинастыру инвентарьді-дәретхана бөлімінде.Қабырғаны, едендерді және әр түрлі бөлімдерді жууға арналған шүберектер бөлек және таңбаланған болуға тиіс.Шүберектерді және инвентарьді пайдаланғаннан кейін залалсыздандырылады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   68




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет