Фенолфталейн тексерісін жүргізу әдістемесі.
Бұл тексерістін көмегімен шприцтердің жуып-шайылғаннан анықтауға болады. Жуылған шприцтердің бөлшектерін 1% спиртті фенолфталейн ерітіндісіне суланған мақтамен сүртеді. Жуу ерітіндісінің қалдығында 30 секунд ішінде көкшіл-күлгін түс пайда болады. Егер тексеріс оң болса ағынды суық су астында қайтадан қайталамау керек.
прогресс Биолот жуу заттарын қолданғанда фнеолфталейн тексерісі қолданылмайды.
ҚАБЫЛДАУ БӨЛІМШЕСІНІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ МЕН НЕГІЗГІ ҚЫЗЫМЕТТЕРІ.
1.Күту бөлімі –науқастарға,оларды әкелген адамдарға арналған.Бұл жерде кресло,орындықтардың жеткілікті саны,аурухананың анықтама қызыметінің телефоны болуға тиіс.
2.Кезекші мейірбикенің кабинеті –бұл жерде жаңадан келген науқастардың
тіркеуі,қажеттілік құжаттамалардың толтырылуы өткізіледі.
3.Қарау кабинеттері -(терапевт,хирург,гинеколог) дәрігерлерімен науққастарды қарауға арналған.
4.Процедуралық кабинет.
5.Танатын,кіші операциялықбөлмесі.
6.Санитарлық өткізгіш –науқастарды санитарлық өндеуге арналған(ванна,қайта киінуге арналған)бөлме.
7.Оңашалайтын бөлме-бөлек дәретханасы бар, диагноздары анықталмаған науқастарға арналған бөлме.
8.Рентген кабинеті.
9.Зертхана,
10.Дәретхана.
Дәрігерлік алдын ала тексеру кабинеттері әр сырқат сайын ауыстырып тұруға арналған ақ жаймалармен қамтамасыз етіледі. Жедел дәрігерлік жәрдем көрсетуге арналған қажетті аспаптар бар.Қабылдау бөлімшесінің барлық кабинетінде тіке табиғи жарық болуы керек. Сырқат киініп-шешінгенде тонып қалмауы үшін бөлменің температурасы 250 С төмен болмауы керек. Алдын ала тексеру кабинетіндегі әрбір көшетканың жанында ағаш тор болуы керек. Сырқат киімдерін сақтайтын бөлме (торап) қабылдау бөлімшесіне жақын орналасуы қажет. Сырқат күтімінің сапасы медициналық қызыметкерлердің мінез-құлқына және еңбектегі дұрыс ұйымдастырылуына байланысты. Соңғы жылдары қабылдау бөлімшесіндегі медициналық қызыметкерлердің қызыметі бір қатар өзгеріпті. Күтім сапасына қойылатын талаптар артты, дәрілік жәрдем түрлері көбейді, жабдықтау аппаратуралары жақсарды. Осыған байланысты орта медицина қызыметкерлеріне оның жалпы арнайы даярлығына қойылатын талаптар күшейді. Дұрыс әрі дәл қойылған қабылдау бөлімшесінің жұмысы көбіне аурухананың жұмыснда анықтайды. Қабыдау бөлімшелері сырқатты тасымалдау үшін ыңғайлы түзік зембілдермен және доңғалататын зембілдемен (каталка), сондай-ақ жүретін сырқаттар үшін жылдың маусымына сай сырт киіммен жеткілікті мөлшерде қамтамасыз етілуі тиіс. Зембілдер мен доңғалататын зембілдер жеткілікті мөлшерде жастық тыспен, ақ жайма мен сайсеппен қамтамасыз етілуі тиіс, олар әрбір сырқаттан кейін ауыстырылып отыруы керек. Қабылдау бөлімшесінің жұмысы белгілі бірзілділікпен жүргізіледі: сырқатты тіркеу , дәрігерлік алдын ала тексеру, санитарлық жуып-шаю. Қабылдау бөлімшесі де осы тәртіппен орналасуы тиіс.
Сырқатты тіркеген соң тез тарайтын жұқплы ауруы жоқ, бар екенін тексеріп, содан кейін дәрігер болжам диагноз қояды да, санитарлық жуып-шаюдың түрін белгілейді, мейіркеш оны санитарлық өткізу бөлмесіне дейін шығарып салады.
Қабылдау бөлімшесіндегі мейірбике міндеттері.
1Науқастарды қабылдау және тіркеу.
Науқастарды қарау,алғашқы зерттеу диагнозды қою.Жаңадан түскен науқастарды санитарлық-гигеналық өндеу.
2Білікті медициналық көмегін көрсету.
3Аурухананың емдеу бөлмелеріне науқастарды тасымалдау.
Мейіркеш міндетіне мыналар кіреді:
1.бөлімшеге түскен сырқат құжаттарын реттеу.
2.сырқатты шешіндіріп бит және түрліше жұқпалы ауруілардың жоқтығын анықтау үшін үстірт қарап шығу;
3.сырқатты дәрігердің кабинетіне шығарып салу;
4.санитарлық-гигиеналық . жуып шаюдан өткізу;
5.сырқатты бөлімшеге дейін тасымалдап шығарып салу.
Қабылданған сырқаттар құжаттарын реттеу дегеніміз ауруң тарихының паспорттық бөлімін толтыру, оған фамилясы, аты-жөні, мекені, жасы, мамандығы, ауруханаға түскен уақыты жазылады. Егер сырқат ауыр куйде немесе ессіз жағдайға түссе, бұл мағлұматтарды оны әкелген адамнан алады. Қабылдау бөлімшесіне ауыр күйде түскенсырқатты дереу арнайы бөлімшесіне жібереді, онда мамандырылған жәрдем көрсетіледі. Алайда сырқаттың көбі оған медициналық құжат толтыруға, алғашқы дәрігерлік алдын ала тексеру мен санитарлық жуып шаюға жағдайы көтеретін күйде түседі. Түскен сырқаттар құжаттары мен құнды заттары өртенбейтін шкафта, қабылдау бөлімшесінің қамбашысының немесе аға мейіркештің жауапкершілігінде болады. Ауру тарихының паспорттық бөлімін толтырғаннан кейін биттерді және жұқпалы ауруларды болдырмау үшін мейіркеш сырқат денесінің түкті жерлерін тесеріп қарайды. Егер сырқат жағдайы көтерсе, мейіркеш оны өлшеуішке тұрғызып, саклмағын біледі, тек содан кейін ғана сырқатты алдын ала тексеру кабинетіне дәрігерге апарады, ол болжау дигнозын қойып , санитарлық жуып шаю мен тасымалдаудың қай түріне жататынын айтады.
Достарыңызбен бөлісу: |