Оқу жылында өмір қауіпсіздігінің негіздеріне (бұдан әрі –ӨҚН) қатысты мәлімет



бет1/2
Дата20.04.2022
өлшемі20,82 Kb.
#140124
  1   2

2018-2019 оқу жылында өмір қауіпсіздігінің негіздеріне (бұдан әрі –ӨҚН) қатысты мәлімет

2018-2019 оқу жылында орта білім берудің (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру) мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкес (ҚР Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы № 1080 қаулысы) «Өмір қауіпсіздігінің негіздерін» (бұдан әрі – ӨҚН) міндетті түрде оқыту қамтамасыз етілуі тиіс, бұл ретте білім алушылардың төтенше жағдайларда (өрт, жер сілкінісі және т.б) практикалық дағдыларының қалыптасуына ерекше назар аударылуы тиіс.


Осыған байланысты «ӨҚН» курсын оқыту:
– 1-4-сыныптарда «Дүниетану» оқу курсының аясында;
– 5-9-сыныптарда – «Дене шынықтыру» пәні аясында;
– 10-сыныптарда «Алғашқы әскери дайындық» оқу курсының аясында жүзеге асырылады.
Бұл ретте «ӨҚН» курсы бойынша өткізілген тақырыптар, міндетті түрде, мектеп журналына жазылуы тиіс.
2018-2019 оқу жылында «ӨҚН» курсы бойынша жаңа білім беру бағдарламасын жүзеге асыруды бастау жоспарлануда. Осы мақсатта барлық мүдделі министрліктер (ҚР ІІМ, ҚР ДМ, ХҚК және тб.) жұмыс тобымен «ӨҚН» жаңа бағдарламасын қайта қарау және бекіту жұмыстары жүргізілуде.
Жаңа оқу бағдарламасына сәйкес ӨҚН-нің әр тақырыбын «Дүниетану», «Дене шынықтыру» және «Алғашқы әскери және технологиялық дайындық» пәндерімен байланыстыру қарастырылады, бұл білім беру курсынның оқу міндеттілігін қамтамасыз етеді.

2019-2020 оқу жылында жалпы білім беру мектептерінде «ӨҚН» курсы 10-сыныпта «Алғашқы әскери және технологиялық дайындық» жаңа пәнінің аясында оқытылады.


«Өмір қауіпсіздігінің негіздері» оқу бағдарламалары бекітілгеннен кейін 2018-2019 оқу жылының басталуына дейін барлық білім беру басқармаларына жіберіледі. ( Әлі жіберілген жоқ!!!!!!!!!)


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет