БЕКІТЕМІН
Т.Рысқұлов ауданы әкімдігі
білім бөлімінің басшысы
________Л.Ш.Утеулиева
Қазақ хандығының 550 жылдығы аясында тарих пәні мұғалімдерінің аудандық «Ең үздік ашық сабақ» сырттай байқауының
ЕРЕЖЕСІ
І. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕ
Бұл Ереже Қазақ хандығының 550 жылдығы аясында тарих пәні мұғалімдерінің аудандық «Ең үздік ашық сабақ» байқауын өткізудің мақсат-міндеттерін анықтайды.
ІІ. БАЙҚАУДЫҢ МАҚСАТЫ:
шығармашылықпен жұмыс істейтін, ақпараттық-коммуникативті технологияны меңгерген, теория мен практиканы ұштастыра алатын, кәсіби біліктілігі жоғары тарих пәні мұғалімдерін анықтау және оларға қолдау көрсету.
ІІІ. БАЙҚАУДЫҢ МІНДЕТТЕРІ:
белсенді жұмыс істеуге ынталандыру;
дамытудың тиімді технологияларын және әдістерін іздестіру.
IV. БАЙҚАУҒА ҚАТЫСУШЫЛАР.
Байқауға жалпы білім беретін мектептердің тарих пәнінің мұғалімдері қатыса алады.
V. БАЙҚАУДЫҢ ӨТКІЗУ ТӘРТІБІ.
1. Байқауға қатысушы пән мұғалімдері Қазақ хандығы тақырыбындағы сабақ жоспарларын ұсына алады. Сабақ фотоматериалдармен (басылым және электронды түрінде), видео материалдарымен, слайдпен (компакт дискіде жазылған) жасалу керек. (Мүмкіндігінше барлық мәтіндік материал компакт дискіде ұсынылған жөн).
2. Байқаудың қазылар алқасы: қатысушылардың дайындаған сабақтары, видеоматериалдары және слайдтарына сырттай сараптама жүргізеді.
3. Байқауға қойылатын талаптар:
- мұғалімнің шығармашылдық бағыты;
- оқыту үрдісінде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдануы;
- оқу ісіне жаңа әдіс-тәсілдерді енгізуі;
- байқауға ұсынылған материалдар қағаз және электрондық түрде болуы керек;
-сабақ жоспарына слайдтарды қоса тіркеуі керек;
-байқауға қатысушылардың материалдарына пікір берілмейді және қайтарылмайды.
Ескерту! Баспа беттерінен (газет-журналдардан), ғаламтордан көшірілген сабақтар қабылданбайды.
4. Сабақтарды бағалау критерийі:
- педагогикалық және әдістемелік деңгейі, тақырыптың өзектілігі және тәжірибелік бағыты;
- жаңашылдық (терминология деңгейінде, ақпараттық деңгейде, жүйелік деңгейде);
- сабақтың мақсатын таңдаудың негізі және оқыту технологиясы.
5. Қорытынды шығару және жеңімпаздарды марапаттау:
Байқау қорытындысы бойынша жеңімпаздар грамотамен марапатталады.
6. Байқауға ұсынылған сабақ жоспары 2015 жылдың 6 наурызына дейін аудандық білім бөліміне сұраныспен бірге тапсырылуы тиіс.
Мерзімінен кешіктірілген жұмыс қабылданбайды.
Анықтама бойынша байланыс телефон: 2-11-73
Достарыңызбен бөлісу: |