Сабақ тақырыбы Шерхан Мұртазаның «Тәуекел той»



Дата25.04.2024
өлшемі17,09 Kb.
#201354
түріСабақ
Байланысты:
Документ (1) (копия) (копия) (копия)
Акушерия ответы

Бопай ханым жоғары медициналық колледжі
Оқу сабағының жоспары
(теориялық немесе өндірістік оқыту)
(сабақ тақырыбы)
Шерхан Мұртазаның «Тәуекел той» әңгімесі
Модул/пән атауы __Қазақ_әдебиеті_________________________________
Дайындаған практикант: Макарова Ақбота Әлібекқызы
2024_ жыл _____
1.Жалпы мәліметтер:
1.1.Курс, оқу жылы,топ 1 курс ___________________________________
1.2.Сабақтың типі_аралас сабақ_______________________________________
2.Мақсаты, міндеттері: Әдеби шығарманың тұжырымдамасы негізінде шыүармадығ авторлық идеянын өмір шындығымен байланысын айқындайды. Шығармадағы кейіпкерлерді талдап, шығарма жазады.
ДамытушылықСөз еркіндігіне баулу, шығармашылық ізденіске бағыттау, сөз өнеріне қызығушылығын арттыру,жаңа атаулар туралы түсінуге, сырына үңілуге шақыру.
Тәрбиелік: Білім алушыларды туған елін, тілін құрметтеуге еңбексүйгіштікке, білімге құштарлыққа, мейірімділікке тәрбиелеу.
2.1.Оқу-жаттығу процесінде білім алушылар меңгеретінкүтілетін нәтижелер және
( немесе) кәсіби дағдылар тізбесі 
білімдерін жаңарту,шығармашылық және бастамашылдық дағдыларын арттыру
3.Сабақты жабдықтау
3.1 Оқу-әдістемелік құрал-жабдықтар, анықтамалық әдебиеттер
1. А.С.Ақтанова, А.Қ.Жүндібаева. Қазақ әдебиеті. 
2. С.Қасқабасов, Р. Әлімханов, Е.Раушанов, Қ.Қайырбай. Қазақ әдебиеті
3. 2 Техникалық құралдар,материалдар
- электронды әдістемелік жүйе
- дидактикалық материалдар
4. Сабақтың барысы
Шерхан Мұртаза - 1932 жылы 28 қыркүйекте Жамбыл облысы, Жуалы ауданы, Мыңбұлақ мекенінде туған. 1955 жылы М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің журналистика факультетін бітірген. «Лениншіл жас» (қазіргі «Жас Алаш») газетінің, «Социалистік Қазақстан» (қазіргі «Егемен Қазақстан») газетінің тілшісі, әдеби қызметкері болды. 1963–1970 жж. «Лениншіл жас» газетінің редакторы. Содан кейінгі уақытта «Жазушы» баспасының, «Жалын» альманахының, «Жұлдыз» журналының бас редакторы, Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының екінші хатшысы, «Қазақ әдебиеті» газетінің бас редакторы әрі Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының хатшысы. 1989–1992 жж. «Егемен Қазақстан» газетінің бас редакторы, 1992–1994 жж. Қазақстан Республикасы мемлекеттік телерадио компаниясының төрағасы болып істеді. ҚР Парламентінің Мәжіліс депутаты болған. Жазушының әр жылдары «Табылған теңіз» (1963), «Белгісіз солдаттың баласы» (1969), «Ахметжанның анты» (1973), «Мылтықсыз майдан» (1977) повестері, «41-жылғы келіншек» (1972), «Интернат наны» (1974) әңгімелері, «Қара маржан» (1977), бес кітаптан тұратын «Қызыл жебе», «Ай мен Айша» (1999) романдары, шығармаларының төрт томдығы (1990–2000), шығармаларының 6 томдығы, таңдамалы шығармаларының 7 томдығы, «Елім, саған айтам, ел басы, сен де тыңда» (К.Смаиловпен бірге) (1998), «Бір кем дүние» (2008) кітаптары жарық көрген. Оның шығармалары КСРО халықтары мен шетел тілдеріне аударылған. Қазақ тіліне Г.Х.Андерсеннің әңгімелерін, венгр халық ертегілерін, Ш.Айтматовтың «Ботагөз», «Қош бол, Гүлсары», «Теңіз жағалай жүгірген тарғыл төбет», «Боранды бекет» туындыларын; Мұстай Кәрімнің «Біздің үйдің қуанышы» повесін, Э.Эрскиннің «Марыкчан балалары» романын, Л.Лагиннің «Хоттабыч қарт» повесін тәржімалады. «Әзиза» пьесасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің грантын жеңіп алды. «Қара маржан» романы үшін 1978 жылы Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығын алды. Қазақ КСР-нің еңбек сіңірген мәдениет қызметкері, Қазақстанның Халық жазушысы. «Құрмет белгісі», «Отан (1999) ордендерімен, медальдармен марапатталған. ПЕН-клуб сыйлығының иегері (2003). Жазушы 2018 жылы 8 қазанда Алматы қаласында қайтыс болған.
5.Ш.Мұртазаның «Тәуекел той» әңгімесіне байланысты үш тапсырманың біреуін таңдап, орындау.
1.Ш. Мұртазаның әңгімесі не себептен «Тәуекел той» деп аталатынын 3 сөйлем арқылы дәлелдеу.
2. «Тәуекел той» әңгімесінде көтерілген әлеуметтік мәселені талдау.
3.«Фишбоун» әдісі арқылы әңгімедегі көтерілген әлеуметтік мәселені анықтау.
6. Деңгейлік тапсырмаларды орындау
1.«Үш жақтағы күнделік » әдісін толтыру.
2. «Венн диаграммасы» арқылы бұрынғы заман мен бүгінгі өмірдегі өткізіліп жатқан тойды салыстыру.
3.«Үш пікір» әдісі арқылы «Тәуекел той» әңгімесі бойынша өздерінің көзқарастарын білдіріп, өмірмен байланыстыру
7. Үйге тапсырма
Тапсырма: Бүгінгі күннің шындығын жазылымға арқау етіп, 200-250 сөзден тұратын эссе жазыңыздар.
Сауал: Даңқ пен дақпыртқа мастанған жандардың өзгеден асып түсу мақсатында тойдан кейін қарызға белшесінен батып жатуы қаншалықты дұрыс?

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет