ӘОК 541.64:547(823+391); 539.2+678
МОДУЛЬДІ ОҚЫТУ ТЕХНОЛОГИЯСЫН ЖАЛПЫ ХИМИЯ КУРСТАРЫНДА ҚОЛДАНУ
Қ. Ә. Әбдіқадырова – х.ғ.к., профессор (Алматы қ., ҚазмемқызПУ)
Ш. С.Қаштай – 2 курс магистрант (Алматы қ., ҚазмемқызПУ)
Анықтама
Бұл мақалада модульді оқыту технологиясын жалпы химия курстарында қолдлану және оның тиімділігі туралы айтылған. Педагогикалық үдерістің тиімділігінің артуына мүмкіндік беретін білім беру мен тәрбие бірлігін сақтай отырып, білім алушыларға берілетін білімнің үйлесімділігімен қатар, әрбір жеке тұлғаның ерекшелігін ескере отырып, білімділігіне сәйкес бағдар беру, танымдық ізденімпаздығын дамытудағы оқытудың прогрессивтік қадамының бірі – модульдік оқыту.
Модульдік оқыту технлогиясы – болашақ маманның танымдық-интеллектуалдық әлемін дамытып қана қоймай, кәсіби маңызды сапаларын қалыптастыруға мүмкіндік беретіндігі айтылған. Оқыту технологиялары жеке тұлғаның дамуына, оның рухани тұрғыда жетілуіне маңызды зор, білімдік және психологиялық мәні терең құндылық бағдар ретінде танудың мүмкіндігі бар. Модульдік оқыту дәстүрлі оқытудың альтернативі түрінде пайда болды. Модульдік оқыту іс-әрекеттік негізге бағытталған ақыл-ой әрекетінің этап бойынша қалыптасу теориясының басты ұғымында базаландырылады.
Кілт сөздер: модуль, білім, технология, интерактивті тақта, педагогика, материал, проблема, интеллегент.
«ХХІ ғасырдағы алдыңғы қатардағығы елдер қатарына өз жастарының интеллектуалды және рухани әлеуетін барынша дамыта алатын оқу орындарының ең тиімді жүйесін жасаған ел ғана көтере алады».
Н.Ә. Назарбаев.
Әлемде қоғамдық қарым-қатынастардың үдемелі өзгеріп жаңа келбет алу бет бұрыстары әлеуметтік-экономикалық инфрақұрылымның модернизациялануымен шектелмей, дүние жүзілік білім беру кеңістігінде де біршама динамикалық түрлендірулер жүруде.Осы мақсатта, отандық және шетел мемлекеттерінде жастарға білім беру мен оларды тәрбиелеу педагогтің үстемдік тұрғыда оқытудан тұлғалық бағдарлы оқытуға көшудің жаңа парадигмалары қалыптасуда. Оқу орындарында жастарға білім беру мен тәрбиелеу үрдісі оқушы тұлғасы мен кәсіби-тұлғалық қасиеттерінің қалыптасып дамуына, өз бетімен іс-әрекет құралдарын жүзеге асыруға айрықша көңіл аударылуда. Осыған орай өзекті мәселені шешуге өткен ғасырда шетел мен Отандық ғылыми-педагогикалық қауымдастық педагогика ғылымы мен оның тәжірибесіне біршама үлес қосты. Оған кепіл болатын– оқытудың жаңа технологиялары [1].
Дәстүрлі оқытудың мазмұны мен әдістемесі білім алушының пән бойынша оқу материалын теориялық мазмұнда игерсе, ал тәжірибеде қолданылуы шектеулі болғаны белгілі. Оқу үрдісіндегі оқу әрекеттері педагогтің басшылығымен орындалуы жиі байқалды. Білім беру процесінің жаңа парадигмалары мен оқытудың технологиялары білім алушының тұлғалық және кәсіби-тұлғалық қасиеттерін қалыптастырып дамыта, оның меншікті потенциалына негізделе, студенттердің өз бетімен оқу-танымдық іс-әрекеттерді жүргізу, тапсырмаларды дербес орындап, шығармашылық және интеллектуалды қасиеттерін жетілдіруді, өзін-өзі жетелеуді көздейді. Білім алушы нысанда немесе процестерде пайда болған қиындықтарды өз танымының әдістерімен сауатты шешіп, табысты нәтижелерге жетуге барлық танымдық потенциалын жұмылдыруға бағыттайды. Оқу үрдісінде білім алушының аталған қасиеттерін жүзеге асыруға оқытушының рөлі жетекшілік, кеңесші және достық қатынаста жүруге бағыт алады. Жоғарыдағы қасиеттер мен қарым-қатынасты орнықтыруға, оны оқу процесінде жүзеге асыруға оқытудың жаңа технологиялары өздерінің материалданған тәжірибесімен үлкен ықпал етеді.
Қазіргі Отандық білім беру оқу орындарында, оқытудың жаңа технологияларын оқу процесінде белсенді қолдануға ұмтылуда. Біздің бірнеше жыл бойы педагогтердің оқу процесінде жаңа технологияларды қолдану тәжірибесін бақылауымыздан, олардың оқыту технологиясы мен оқыту әдістемесін баламалаумен шектелуі сипат алуда. Жаңа оқытудың технологиясын тәжірибеде қолдану жүйесі жеткіліксіз емес, көріністі түрде қолдану, пән сабақтарының оқу үрдісінде байқалады.
Модульді оқыту идеясының пайда болуын шетел зерттеушілері 1960 жылдың аяқ кезі мен 1970 жылдың бас кездеріне саяды. Америкалық психолог С.Н. Послезвайт оқыту мазмұнының бірлік тұжырымдамасын жасаған. Осы тұжырымдама бойынша автор оқу материалдарының өте шектеулі мөлшерін «автономды бірлік» деп санай отырып, оны еркін әр түрлі сабақ бағдарламаларына кіріктіре алуға болады деп ұсынды. С. Н. Послезвайт оны шағын курстар деді. Алғашқы шағын курстар 1970 жылдары АҚШ-тың университеттері мен колледждеріне енгізе бастаған. Ол модульді оқытудың бір түрі бола оқу бағдарламасы мынандай пакеттерден тұрады: «оқу пакеті», «меңгеру пакеті» және «жеке оқыту пакеті». Модульді оқыту Англия, АҚШ, Швейцария, Канада және тағы басқа шетел мемлекеттерінің кәсіби білім беру оқу орындарында кеңінен таралған. Ресейде модульді оқытудың алғашқы белгілері 1920 -1930 жылдары Еңбек институты орталығы (ЦИТ) жасаған кәсіби оқыту тұжырымдамасында модульді принципке негізделген еңбек процесіндегі қарапайым операциялар мен жүйелі қозғалыстарды бөлу керектігін жүзеге асыру ұсынылған. Яғни, қысқа мерзімде арнайы оқу материалдарын меңгере отырып, оның іскерлігін дағдыландыру жаттығуларын орындап, мамандану бойынша курстармен аяқтау болып табылды. Сол жылдары бір жарым миллион жұмысшы жастар 400 оқу базасында 200 мамандық бойынша білім алған [2].
Модульді оқыту технологиясының тұжырымдамасын американ зерттеушісі Дж. Рассель жасаған. Ол модуль деп - білім алушылардың әрекетін бірізділеу және оқу материалының тұжырымды бөлігін қамтыған оқу жиынтығы (пакет) дейді. ЮНЕСКО - ның модульді оқытудың бірнеше туынды балама ұғымдары бар: модульді әдіс, модульді жол, модульді дайындық. Жалпы химия сабақтарында молдульді технологияны пайдалану мақсаты студенттердің ақпаратпен жұмыс жасау іскерлігін қалыптастыру арқылы коммуникативтік қабілеттерін, ақыл-ойын, танымдық және шығармашылық қабілеттерін дамыту, алған білімдерін практикалық іс-әрекетте қолдануға үйрету болып табылады.
Модульді оқыту технологиясының ғылыми жаңалығына:
– егер модульдік технологияны химия сабағында тиімді пайдаланса, студенттердің пәнге деген қызығушылығы, танымдық белсенділігі, зерттеушілік іскерлігі, шығармашылығы артады;
– модульдік технологияны қолданса әрбір студент оқу процесінің субъектісіне айналуы нәтижесінде оқу жүйесінің қарқыны, білім сапасы артады;
– молдульдік технологияны тиімсіз пайдаланғанда, қажетті талаптарды сақтамаса студенттің білім сапасына, танымдық белсенділігі мен денсаулығына кері әсерін тигізуі жатады.
Модульді оқыту технологиясын пайдалана оқытудың зерттеу әдістеріне:бақылау алу, тестілеу, сауалнама алу, тәжірибе жасау, бағалау жатады.
Ол технология идеясының негізі мынада болды:
- бағдарламалаудың аралас болуы;
- оқу материалының блокты берілуі;
- тікелей және кері байланыс;
- бақылау мен өзіндік бақылаудың ұштасуы.
ТМД елдерінде модульді оқыту технологиясын қарастырған ғалымдар П.Юцявичене, М.А.Чошанов, П.И.Третьяков, Т.И. Шамова, ЕА.Ермоленко және т.б. [3].
Қазақстанның білім беру оқу орындарында модульді оқытудың технологиясын зерттеп, оның нәтижесін тәжірибеге ұсынған М.М.Жанпейсова болды. Оқытудың тұтас технологиясын жобалау, алға қойған мақсатқа жетуді көздейтін педагогикалық үрдіс түзу, студенттерге нәтижені талдап, түсіндіріп бере алатындай жүйені таңдау және құру. Жалпы педагогикалық біліктіліктің технологиялық сенімді даму динамикасын түзу. Жобаланған технологияны іске асыратын жаңа тәсіл қалыптастыру. Бұл мұғалімнің бүкіл оқу жылында пайдаланатын әдістерді жоспарлануына көмектеседі. Технология жобасындағы негізгі нысана – оқу тақырыптары, дидактикалық модуль.
Қазіргі кезде модульдік оқыту кеңінен қолдануда. Модульдік оқыту технологиясында студент білімді жеке-жеке тараулар бойынша емес, біртұтас тақырып түрінде жүйеленген білім алады. Модульді оқыту теориясы мына қағидаларға негізделеді:
- модульдік;
- оқыту мазмұнынан жеке элементтерді бөлу;
- динамикалылық;
- білім мен оның жүйесінің әрекеттілігі мен жеделдігі;
- икемділік;
- саналы болашақтық;
- әдістемелік кеңесінің жан-жақтылығы;
- тепе-теңдік.
Ал, модульдік оқытуды құрастыру ережелері мынаған саяды:
- ақпарат материалының мақсаттылығы;
- жеке модульдегі оқыту материалының толық қамтылуы;
- модуль элементтерінің жеке - даралығы;
- ақпараттық және әдістемелік материалының оңтайлы берілуі.
Модульді оқыту технологиясы – оқытудың жоспарлаған нәтижесіне жетуге мәнді әрекеттер мен операциялар жүйесін бөлу жолымен жүргізілетін оқу процесін жүзеге асыруды айтады.
XXI ғасыр мұғалімдеріне қойылатын талаптар:
1. Жеке көзқарастары бар және оны қорғай білетін тұлға болуы керек.
2. Психологиялық-педагогикалық білімдерін жетілдіріп үйренумен қатар
шебер қолдана білуі тиіс.
3. Білім негіздерін өз бетінше оқып үйренуге оқушыларды баулу.
4. Ұстаздың ұйымдастырушылық, құрылымдық, бейімділік,
сараптамашылық қабілеттерімен қатар болып жатқан педагогикалық
жағдайларды, құбылыстарды талдай білуі шарт.
Модульдік оқыту технологиясының мазмұны.
1. Модульдік оқыту технологиясының құрылымы.
2. Оқу модулінің кіріспе бөлімі.
3. Оқу модулінің диалогтік бөлімі.
4. Диалогтік бөлімді айқындаудың негізгі кезеңдері.
5. Диалогтік бөлімді құру қағидалары.
6. Танымдық іс-әрекеттерін ұйымдастыруда оқушылардың білімділік дәрежесін есепке алу.
7. Шығармашылық және технология.
8. Оқу модулінің диалогтік бөлімінің ерекшеліктері.
9. Психологиялық атмосфера және оның диалогтік бөлімдегі рөлі.
10. Диалогтік бөлім – оқушылардың іс-әрекетін ұйымдастыру.
11. Ойын арқылы оқыту және ойындар.
12. Дискуссиялық формалар.
13. Ойын арқылы оқыту технологиясы.
14. Диалогтік бөлімде оқу еңбегінің нәтижелерін бағалаудың мәні мен мағынасы.
15. Оқушылардың іс-әрекетін бағалаудың оқу модуліндегі нұсқаулары.
16. Оқу еңбегінің нәтижелерін бағалау.
17. Оқу модульнің қорытындысы және бақылаудың басқа түрлері.
Бұл педагогикалық технологиялық негізінде қалпына келтіре қайталай оқыту циклының идеясы жатыр.
Әрбір оқытудың жаңа технологиялары оқыту теориясы бойынша белгілі бір субъектілердің қарым-қатынасындағы қасиеттерін өзгерте жаңа өрістегі белгілерді қалыптастыруға ұмтылады[4].
|