Сабақ тақырыбы: Спорт туралы Жалпы мақсаты



Дата26.08.2017
өлшемі43,63 Kb.
#28663
түріСабақ
Қазақ тілі. 9-сынып. Қысқа мерзімді сабақ жоспары.

Модуль: Ұлттық құрама командалары.

Сабақ тақырыбы:

Спорт туралы

Жалпы мақсаты:

1. Білімділік: Оқушылардың ойлау қабілетін, тапқырлығын, жылдамдығын, таным белсенділігін арттыру. 2. Дамытушылық: Оқушылардың ойлау және тілдік қабілеттерін, қарым- қатынастық біліктілігін дамыту, грамматикалық тапсырмаларды дұрыс орындау, негізгі ойды бөліп алу, өз пікірін қорғай алу, ой қорытындысын жасату.

3. Тәрбиелік: Оқушыларға өз елін қастерлеуге, халық дәстүрін , Отанын сүюге , спортпен әуестенуге тәрбиелеу.



Әдіс- тәсілдер:

Блум таксономиясы бойынша сыни тұрғыдан ойлауға үйрету әдіс- тәсілдері

Күтілетін нәтиже

Спорт туралы хабардар болу; Қазақстан спорт шеберлері туралы түсінік алу;

Тапсырманы орындағанда бастапқы біліміне сүйеніп, алға қарай да өмірде пайдалану;

Өз бетімен білім алуға мүмкіндік туғызу;

Сыни тұрғыдан ойлануға мүмкіндік туғызу.



Негізгі идеялар

Қазақстан спорт шеберлеріне еліктеу, олардан үлгі алу;

Дереккөздер

Интернет деректері, бейнефильм , сайттар, ресурстар

Сабақ кезеңдері

Мұғалімнің іс- әрекеті

Оқушының іс- әрекеті

І Ұйымдастыру

2 минут


Ынтымақтастық атмосферасын орнату үшін шеңберге тұрып, «Не құнды?» тренингін өткіземін

Оқушылар арасында ынтымақтастық атмосферасы орнайды. Не құнды ? екенін сыни ойлана отырып жауап береді (Мыс: отбасы құнды, білім құнды, уақыт құнды, салт- дәстүріміз құнды, денсаулық құнды)

Топқа бөлу. 1 минут


Сыныпты 3 топқа бөлу,

Сынып оқушылары спорттың түрлеріне қарай 3 топқа бөлінеді.

3 минут

Үй тапсырмасын сұрау. Өткен модуль бойынша өткінші сұрақатар. «Ыстық орындық» әдісі арқылы.


Ыстық орындыққа отырған оқушы соңғы модуль бойынша не есте қалды соны айтады, келесі оқушы оны толықтырады.

І. Білу,тану

6 минут

1. Кіріспе. Оқушыларға жаңа модуль туралы түсінік беру. Алда қалай жұмыс істейміз сол туралы қысқаша айту, бағыттау. Слайдтар көрсетіледі. Спорттың түрлеріне байланысты. Спорт түрлерін атап шығады. Қайсысы көбірек ұнайды? Неге ?

ІІ. Түсіну

(топтық тапсырма)



10 минут

Оқушыларға Қазақстанда спорттың ең дамыған түрлері туралы кластер жасауды ұсынамын.

Топта келісіліп орындалады. Жетекші сұрақтар беріледі, соған байланысты жауаптар іздестіреді. Интернет арқылы.

ІІІ. Қолдану


«Ашық микрофон» Мұғалім сұрақтар қояды, диалог орнату мақсатында берілген сұрақтарға жауап береді.


Оқушылар төмендегі сұрақтарға жауап береді: 1-топқа

1.Адамдар спортпен неліктен шұғылданады? 2. Спорттың қандай түрлеріне арнайы қандай дайындық керек ? 3.Сендердің ойларыңша , қазіргі жастарға спорттың қай түрі көбірек ұнайды?



2-топқа

1. Біздің елдегі ерекше танымал спорт түрлері қандай ?

2. Халықаралық спорт жарыстарында жүлделі орынға ие болған отандық спортшыларды білесің бе ?

3. Олар спорттың қай түрінен жарысқа түсті ?



3-топқа.

1. Қазақ халқының ұлттық спорт түрлері жайлы не білесіңдер?

2.Олардың қай түрлері күні бүгінге дейін сақталып. Жалғасуын табуда?

3. «Спорт – денсаулық кепілі» деген пікірге қосыласың ба ?



Сергіту сәті


Бейнефильм көру. «Қазақстан спортшылары»

Әр оқушы өзіне ұнайтын спорт түрін бейнефильмнен көреді.

ІҮ.Талдау


Оқулықпен жұмыс. Берілген әр тапсырманы оқушылар топта орындайды.


1-тапсырма. Төмендегі синоним сөздерді мағынасына қарай сәйкестендіру.

2-тапсырма.Үлгідегідей сұхбат қрастыру.



Ү.Жинақтау

Топтық жұмыс

  1. Суреттердің атауын сәйкестендіру/слайдта жазылып тұрады/.

  2. Спорт туралы мақал- мәтелдер айту, немесе өлең оқу.

ҮІ.Бағалау

Бүгінгі тақырып бойынша не ұқтық?

«Бір айналым сөйлем» әдісі бойынша жаңа сабақты қорытындылау.



Тақырып төңірегінде әр оқушы бір сөйлемнен айтып шығады.

Қорытынды баға

Критерий бойынша әр оқушы гүл бейнесіндегі өзін- өзі бағалау бетшесіне баға қойып, орташа бағаларын айту керек.

Күнделіктеріне бағасын қойдырады

Рефлексия

Сабақтан алған әсері

Сабақтан алған әсерін айтады. Көңіл күй смайликтеріне стикерлерді орналастырады

Үй тапсырмасын беру.

Спорттың қандай түрін ұнатасын мәліметтер жинастырып келу.

Каталог: uploads -> doc -> 0a38
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
0a38 -> Мұғалім туралы мәлімет
0a38 -> Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданы Ақсай қаласының
0a38 -> Сабақтың тақырыбы: §15. Иран. Сабақтың мақсаты
0a38 -> Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ. Әдісі: Түсіндіру, баяндау, сұрақ-жауап,талдау. Көрнекілігі: кесте, кеспе қағазджар,кітап
0a38 -> Сабақтың тақырыбы: Бердібек Соқпақбаев "Менің атым Қожа"
0a38 -> Сабақтың тақырыбы: «Тұлпар ақындар»


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет